Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 13

1. Мемлекеттің саяси режимі

2. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

3.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы қабылданған Конституциясы адамдардың ұлты мен нәсіліне қарамастан оларды тең құқылы және бостандықтары бірдей деп жарияланған. Бұл қағиданың мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.

1)Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы бай- ланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны — өте маңызды мәсе- ле. Бұл жағдайда біз қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көре аламыз. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың ара- сындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі "саяси режим" ұғымымен белгіленеді. Саяси режим саяси жүйенің де, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның да мәнді сипаттамасы. Ерте кезден, яғни қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адам мен қоғамды, яғни жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдделерін калай біріктіруге болады де- ген әлеуметтік проблемалар "мәңгілік" сұрақтар болып кала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерде- ленген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің автори- тарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Бұл жағдайда, жеке немесе ортақ мүдденің қайсысы ба- сым; тұлға өзінің мүдделерін сезінуде және жүзеге асыруда қаншалықты еркін; осы мүдделерді жүзеге асыру мен олар- ды түйістіру үшін биліктік іс-әрекеттің қандай ұйымдасты- ру құрылымдары мен әдістері қолданылады деген мөселе- лер әрқашан күн тәртібінде түрды. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықгы және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметгік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да, сая- си режим — абстракгілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік- саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның кұндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді.

Саяси режим - мемлекетке билік жүргізудің арнайы тәсілдері. Негізінде екі түрге бөлінеді: демократиялық және демократиялық емес.

Демократиялық режим - барлық халықтардың тендік пен бостандыққа негізделінген идеясында мемлекеттің басқару ісіне қатысуы, биліктің халықтың болуы.

Демократиялық емес режим - халықтың билік жүргізу ісінен алшақтатылуы. Олардың түрлері сан алуан болады.

1. Тоталитарлық - (латын сезінен - totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мемлекет жеке адамның барлық істерін бақылауға алады. Тоталитарлық режимде:

1. Тек бір партия билік жүргізеді.

2. Басқару қатаң түрде бір орталықтан жүргізіледі.

3. Бір идеология ғана жарияланады.

4. Еркін пікір айтуға тыйым салынады.

5. Репрессия, күш қолдану мемлекеттің ең негізгі функциясы болып табылады.

Бұл режимнің қалыптасуы халықтың белсенділігімен болады. Әдебиетте тоталитаризмді «бұқаралық қозғалыстың диктатурасы» деп атайды. (Сталин, Мао Цзе Дун, Гитлер, Муссолини), әйгілі ғалым Ф.Хайектің пікірі бойынша «Тоталитаризмнің ұрығы әр формадағы коллективизмге және индивидтті, оның дара ұмтылыстарын қандай да болсын қоғамдыққа бағындыруда».

2. Авторитарлық (француз сөзі autoritaire - билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитаризмнің айырмашылығы авторитаризм халыққа бір идеологияны мойындатпайды, либералдық дамуға жол ашады, оппозицияға кедергі жасамайды, адамдардың жеке өміріне араласпайды. Бірақ, саяси билікке халық жаппай тартылмайды, шектеулі дәрежеде болады, бірақ бір ғана саяси лидердің, немесе арнайы топтардың, отбасының қолында болады.

3. Аристократиялық (грек сөзі - aristokratia) - қоғамдағы ақ сүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі, негізінде тарихта Греция, Афина, сияқты т.б. мемлекеттерде дамыды.

4. Фашистік - (италия сөзі - (fascismo) бірлестік, байлау) - бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Тарихта Италияда, Германияда қалыптасқан.

5. Либералдық - (латын сөзі - liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.

2) Құқықтық сана дегеніміз, - адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.  Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.  Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен  қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи  мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан. Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. 

Құққтық мәдениет - қолданылып жүрген құқық нормалары білімінің жоғары деңгейімен сипатталады. Оған субъектінің құқыққа құрметпен қарауы тән. Ол адамдардың мінез-құлқы олардың құқықтық сенімдеріне, сондай-ақ олардың басқа адамдар қылықтарының заңдылығына баға беруіне және құқықбұзушылықтың жасалуына бастамашылықпен кедергі жпасауына сәйкес келуін анықтайды. Құқық өз нормаларына сәйкес мінез-құлыққа оң көзқараста болады. Алайда егер жеке адам заңды бұзбаса, құқық нормаларын жазалаудан қорыққандықтан немесе өзінің комформизмі салдарынан, яғни жұрттың бәрі сияқты істеймін принципі бойынша бұзбайтын болса, бұл әлі де оның қажетті құқықтық мәдениеті бар екендігі білдірмейді. Сол сияқты жеке адамның немесе топтың кез-келген құқықтық белсенділігін құқықтық мәдениетке жатқызуға болмайды. Заңдарды білуге және оларды өздері қызмет етіп жүрген мақсаттарға зиян келетіндей етіп пайдалануға болады. Өмірде құқықтарды, сөз бостандығын қоғам мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, қиянат жасау да сирек кездеспейді. Керісінше, заңсыз әдістермен ізгі мақсаттарға жетуге тырысатын кездер де болады. Демек, әлеуметтік-құқықтық оң белсенділік қана жеке адамның немесе ұжымның  жеткілікті құқықтық мәдениетінің компоненті деп танылуы мүмкін.  Заңды мінез-құлықты оның мотивтері бойынша әлеуметтік-құқықтық оң белсенділікке(заңды мінез-құлықтың дұрыстығы мен пайдалылығына сенуге негізделген); конформистік мінез-құлыққа(ұғынбай тұрып және құқықтық белсенділік болмай, заң нұсқауларына бағыну) және маргиналдық мінез-құлыққа(құқық нормаларын жазалаудан қорқып сақтау) жіктеумен қатар, юриспруденцияда заңды мінез-құлықты оның қоғамдық маңыздылық дәрежесіне қарай да бөлу жүргізіледі. Осы өлшем бойынша заңды қажетті мінез-құлық(мысалы, қарулы күштерде қызмет ету); заңды қалағанындай мінез-құлық(ғылыми немесе көркем шығармашылық); заңды жол берілетін мінез-құлық(діни-ғұрыптарды атқару және т.б.) болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]