- •Билет № 1
- •Билет № 2
- •Билет № 3
- •Билет № 4
- •Билет № 5
- •Билет № 6
- •Билет № 7
- •Билет № 8
- •Билет № 9
- •Билет № 10
- •Билет № 11
- •Билет № 12
- •1. Мемлекеттің аумақтық құрылымы
- •Билет № 13
- •1. Мемлекеттің саяси режимі
- •3)Импровизация Билет № 14
- •Билет № 15
- •Билет № 16
- •Билет № 17
- •Билет № 18
- •1) Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесі
- •Билет № 19
Билет № 15
1. Құқық қайнар көздері: түсінігі және түрлері
2. Мемлекеттің патриархалдық теориясы
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде Президенттің құқықтық мәртебесін анықтаныз
1) Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және түрлері. Позитивтік құқықтың өзіне тән белгісі болып оның формальды сипаты табылады. Оны құрайтын нормалар заңдарда немесе мемлекетпен танылатын басқа да қайнар көздерде көрініс тапқан жағдайда заңды, жалпыға міндетті болып танылуы мүмкін.
Құқықтың қайнар көздері–бұл құқық нормаларының бекітілу және көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру.
Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат тән, оларды мемлекет таниды; бұлар ондағы нормаларды мемлекеттің қолдаудын қамтамасыз етеді. Құқықтың қайнар көздеріне ресми сипат екі жолмен беріледі:
1) құқықшығарсашылық жолы арқылы; бұл жағдайда нормативтік құжаттарды құзіретті мемлекеттік органдар қабылдайды, яғни, тікелей мемлекет шығарады.
2) санкциялау жолы арқылы; бұл жағдайда мемлекетік органдар белгілі бір түрде әлеуметтік нормаларды (әдет-ғұрып, корпоративтік нормалар) қолдап, оларға заңды күш береді.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативтік заң актілері– бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған және белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сәйкес актілер жатады.
2. Санкцияланған әдет нормалары–бұл адамдардың санасынан орын алған және көп рет қолданылуының нәтижесінде әдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мән беріп, оларды орындауды өзінің мәжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Әдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде әдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ә)оларды сот шешімдерінде және басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы.
3. Заңды прецедент– бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын және жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе әкімшілік шешім.
4. Нормативтік шарт–бұл екі немесе одан да көп субъектілердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған кеілісімі.
5. Құқықтың жалпы қағидалары–бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе әдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер әділеттілік, ар-ождан, құқықтың әлеуметтік бағыттылығ қағидаларына негізделуі мүмкін (Грецияның, Испанияның, Ауғаныстанның Азаматтық кодекстері).
6. Діни мәтіндер–бұлар, әсіресе, мұсылмандық құқыққа тән. Ең алдымен, бұл Құран мен Сүннет. Құран–бұл Алланың сөздері, өсиеттері және ақылдарының жиынтығы түріндегі қасиетті кітап; Сүннет–бұл Мұхаммед Пайғамбардың өмірін сипаттайтын жинақ.
2) Патриархалды теория – мемлекеттің пайда болуын отба-
сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы
мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория
патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің
қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, пат-риархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл
теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің
еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең-
бектерінен тапты. 3) Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.
2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
