Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTGiP.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
225.6 Кб
Скачать

Билет № 11

1. Мемлекетті басқарудың нысаны

2. Адам мен азаматтың негізгі міндеттері

3. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің белгілерін атаңыз

1)Басқару нысаны–бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның  жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып табылады.

Монархия–бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша өмір бойы иеленеді.

Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген монархиялар, өз кезегінде, өкілдік (дуалистік) және парламантарлық болып екіге бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады, ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңда көзделген жекелеген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.

Республика–жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:1) парламенттік, бұл мемлекетте  саяси  өмірдегі шешуші рөл парламент сайлаған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұл мемлекетте сайланға ел басшысы үкіметтің де басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды қызметінен босатады; 3) аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып құрайды.         

2) Қазақстан Республикасының   Конституциясының 13 бабында  әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот  арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.

Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында  тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.

Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті.  Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.

3)  Егер де қоғамда маңызды экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, оның құқықтықжүйесі де өзгеріссіз қалмайды. Өйткені қоғамның экономикалық және саяси жүйесі құқықтыңқатысынсыз өмір сүруі  мүмкін емес.

Кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғамның дамуының заңдылықтарын, оның тарихи,ұлттық, мәдени ерекшеліктерін көсетеді. Әр бір мемлекеттің  басқа мемлекеттің құқықтық жүйелеріменұқсастықтары және өзіндік ерекшеліктері бар жеке құқықтық жүйесі болады.

Құқықтық жүйе дегеніміз – белгілі бір елдегі, қоғамдық қатынастарды реттейтін бір-бірімен тығызбайланысқан құқықтық құрылымдардың және сол елдің құқығының дамуының деңгейін сипаттайтынэлементтердің жиынтығы.

Құқықтық жүйе келесі элементтерден құрылады:

1.     позитивті құқық, яғни заңдарда немесе басқа да нормативтік актілерде   бекітілген мемлекетбелгілеген жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі;

2.     құқықтық идеология – қоғамдағы құқықтық көзқарастар, идеялар, түсініктер жиынтығы.

3.     құқықтық сана – жеке адамдардың және әлеуметтік бірлестіктердің мемлекетте әрекет еттетінжәне қоғам қалайтын құқыққа қатынасы;

4.     сот тәжірибесі.

Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесі Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясының 1; 4 статьяларының негізінде құрылады Бұл стаьяларда заң шығарудың, құқықтықтәжірибенің және үстемдік ететін құқықтық сананың демократиялық, гуманистік сипаты, яғниҚазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің  құрылымының ерекшеліктері көрсетіледі.

 Егемендік алғаннан кейін ҚР әр түрлі факторларды ескере отырып өзінің жаңа ұлттық құқықтықжүйесін құрайды

 Жалпы ҚР-ң құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін көрсете отырып, оның роман-германдыққұқықтық жүйеге жатқызуға болады.

  Ең алдымен, Республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт.

  Конституцияның 4-статьясында «ҚР-да қолданылатын құқық Конституциясының, оған сәйкескелетін заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттың жәнеөзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және ЖоғарғыСотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген.

 ҚР-ң құқықтық жүйесі құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлықережелерінің жиынтығы ретінде түсінуге негізделеді.

 Адамның табиғи құқығы мен бостандығын мойындау, конституция деңгейінде бекіту және ерекше мән беру – ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі болып табылады.

 Сот органдарының заң шығаруға құқығы жоқ. Олар тек заңды қолданады және құқықтықнормаларға түсінік береді.

 ҚР-ң құқықтық жүйесінің тағы бір ерекшелігі – Конституцияның жоғарлылығы. Бұл принципмелмекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, яғни, барлық мемлекеттік органдардың,қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды адамдардың жұмысы Конституцияға негзделуі керек.

 ҚР-ң негізгі заңы, барлық нормативтік құқықтық актілердің негізі.

 Республикада қабылданған заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігінКонституциялық Кеңес қабылдайды.

 ҚР-да құқықтың жеке салаларына жататын мемлекет заңдары бірыңғай жүйеге келтірілген.

 Қорытындылай келе, ҚР-ң ұлттық құқықтық жүйесінің роман-германдық құқықтық жүйеге сәйкес келетін көптеген белгілері бар. Олар:

1.     құқықтың негізгі қайнар көзі – нормативтік-құқықтық акт;

2.     заңдардың жүйеленуі;

3.     Конституцияның тікелей қолданылуы;

4.     құқықты қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде түсіну және тағы басқалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]