Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

3)Импровизация Билет № 14

1. Құқық нормалары: түсінігі және элементтері

2. Мемлекеттің теологиялық (діни) теориясы

3.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негізінде Үкіметтің құқықтық мәртебесін анықтаныз

1)Құқықтың түсінігі және белгілері. Құқық–бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

Құқықтың белгілері:

еріктілік сипаты;

жалпыға міндеттілігі;

нормативтілігі;

мемлекетпен байланысы;

формальды анықталғандығы;

жүйелілігі.

Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.

Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:1) формальдық–кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі; 2) мазмұндық–осы реттеушінің кімнің мүдделеріне қызмет ететіндігі.

Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:

- таптық, бұның шегінде құқық  экономикалық үстемдік құрушы таптың заңда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;

- жалпыәлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.

Құқық нормаларының түсінігі және белгілері. Құқық нормасы–бұл мемлекет таныған және қамтамасыз ететін жалпыға міндетті, формальды анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Құқық нормасынан қоғамдық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттері туындайды және осы ереже аталған субъектілердің әрекеттерін реттеуге бағытталған.

Заң нормасы–құқықтың алғашқы буыны, оның жүйесінің элементі. Сол себепті, бұл нормаға ерекше әлеуметтік құбылыс ретіндегі құқықтың негізгі белгілерінің тән болуы заңды да. Алайд, бұл «құқықң  және «құқық нормасың түсініктерінің бір екенін білдірмейді. Олар бір-бірімен бүтін мен оның бөлігі ретінде байланысқа түседі.

Құқық нормасының белгілері:

1) жалпыға міндеттілігі–ол адамдардың мүмкін және міндетті әрекеттеріне қатысты мемлекеттің биліктік ережелерін білдіреді;

2) формальды анықталғандығы–ол жазбаша түрде ресми құжаттарда көрініс табады;

3) мемлекетпен байланысы–оны мемлекеттік органдар орнықтырады және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат– ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

 2) Теологиялық – биліктің құдайдан пайда болғандығы туралы пайымдайды

Фома Аквинский

Діни теория – мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда

болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік

құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни

мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды

көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық

нысандарын–абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне

əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның

көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.

3) ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.

Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.

ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз – бұл оның мынадай себептерге байланысты өз өкілеттілігін тоқтатуын білдіреді: Үкіметтің өз бастамасы бойынша, Президенттің бастамасы бойынша, бұл негізінен сенімсіздік вотумы жарияланып, Парламентпен келіспеушілікке алып келетін саяси дағдарыс ахуалы қалыптасқан жағдайда. ҚР-сы Конституциясында Үкіметтің мына негізгі өкілеттіктері аталады:       Елдің бюджетін қалыптастыру және ол депутаттар қабылдағаннан кейінгі оның іске асырылуын қамтамасыз ету істері және Парламентке бюджеттің орындалуы туралы нақты есеп беруі.

ҚР-да біртұтас қаржы, несие және ақша саясатын жүргізу. Мемлекет меншігін басқаруды іске асыру. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру. Мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік-салаларда біртұтас мемлекеттік саясаттың болуын және іске асуын қамтамасыз ету. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының қамтамасыз етілуін іске асыру шаралары. Қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау және қылмысқа қарсы күресу. Үкіметтің аталмыш өкілеттіліктері Ел конституциясының 66 бабында толық әрі нақты көрсетілген. Сонымен бірге Үкімет құқықтық заңшығарушылық бастамаға иежәне ол Мәжіліске заңдар жобасын ұсына алады әрі заңдардың орындалуын іске асыра алады.

Өз өкілеттілігі шегінде Үкімет кадрлар мәселесін және лауазымды тұлғаларды тағайындау мәселелерін шеше алады. Өз өкілеттілігі деңгейіне орай Үкімет сондай-ақ, нормативтік актілер шығара алады. Ал Премьер-Министр өз кезегінде өкім шығара алады. Үкіметтің коллегиялық жұмыс түрі ретінде айына бір реттен өткізіліп отыратын отырысын айтамыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]