
- •-Cурет. Жартылай өткізгішті диодтың
- •1.2 Сурет. Стабилитронның схемалық кескінелуі
- •1.3 Сурет. Стабилитронның (а) және стабистордың (б)
- •1.4 Сурет. Стаби-литронның сызық-
- •1.6 Сурет. Біржартыпериодты түзеткіштің кірмесіндегі
- •1. 7 Сурет. Бірфазалы біржартыпериодты түзеткіштің схемасы.
- •1.8 Сурет. Екіжартыпериодты түзеткіштің кірмесіндегі (а) және шықпасындағы (б) кернеудің пішіні
- •1.9 Сурет. Бірфазалы көпірлі түзеткіштің схемасы.
- •2.1 Сурет. Динистордың құрылымы (а) және
- •2.2 Сурет. Динистордың екі құрамдас бөлігі (а)
- •2.5 Сурет. Катодты (а) және анодты (б) басқарылатын тиристордың шартты графикалық белгіленуі мен құрылымы
- •2. 6 Сурет. Тиристордың жалғану схемасы (а)
2.1 Сурет. Динистордың құрылымы (а) және
оның шартты графикалық белгісі (б)
2.2 Сурет. Динистордың екі құрамдас бөлігі (а)
және орнын басу схемасы (б)
Егер анодқа катодқа қатысты оң кернеу берілсе, J1 және J3 өтпелері тура бағытта ығысады да, ал J2 - өтпесі кері бағытта ығыса бастайды. Сондықтан Е кернеу көзінің бүкіл кернеуі J2 - өтпеге беріледі. Айталық Т1 және Т2 транзисторлары эмиттерлерінің ток бойынша беріліс коэффициенттері α1 және α2 болсын. Орнын басу схемасына сәйкес (2.2 б сурет) тиристордан өтетін ток екі транзистордың коллекторлары арқылы өтетін токтары мен IК0 ағып кету тогының қосындысына тең.
(2.1)
Сыртқы тізбектің тогы Iэ1=Iэ2=I болғандықтан, осы теңдікті (2.1) теңдеудегі I-дің орнына қойып келесі теңдеуді аламыз: I(1-α1-α2) = IК0. Онан сыртқы ток I-дің мәні:
(2.2)
Егер (α1+α2)<1 болса, динистордағы ток IК0-ға тең, ал (α1+α2)>1 болса динистор қосылып онан ток жүре бастайды. Осыны динистордың қосылу шарты деп атайды.
Динистордағы токтың беріліс коэффициенттері α1 немесе α2 арттыру үшін, оның анодындағы кернеуді арттыру қажет. Кернеуі арттырып U=Uқос жеткенде транзистордың бірі қанығу режиміне өтеді. Бұл транзистордың коллектор тогы екінші транзистордың база тізбегіне өтіп, оны ашадыда ол өз ретінде бірінші транзистордың база тогын арттырады. Нәтижеде транзисторлардың коллектор токтары көшкінді түрде арта бастайды да олардың екеуін де қанығу режиміне алып келеді.
Транзисторлар қосылғаннан кейін динистор ашылады да I тогы тек қана сыртқы тізбек кедергісімен шектеледі. Ашық құрылғының кернеулер түсімі 2В-тен кіші болып, ол кәдімгі диодтың кернеу түсіміне шамамен тең болады. Динистордың вольтамперлі сипаттамасы 2.3 а суретте, ал импульсті қосылу схемасы 2.3 б суретте келтірілген.
2.3 сурет. Динистордың вольтамперлі сипаттамасы (а) және оның қосылу схемасы (6): Uвкл - динистордың қосылу кернеу, Uост –ашық динистордағы қалдық кернеу түсімі, Iн – жүктеме тогы, Iвыкл – динистордың өшу тогы, VD1 – жартылай өткізгішті диод,
VD2 - динистор, RH – жүктеме кедергісі, R – шектеуші кедергі,
С – ажыратушы конденсатор, Uпуск - басқарушы импульс
Динисторды өшіру үшін оның тогын Iқос мәнге дейін төмендетуге немесе анодтағы кернеудің полярлығын өзгертуге болады. Динисторды өшірудің бірнеше түрлері 2.3 суретте келтірілген. Бірінші схемада динистор тізбегінің тогы үзіледі. Екінші схемада динистордағы кернеу түсімі нольге дейін төмендейді. Үшінші схемада динистор тогы қосымша резистор RД-дың қосылуымен Iөшу-ге дейін төмендейді. Төртінші схемада К кілтті қосу кезінде динистордың анодына С конденсатордың көмегімен қарама-қарсы полярлы кернеу беріледі.
2.4 сурет. Динисторды өшіру схемалары: тізбекті ажырату арқылы (а), құрылғыны шунттау арқылы (б), анод тогын төмендету арқылы (в), кері кернеу беру арқылы (г): RH – жүктеме кедергісі, RД – қосымша кедергі, С-ажыратушы конденсатор, К- кілт
Тиристордың құрылымы динистор құрылымына ұқсас болып, мұнда база аймағының бірі басқарушы болады. Егер базаның біреуіне басқару тогы берілсе, онда осы транзистордың беріліс коэффициенті артады да тиристор қосылады.
Басқарушы электродтың (БЭ) орналасуына қарай тиристорлар катодты басқарушы және анодты басқарушы болып екіге бөлінеді. Осы басқарушы электродтардың орнадасуы мен тиристорлардың шартты белгілері 2.5 суретте келтірілген.