
- •-Cурет. Жартылай өткізгішті диодтың
- •1.2 Сурет. Стабилитронның схемалық кескінелуі
- •1.3 Сурет. Стабилитронның (а) және стабистордың (б)
- •1.4 Сурет. Стаби-литронның сызық-
- •1.6 Сурет. Біржартыпериодты түзеткіштің кірмесіндегі
- •1. 7 Сурет. Бірфазалы біржартыпериодты түзеткіштің схемасы.
- •1.8 Сурет. Екіжартыпериодты түзеткіштің кірмесіндегі (а) және шықпасындағы (б) кернеудің пішіні
- •1.9 Сурет. Бірфазалы көпірлі түзеткіштің схемасы.
- •2.1 Сурет. Динистордың құрылымы (а) және
- •2.2 Сурет. Динистордың екі құрамдас бөлігі (а)
- •2.5 Сурет. Катодты (а) және анодты (б) басқарылатын тиристордың шартты графикалық белгіленуі мен құрылымы
- •2. 6 Сурет. Тиристордың жалғану схемасы (а)
2.5 Сурет. Катодты (а) және анодты (б) басқарылатын тиристордың шартты графикалық белгіленуі мен құрылымы
Сондай-ақ жабылушы тиристорлар да кездеседі. Оның ерекшелігі басқарушы электродына сигнал берілгенде тиристор жабық күйге өтеді. Мұндай тиристорлардың қолданылуы шектеулі, себебі өшу кезіндегі басқару тогы негізгі жалғану тогына жуықтайды.
Тиристордың вольтамперлі сипаттамасы мен жалғану схемасы 2.6 суретте келтірілген. Оның динистордан айырмашылығы қосылу кернеуі басқарушы электрод тізбегіндегі токтың өзгеруімен реттеледі. Басқару тогы артқан сайын қосылу кернеуі төмендейді.
Сонымен, тиристорды басқарушы қосылулы керенулі динисторға балауға болады.
2. 6 Сурет. Тиристордың жалғану схемасы (а)
мен вольтамперлі сипаттамасы (б)
Басқарушы электрод қосылғаннан соң өзінің басқарушы қасиетін жоғалтады, сондықтан оның көмегімен тиристорды сөндіру мүмкін болмайды. Тиристорлардың жалғану схемалары динисторлардың жалғану схемаларына ұқсас болады.
Динистор мен тиристорлардың негізгі статикалық параметрлері:
рауалы кері кернеу Uкері,
берілген тура токтың мәніндегі құрылғының ашық күйіндегі
кернеу түсімі Uтура;
рауалы тура ток Iтура.
Динистор мен тиристорларды тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде электронды кілт ретінде қолданады.
Симистор - айнымалы ток тізбектерін жалғау үшін қолданатын симметриялы тиристор. Сондай-ақ ол реверсті түзеткіштерді немесе айнымалы ток реттегіштерін түзу үшін де қолданылады. Симметриялы тиристордың құрылымы 2.7а суретте, ал шартты белгісі 2.7б суретте келтірілген. Симистордың жартылайөткізгіштік құрылымы түрлі өткізгіштіктерге ие болған бес немесе одан да көп қабаттан тұратын тирсторға қарағанда күрделі құрылғы. Симистордың вольтамперлі сипаттамасы 2.8 суретте келтірілген.
Симистордың вольтамперлі сипаттамасында көрсетілгендей басқарушы электродына БЭ оң импульсті басқару кернеуі қай бағытта берілсе де құрылғы қосылады. Басқару имупльсіне қойылатын талап тиристорға қойылатын талаппен бірдей. Сонымен қатар сисмистордың сипаттамалары мен олардың белгілену жүйелері де тиристордыкімен бірдей болады. Симисторды екі қарама-қарсы параллель жалғанған жалпы басқарушы электродты тиристормен ауыстыруға болады.
2.7 срет. Симметриялық тиристордың 2.8 сурет. Симистордың құрылымы (а) мен графикалық вольтамперлі сипаттамасы шартты белгісі (б)