Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 18

1.Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері

2.Аглосаксондық құқықтық жүйе

3.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде адамның және азаматтың міндеттерін анықтаңыз

1) Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі

Конституциялық-құқықтық мәртебе—Конституциямен өзге де конституциялық-құқықтық нормаларда бекітілген, мемлекет таныған және кепілдікке алған, адам және азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары, зандық мүдделері мен міндеттерінің жиынтығы. Конституциялық мәртебе құрылымына мынадай бөліктер кіреді:

негізгі құқық, бостандықтар, заңды мүдделер мен міндеттер;

азаматтық;

құкық мәртебесінің кепілдіктері.

Мәртебе (статус) деген сөз латын тілінен аударғанда ахуал, жағдай деген мағынаны білдіреді.

Құқықтық мәртебенін түрлері

Құқықтық мәртебенін түрлері: а) азаматтардың жалпы немесе конституциялық мәртебесі; ә) азаматтардын кейбір санаттарына арнайы және туғанынан берілетін мәртебесі; б) жеке адам мәртебесі; в) жеке және заңды тұлғалардың мәртебесі; г) шетелдіктердің, азаматтығы жоктардың, босқындардың мәртебесі; ғ) шет елдерде жүрген Қазақстан азаматтарының мәртебесі; д) салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқыктық және т.б. е) кәсіби және лауазымдық мәртебе (депутат, министрсудьяпрокурор мәртебесі); ж) әр түрлі шүғыл жағдайларда және еліміздің арнайы аймактарында жұмыс істейтін тұлғалардың мәртебесі.

Қазақстан  Республикасы Президентінің  жыл сайынғы Қазақстан  халқына   жолдаған  жолдауларында    адам  құқығын  сақтау, Қазақстанды  одан  әрі  жаңарту  мен  демократияландыру  күн  тәртібіндегі  мәселе  екендігі айтылған.  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіз, егеменді  мемлекет, өзін  әлеуметтік, құқықтық мемлекет  ретінде орнықтырып, қоғамның  бүгінгі  таңдағы  әлеуметтік, саяси, экономикалық  өзгерістеріне, яғни нарықтық  экономикаға  көшу, көп партия  құру, қоғамда  демократиялық  және  құқықтық  институттарды  дамыту  мәселелеріне  көп көңіл  бөледі. Өткізілген  реформалардың  сәтті  шығуы  ең алдымен  жалпы  адамзаттық  құндылықтарға негізделетін  құқықтық  сана  деңгейіне  әсер  етеді, одан  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтары да  шет  қалмайды.

 Мемлекетте  демократияның  басты  негізі  жеке  тұлғаның  құқықтық жағдайы  болып  табылады. Барлық  қазіргі  заманға  сай  конституциялар, оның ішінде  Қазақстан Республикасының  Конституциясы да бұл мәселеге  ерекше  назар  аударады. Көпшілігінде  адам  мен азамат құқықтары  мен  бостандықтары  алғашқы  бөлімдерде  келтірілген, бұл мемлекеттің жеке  тұлғаның  құқықтық жағдайына  қаншалықты  қарым-қатынаста болатындығын  көрсетеді. Көпшілік  мемлекеттер  Конституциясымен қатар оның құрамдас  бөлігі ретінде негізгі  құқықтар мен бостандықтарды  жеке құжаттарда көрсету орын  алады. Бұған, атап  айтқанда 1789 жылғы  француздың  Адам  мен  азамат құқығы  Декларациясын, 1982 жылғы канадалық  Құқық пен бостандық  хартиясын, 1992 жылғы  Негізгі құқықтар мен бостандықтар  Хартиясын  жатқызуға  болады. Бұл қадам  басқа да конституциялық жағдайлардан  жеке  тұлғаның  құқықтары  мен  бостандықтарын  бөліп алып  қарастыруға мүмкіндік  береді.

Қазақстандық  заңдық  ғылымдарда  конституциялық  әділет  органдарының  қызметі, олардың  жеке  аспектілері, сонымен  бірге  адам  құқықтарын  қорғаудың  жағдайлары  зерттеушілердің  назарын тек  кейінгі  уақытта  ғана  өзіне  бұрды.

1995 жылы  30 тамызда  республикалық  референдумда  қабылданған  Конституция  жеке  тұлғаның  құқықтық  мәртебесін  реттеуде  ірі  қадамдардың  бірі  болды. Ол  тек  адам  құқықтары  облысында  халықаралық  құжаттардың  ойларын  ғана  емес, сонымен  қатар  елдегі  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  жағдайлардың  конституциялық  дамуының  бұрынғы  тәжірибесін  де  есепке  алды. Конституциялық  құқықтар  мен  бостандықтарды  қазіргі  уақытта  қорғау  жүйесі  көп  деңгейлі  сипатта  көрінеді. 

        Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  ең  жоғары  құндылық  ретінде  адам, оның  өмірі, құқықтары  мен  бостандықтары  деп  бекітті[1]. Бұл  қағида демократиялық  мемлекеттің  қызметі  мен  оның  халықаралық- құқықтық    міндеті.     Конституцияда  бекітілген  жеке  тұлғаның  құқығы  оны  жүзеге асыру мен  қорғаудың  тиімді  механизмін  құруды  болжайды. Адам  құқығы, оны  сақтау  мен  кепілдік беру  бүгінгі  таңдағы  маңызды  мәселелердің  бірі. Адам  құқықтарын  сақтаудың  шындық  жағдайы- демократияның  маңызды  көрсеткіші, оның  кемеліне  келуі  мен  руханилығының  белгісі. Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010 жылғы  “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық  Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты  халыққа  жолдаған  жолдауында  Стратегиялық  жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі  айтылған[2].

Жалпы, адам  құқығын  қорғап, бостандығын  ардақтау  азаматтардың  лайықты өмір  сүріп, бай-рақатты  тұрмыс  кешуіне  ахуал  қалыптастыру- әлемдік  қауымдастыққа  көшін  ұластырған  Қазақстанның  алдына  қойған  асыл  мұраты.

2) Англо-саксондық құқық жүйесі . бұл жүйе роман-герман жүйесі сияқты жария және жеке құқық немесе азаматтық пен сауда құқығыдеп бөлінбейді, онда тек «жалпы құқық »және «әділдік құқығы »деген жүйе бар. Жалпы құқық король сотымен құрылып, бүкіл Англияға қолданатын құқық болып табылады. «Әділдік құқығы » канцлер сотымен құрылатын жалпы құқық нормаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін нормалардың жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын құқығының жиынтығы. Мұндай бөлініс бүгінде ағылшын құқығының негізіне айналған. Сондықтан да ағылшындар заңгерлерді «жалпы құқықтың» зеңгерлері және «әділдік құқығының » заңгерлері деп бөліп қарайды.

Англосаксондық модель көбіне біратаулы құқықтық жүйесі бар мемлекеттерде таралған. Мүндағы негізгі принцип «берілген өкілеттілік негізінде өз бетінше шешім қабылдау». Мысалы Ұлыбританияда өкілеттілік мемлекет парламентімен беріледі, яғни «орталықтан», ал АҚШ та штаттардан, яғни аумақ деңгейінде. Жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланған органдары заң, тәртіп, қалыптасқан тәжірибе, сот прецендентері шегінде өз бетінше қызмет етеді және мемлекет компетенциясына жатпайтын мэселелерді өз жауапкершілігі шегінде шешіп отырады. Мемлекеттік реттеу жанама түрде жүргізілуі мүмкін, мысалы жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз территориясына өзгерістермен   енгізетін үлгілік заң қабылдау арқылы. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтерінің үстінен жүргізілетін мемлекеттік бақылау сот түріндегі бақылаумен жүргізіледі. Әсер ету қүралы — мемлекеттік дотациялар.

3) 1. Республика Конституциясының кiрiспесiнде: "Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, ... мемлекеттiк құра отырып, ... өзiмiздiң егемендiк құқымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз", - делiнген. Конституцияның 3-бабының 1-тармағы "мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық" деген принциптi баянды етедi. Бұл аталған конституциялық ережелерден келiп шығатыны, Қазақстан халқы - Қазақстан Республикасы мемлекеттiң, оның егемендiгiнiң, тәуелсiздiгiнiң және конституциялық құрылысының негiзi болып табылады. Соған байланысты, Конституцияның азаматтық мәселелерiн реттейтiн (10-бап), яғни азаматтың Қазақстан мемлекетiне қатыстылығы, iргелi конституциялық-құқықтық институттардың бiрiн құрайды.

Қазақстан Республикасының халқы, өзiнiң егемендiк құқығын негiзге ала отырып, азаматтық институтының конституциялық-құқықтық толықтығын белгiледi.

Республика Конституциясының ережелерiн талдаудан келiп шығатыны, азаматтық-тұлғаның Қазақстан мемлекетiмен конституциялық-құқықтық байланысын бiлдiредi, ол ұзаққа созылатын және орнықты байланыстармен, олардың өзара құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы болуымен сипатталады (1-3-баптардың, II-бөлiмнiң нормалары және басқалар).

Конституцияның 10-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасы азаматтығының бiрыңғайлығы және теңдiгi принциптерiн орнықтырады. Азаматтықтың бiрыңғайлығы туралы конституциялық принципiн мемлекеттiң бiртұтастығынан келiп шығады және Республика азаматтарының, бiрыңғай конституциялық құқық субъектiлiкке негiзделген, бiрыңғай құқықтық мәртебеге ие екендiгiн бiлдiредi (Конституцияның 2-бабының 1-тармағы, 12-бабының 3-тармағы, 13-бабының 1-тармағы). Азаматтықтың теңдiгi принципi дегенде, Республика азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз, құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiнiң теңдiгiн түсiнген жөн. Конституцияның 10-бабының 1-тармағында азаматтықтың конституциялық-құқықтық заңдылығы көзделедi - ол заңды негiздерде алынған жағдайда ғана танылады.

Азаматтық туралы нормалар Республика Конституциясының "Адам және азамат" деп аталатын II-бөлiмiне енгiзiлiп, осы аталған бөлiм құрылымдық жағынан басталатын 10-топқа бiрiктiрiлген. Маңыздысы сол, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық-құқықтық реттеу азаматтық туралы нормалармен алдын алынады, өйткенi сол арқылы тұлғаның конституциялық құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiнiң нақты бағытталымы мен мазмұны бекiтiледi.

Азаматтық институты Республика егемендiгiнiң, тәуелсiздiгi мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгiсi болып табылады, өйткенi мемлекеттiң азаматтарынан тұратын Қазақстан халқы ғана "мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы" болып табылады және "билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi" (Конституцияның 3-бабының 1 және 2-тармақтары). Конституция "Қазақстан Республикасының азаматы", "әрбiр", "бәрi", "шетелдiктер" және "азаматтығы жоқ адамдар" деген ұғымдарды пайдалана отырып, адамның құқықтық мәртебесiн саралайды. Бұл орайда, Конституцияның мәтiнiнде "әрбiрi" және "бәрi" туралы айтылған кезде, Республика азаматы да, Республика азаматтығына ие емес адамдар да назарда ұсталынады; "Қазақстан Республикасының азаматтары" дегенде - Қазақстан мемлекетiмен азаматтық байланысы бар адамдар ғана назарда ұсталады деп түсiнген жөн. Сол арқылы Конституция бұл субъектiлер үшiн олар пайдалана алатын құқықтар мен бостандықтардың әр түрдi көлемiн, және оларға жүктелетiн мiндеттердiң әр түрлi көлемiн белгiлейдi.

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесi, олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгiленген құқықтардың, бостандықтар мен мiндеттердiң барлық кешенiне ие болуын көздейдi. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн өзге, шектеулi конституциялық-құқықтық мәртебе көзделген: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бұл адамдар азаматтарға қолданылатын құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады (Конституцияның 12-бабының 3-және 4-тармақтары, 14-баптың 1-тармағы). Мәселен, Конституция Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар Республика Президентi, Республика Парламентi және мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттiк қызмет және судьялар лауазымдарына үмiткер болмауға тиiс, мемлекеттi басқаруға қатыса алмайды, белсендi және бәсең сайлау құқығына ие бола алмайды және республикалық референдумға қатыса алмайды деп бiржақты белгiлейдi, өйткенi бұл аталған құқықтар мен бостандықтар тек Республика азаматтарына ғана таралады (41-баптың, 2-тармағының, 51-баптың 4-тармағының, 79-баптың 3-тармағының, 86-баптың 3-тармағының және 33-баптың нормалары). Бұл сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 3 және 5-тармақтарының ресми түсiндiру туралы" 2001 жылғы 17 мамырдағы N 7/2 қаулысында келтiрiлген ұйымдармен де расталады, ол қаулыда "Парламент депутаты Қазақстан азаматтығын жоғалтуымен немесе одан шығуымен, бұл адам, Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана берiлетiн, Конституцияның 33-бабымен көзделген мемлекет iсiн басқаруға қатысуға, оның органдарын сайлауға және оларға сайлануға саяси құқықтарын жоғалтады", - делiнген.

Мұндай шектеулер сондай-ақ өзге мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан бiр мемлекет азаматтарының құқықтық мәртебесi туралы халықаралық шарттарда өзiнiң тиiстi регламенттелуiн тапты (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы 1998 жылғы 28 сәуiрдегi; Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы).

Республиканың қолданылып жүрген құқығында адамның конституциялық-құқықтық мәртебесiн бұлай бөлу басты принциптердiң бiрi болып табылады. Конституцияның 10-бабының нормаларында көзделген азаматтық институтын басқаша түсiну Қазақстанның Негiзгi Заңының және соған негiзделген қолданылып жүрген құқығының Республика азаматтарының мәртебесi туралы ережелерiнiң мазмұнын iс жүзiнде жұтаңдатуға, ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiруге және егемендiктен айрылу ықтималдығына, сондай-ақ - Республика Конституциясының 14-бабының 1-тармағымен белгiленген теңдiк принципiнiң бұзылуына әкеп соқтырған болар едi.

2. Қазақстанның мемлекеттiлiгi үшiн азаматтық институтының айқындаушы сипатын және азаматтардың құқықтық жағдайын негiзге ала отырып, Республика Конституциясының 10-бабының 3-тармағы "Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды" деген норма-принциптi белгiлейдi.

Бұл ереженiң конституциялық-құқықтық мағынасы Республикада көпазаматтылық, оның iшiнде қосазаматтылық қабыл алынбайтынын көздейдi. Конституцияда белгiленген Республика егемендiгiнiң, тәуелсiздiгiнiң және конституциялық құрылысының негiздерiнде жататын жалпы ережелер, принциптер мен нормалар (1-5, 10-12, 34, 36, 39 және өзге баптары) бiрiншi кезекте Конституциямен, ал содан кейiн ғана - соған негiзделетiн заңдық күшi кемдеу нормативтiк құқықтық актiлермен қамтамасыз етiлiп, қорғалады. Негiзгi Заңда белгiленген Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығына болуы танылмайтындығы туралы норма-принципте мынадай ереже бар: егер Республика азаматы басқа мемлекеттiң азаматтығын алатын болса, онда бұл адамның ерiктi ықтияр бiлдiруiн тиiсiнше ресiмдеген уақыттан бастап Қазақстан азаматтығы сақталмайды; басқа мемлекет азаматының Қазақстан азаматтығын алу фактiсi осы фактiнiң өзi жүзеге асырылған сәттен бастап заңдық жағынан қуақарсыз (түкке тұрғысыз) болып табылады. Бұл ретте Конституцияның 10-бабы 3-тармағы нормасының өктемдiк күшiне орай Республика азаматтығын тоқтату, азаматтықтан айрылу жағдайлары үшiн көзделгендей етiп (қазiргi уақытта қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның 21, 30 және 31-баптары), жеңiлдетiлген (тiркеу) тәртiппен жүзеге асырылуға тиiс.

Республика Конституциясы, адамның өзге мемлекеттiң азаматтығының айрылу мәселелерiнiң халықаралық сипатына орай оларды реттеуге мүмкiншiлiгi болмағандықтан (4 және 8-баптар), 10-баптың 3-тармағында берiлген өзiнiң мемлекеттiлiгiн қорғаудың жеткiлiктi механизмiн көздеген.

Бұл аталған конституциялық принцип Конституцияның талданып отырған нормаларына негiзделген және соларға қайшы келмейтiн "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Заңда және Республика қатысатын халықаралық құжаттарда өзiнiң одан әрi дамуын тапқан. Мәселен, Заңның 3 және 21-баптардың шет мемлекеттiң азаматтығында тұрмайтын адамдар Республика азаматтары болып табылады деп көзделедi, сондай-ақ, егер ол көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесiнде алынса, Республика азаматтығынан айрылу негiздерi белгiленедi.

Халықаралық шарттардың нормаларында көпазаматтылық жағдайларының алдын алатын осыған ұқсас механизмдер бар. Мәселен, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы азаматтық алудың жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1999 жылғы 26 ақпандағы Келiсiмнiң Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн келетiн Ресей Федерациясы азаматтарының, және Ресей Федерациясына тұрақты тұру үшiн келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық алуының жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келiсiмнiң Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы арасындағы Беларусь Республикасына тұрақты тұру үшiн келетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының, және Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн келетiн Беларусь Республикасы азаматтарының азаматтық алуының жеңiлдетiлген тәртiбi туралы 1996 жылғы 17 қаңтардағы Келiсiмнiң Қазақстан Республикасы және Украина арасындағы, Украинада тұрақты түрде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, және Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын Украина азаматтарының азаматтық алуының және азаматтықты тоқтатуының жеңiлдетiлген тәртiбi, және бейазаматтылық пен қосазаматтылық жағдайларының алдын алу туралы 2000 жылғы 19 мамырдағы Келiсiмнiң ережелерi бiр мемлекеттiң азаматтығын алу мәселелерi сонымен бiр уақытта басқа мемлекеттiң азаматтығын тоқтатумен (айрылумен) шешiлетiндiгiн назарда ұстайды.

Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Республика Конституциясының 10-бабы 3-тармағының талаптарына орай, шетел азаматы болып табылатын адам сонымен бiр уақытта Қазақстан азаматы бола алмайды деп есептейдi. Соған байланысты, Республика азаматтары үшiн Конституциямен көзделген құқықтар мен бостандықтар оған тарамайды. Конституцияның 12-бабының 4-тармағына сәйкес "Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады".

Осы қаулыда талданған Республика Конституциясының нормалары тiкелей қолданылатын болғандықтан, басқа мемлекеттердiң азаматтары болып табылатын және сонымен бiр уақытта Республиканың ұлттық паспорттары бар адамдарға Республика Президентi, Парламентi және мәслихаттарының депутаттары, мемлекеттiк қызметтегi және судьялары лауазымдарына жол бермейдi. Ондай адамдар Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық шарттарында көзделген жағдайларына пайдалана алмайтын басқа құқықтар мен бостандықтарды да жүзеге асырмауға тиiс.

Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 31-33, 37 және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi өтiнiште қойылған мәселеге қатысты қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабы 3-тармағының - "Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды" - деген нормасын, Қазақстан Республикасында көпазаматтылық, оның iшiнде қосазаматтылық қабыл алынбайды деп түсiнген жөн. Бұл, шетел азаматы сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтындығын бiлдiредi.

"Республика азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды" деген конституциялық принцип, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабы 3-тармағының мағынасынан туындайтын мынадай механизммен қамтамасыз етiледi:

егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттiң азаматтығын алатын болса, онда осы сәттен бастап оның Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды;

егер шетелдiк өзге мемлекеттiң азаматтығын тоқтатпай отырып сонымен бiр уақытта Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын болса, онда ол жарамсыз деп есептеледi.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 3-тармағының - "Республиканың азаматы өзiнiң азаматтығына орай құқықтарға ие болып, мiндеттер атқарады" - деген нормаларын, Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық-құқықтық мәртебесi бұл азамат үшiн Қазақстан Республикасы Конституциясымен, заңдармен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген құқықтардың, бостандықтар мен мiндеттердiң толық көлемiне теңдiк негiзiнде ие болуды назарда ұстайды деп түсiнген жөн.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабы 4-тармағының - "Конституцияда, заңдарда, халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн бегiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады" - деген нормалары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн өзге, шектеулi конституциялық-құқықтық мәртебе көзделгенiн бiлдiредi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабында, 41-бабының 2-тармағында, 51-бабының 4-тармағында, 79-бабының 3-тармағында, 86-бабының 3-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар шетелдiктерге қолданылмайды. Шетел азаматтары Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына орай, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда пайдалана алмайтын басқа құқықтар мен бостандықтарды да жүзеге асырмауға тиiс.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағында көзделген реттi ескере отырып, түпкiлiктi болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]