Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 12

1. Мемлекеттің аумақтық құрылымы

2. Құқықтың маркстік теориясы

3.Қазақстан Республикасы роман-германдық құқықтық жүйеге жатады деген қорытындыны дәлелдеңіз

1) Мемлекеттік құрылым -кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі. Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлықфедеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі. Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.

МЫСАЛЫ:

Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (ҚапшағайТалдықорғанТекелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көліарқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

2) 1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;

2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;

3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;

4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.

5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. Жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік формасына байланысты екенін көрсетті. Сөйтіп К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.

3) Романо-германдық құқықтық жүйе – көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерін біріктіреді. Бұл мемлекеттерге Франция, ГФР, Италия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының барлық мемлекеттері, Таяу Шығыс елдері жатады. Бұл құқықтық жүйенің ықпалы Жапония, Индонезия т.б. мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өз көрінісін тапты. Роман-германдық құқықтық жүйе рим құқығын рецепциялаудың нәтижесі болып табылады, яғни мұнда құқықтың негізінде рим құқығының жетістіктері алынған. Роман-германдық құқық жүйесінің негізгі сипаттарына мыналарды жатқызуға болады. 1. Роман-германдық жүйесі бар барлық елдерде жазбаша конституциялар бар, бұлардың нормаларында ең жоғары заң күші бар деп танылады. 2. Әдеттегі заңдардың үш түрі бар: кодекстер, арнайы заңдар, ағымдағы заңдар, және нормалар мәтіндерінің жинағы. 3. Құқық негіздерінің арасында заңға негізделген нормативтік актілердің (регламенттердің, әкімшілік бұйрық-жарлықтардың, министрлік декреттерінің және т.б.) рөлі едәуір.

Романо-германдық үлгіде әдетте сотта бір жүйе жоқ, ол – жартылай жүйе. Мамандырылған әртүрлі сот жүйесінде өздерінің жоғары органдары болады. Сондықтан олар толығымен алғанда ғана “жалпы соттарды” білдіреді. Мысалы, Германияда – бес жоғары федерация соты, Бразилияда да жоғары федералды соттар бірнеше. Бұл орайда сот қызметінің жүйесі кең дамыған заңнамамен айқындалады, сот преценденті жиі қолданылады; аппеляциямен қатар кассациялық және ревизиялық шағым беру тәртібі қолданылады, англосаксондық үлгіде ол жоқ; процесте судья белсенді, ол баға беріп қоймай, дәлелдемелерді өзі де жинайды; “халықтан шыққан судьялар”, “кәсіпқой емес судьялар” судьямен бірге жазаны белгілеуге қатысады. Роман-германдық құқықтық жүйеге кіретін елдердегі қызмет істейтін судья заңдық істі шешуде көбінесе тек істі бағалау процесін жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]