Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 2

1. Мемлекет және құқык теориясының әдістері

2. Адам мен азаматтың саяси құқықтары

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде Президенттің қызметін анықтаныз

1)Мемлекет және құқық теориясының әдістері. Ғылым әдісі–бұл пәнді түсінуге мүмкіндік беретін тәсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет және құқық теориясы өз пәнін зерттеу үшін көптеген әдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:

1. Жалпы әдістер–ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:

а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мәңгілік және өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;

ә) диалектика. Өз ішінде материалистік және идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағ әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сәйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік және субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал  субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.

2. Жалпы ғылыми әдістер–жалпы әдістер сияқты бүкіл  ғылыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезеңдерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:

а) талдау–күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;

ә) синтез–құбылысты оның құрамдас бөліктерін  шартты түрде біріктіре отырып зерттеу;

б) жүйелік әдіс–объектінің тұтастығын ашуға, ондағы әртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;

в) функционалды әдіс–бір әлеуметтік құбылыстардың екіншілеріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.

3. Жеке ғылыми әдістер–мемлекет және құқық теориясының техникалық, жаратылыстаны және гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нәтижесінде пайда болатын әдістер. Оларға мыналар жатады:

а) нақты-әлеуметтанушылық әдіс–сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың және т.б. тәсілдердің көмегімен мемлекеттік-құқықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы туралы мәліметтер алуға мүмкіндік береді;

ә) статистикалық әдіс–нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;

б) кибернетикалық әдіс–кибернетиканың түсініктері, заңдары және техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.

4. Жеке құқықтық әдістер–тек заң ғылымдарына ғана тән болып келеді, оларға мыналар жатады:

а) формалды-заңды әдіс–заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге және т.б. мүмкіндік береді;

ә) салыстырмалы-құқықтық әдіс–әртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы және арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді.

2) Адам құқықтары мен бостандықтары (АҚБ) - жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс- әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері АҚБ-на жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын "табиғи" және "шартты" деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда АҚБ жасаған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Өндірістік қарым-қатынастардың қарқынды даму сатысында өмір сүрген ли¬берализм өкілдері - Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. ойшылдар АҚБ-на баса назар аударды. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, би¬ліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай АҚБ азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж., 10 желтоқсан) баяндалған. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша: "1. Қазақстан Республикасында Конституңияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі; 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олар дан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады" (12-бап).

Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті.

ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді.

1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды.

Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты теханизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады. Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады. Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады.

Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын бекітті.

3) 1995 ж. 30 тамызда өткен бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция[14] Президент мәртебесіне көп өзгертулер енгізді.

Конституцияда Қазақстан Республикасының президенттік басқ- ару нысанындағы біртүтас мемлекет болып табылатындығы айқындалды. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық болып та- былады. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентіне, сондай-ақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде парламенттің құқығы бар. Республика Үкіметі мен өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді. 40-бабының 3 "Президент" бөлімі ҚР Президентінің мәртебесі белгіленді, ол бойынша ҚР Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан- ның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды түлға. Республика Президенті — халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостан- дықтарының рәмізі әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

41-бабында Президент өкілеттігінің мерзімі анықталды —5 жыл, сондай-ақ Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, отыз бес жасқа толған және алпыс бес жастан аспаған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алатындығы көрсетілді. Жаңа Констнтуцияда республика Президенті болып бір адамның қатарынан екі реттен артық сайлана алмайтындығы сақталды. ҚР Президентінің жаңа мәртебесіне сәйкес: Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жоддау арнайды; Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; Парламент Сенаты ұсынған заңға қол қояды, хадыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; Парламенттің келісімімен республика Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің үсынуымен Республика Үкіметінің қүрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет қүрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын қүрады, таратады және қайта қүрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды, ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобаларын Парламентмәжілісіне енгізуді тапсырады; Үкіметтің және облыстар, республикалық астанасы әкімдері актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата түрады; Парламент келісімімен ҚР Ұлттық банк төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен алады; Парламент Сенатының келісімімен республика Бас Прокуроры мен ҮҚК төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен алады; республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады; Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды; республиканың мемлекеттік бағдарламаларын бекітеді; республика Премьер-Министрінің үсынуымен Республикамемлекеттік бюджеті есебінен үсталатын барлық органдардың қызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді; республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды; келіссөздер жүргізеді және ҚР халықаралық шарттарына қол қояды, бекіту грамоталарына қол қояды; Республика жасасқан шарттар мен ол қабылдаған міндеттемелердің сақталуын қамтамасыз етеді; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың мемлекеттік марапаттарымен марапаттайды, қүрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді; ҚР азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді; азаматтарға кешірім беруді жүзеге асырады; Республиканың демократиялық институттарьша, оның тәуелсіздігі мен аумақтық түтастығына, саяси түрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттік конституциялық органдарының қалыпты жүмыс істеуі бұзылған жағдайда Премьер-Министрімен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялар алысқаннан кейін бүл туралы Республикапарламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күпггерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген жағдайда Республиканың бүкіл аумағында немесе оньщ жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бүл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; өзіне бағынысты Республика Президентінің Күзет қызметін және Республикалық Үланды жасақтайды; ҚР Мемлекеттік хатшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейді; Республика Президентінің Әкімшілігін қүрады; Қауіпсіздік Кеңесін, Жоғары Сот Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды қүрады; Республиканың Конституциясы мен зандарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]