Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 16

1. Нормативтік құқықтық актілер

2. Мемлекеттің психологиялық теориясы

3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде Парламенттің құқықтық мәртебесін анықтаныз

1) Нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау — Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады.

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі — Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.

нормативтік құқықтық актінің деңгейі — нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.

Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау — нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.

Нормативтік заң актілері– бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.

Нормативтік актілердің түсінігі және түрлері.Нормативтік заңды актілер– бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар.нормативтік актілерді нормашығарушылық құзіретке ие органдар қатаң анықталған тәртіп бойынша қабылдайды. Заңды күшіне қарай барлық заң актілері екі топқа бөлінеді: заңдар мен заң актілері.

Заң–бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тәртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие және маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

Заңға сәйкес актілер–бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде және оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:

1) Президенттің құзіреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;

2) Парламенттің құзіреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;

3) мемлекеттік аумақтық және жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен әкімшілік органдар) актілері–мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды және осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;

4) ведомстволық актілер–белгілі бір органның құзіреті шегінде қабылданады және осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.

2) Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуын адам

психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен,

алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тəуелділікті

сезінумен, белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен жəне

т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қата-

рынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады. 3) ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.

Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.

Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.

ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады.

Мәжіліс депутатының саны 77. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты, территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді.

Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]