- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей геологиялық барлау колледжі
- •0704000 – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтарына арналған
- •Базалық (тірек) конспектілері
- •Семей қ.
- •Мазмұны
- •I бөлім Көне замандағы Қазақстан
- •II бөлім Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •3 Бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
- •4 Бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан.
- •5 Бөлім Тәуелсіз Қазақстан
- •Орта палеолит (мустье, б.З.Д. 140-40 мың жыл)
- •Жоғары палеолит (б.З.Д. 40-12 мың жыл)
- •Неолит (б.З.Д. 5 мың- 3 мың жыл)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қола ғасыры (б.З.Д. II -I мың.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Үйсіндер
- •Қангүйлер (Қаңлылар)
- •Ғұндар (Хунну)
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •Түрік қағанаты (552- 603жж.)
- •Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.)
- •Тюркеш қағанаты (700-756 жж.)
- •Қағанаттардың шаруашылығы
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оғыз мемлекеті (IX - XI ғғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты (IX - XI ғғ. Басы)
- •Қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың шаруашылығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қараханидтер мемлекеті (942-1210 жж.)
- •Қыпшақ хандығы (XI ғ. Басы-1219 ж.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Наймандар мен керейлер мемлекеті (XII ғ.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Моңғол шапқыншылығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан Моңғол империясының құрамында
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Моғолстан (1346-1514 жж.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428-146жж.)
- •Ноғай Ордасы ( XIV-xVl ғғ. Аяғы)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Ресей империясының құрнамындағы Қазақстан.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
- •Қозғалыстың Торғайдағы орталығы
- •Саяси партиялар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кеңестер билігінің Қазақстанда орнауы
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Бөлім. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан.
- •Партизан соғысы
- •Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
- •Қазақ акср құрылуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •Аштыққа қарсы күрес
- •Жэс қиындықтары мен жетістіктері
- •Қазақ акср құрамында қазақ жерлерінің бірігуі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстанның индустриализациясына бетбұрыс
- •Индустриализацияны жүзеге асыру
- •Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктері
- •Индустриализацияны жүзеге асырудағы жұмысшы кластың ролі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 4.4.: Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан.
- •Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
- •Жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар мен керстьяндардың наразылығы
- •Ересек адамдардың сауатсыздығын жою (ликбез)
- •Халықтық білім беру
- •Кәсіптік білім беру мен Қазақстан зиялыларының қалыптасуы
- •Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Гитлерлік фашизмнің әскери жоспарлары
- •Қазақстан экономикасын әскери қалыпқа қайта құру
- •Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтар
- •Ленинград үшін шайқастағы қазақстандықтар
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар
- •Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаппай тың игеру
- •Қазақстан халқының саны мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер
- •Қоғамның саяси және рухани өмірі
- •Халық өмірінің деңгейі: қырлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Бөлім. Тәуелсіз Қазақстан. Тақырып 5.1.: Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
4 Бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан.
Тақырып 4.1 Азаматтық қарама-қарсылық жылдарындағы Қазақстан (1917-1921жж.)
Оқу материалының мазмұны
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстан. Кеңес өкіметінің орнығуы мен алғашқы декреттер. Кеңестер мен Алашорда үкіметінің қарсыластығы. Қиындықтар мен мәселелер.
Қазақстан азаматтық қарама-қарсылық жылдарында. 1918 және 1919 жылдардың басындағы әскери әрекеттер. Майдандардың құрылуы мен Қызыл Армияның ұлттық бөлімдерінің қалыптасуы. Большевиктер мен ақгвардиялықтардың ұлттық саясаты. Қазақстандағы әскери комммунизм саясаты. Қазақстандағы азамат соғысының ерекшеліктері мен соғыс салдары. Алашорда дағдаррысы. Қазақ ревкомы. ҚАСРО құрылуы.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;
- моральді-адамгершілік нормаларды сақтау.
Кәсіптік:
- 1917 жылғы Қазан төңкерісінің себептері және оның Қазақстанға ықпалы, осы кезеңнің мәселелері мен қайшылықтары; азамат соғысы жылдарындағы Қазақстандағы жағдай, соғыстан кейінгі большевиктердің ұлттық саясаты және 1920-21 жылдардағы оларға қарсы көтерілістердің себептері.
Арнайы:
- картада еркін бағдарлану, Қазақстандағы азамат соғысы кезеңіндегі қарсылас жақтардың саяси әрекеттерін салыстырмалы талдау жүргізу.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
төңкерістің себептері мен Қазақстанға ықпалын;
Алаш-Орда мен Кеңестердің қарама-қарсылығының себептерін;
ҚАСРО құрылуын білу керек.
екі төңкерістке және олардың Қазақстанға ықпалына салыстырмалы талдау жүргізуді;
бұл кезеңдегі түрлі саяси күштерді тәуелсіз бағалауды меңгеру керек.
Тақырып 4.2 Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан
Оқу материалының мазмұны
Жаңа экономикалық саясатқа көшу. Аймақты большевиктендірудің басталуы. 1921ж. аштық және оның салдары. Жер-су реформасы. Қателер мен ауытқулар. Қоғамдық-саяси жағдай. Социализмге қарай дамудың жолдары туралы 20-шы жылдардағы пікірталас. ЖЭС жетістіктері мен кемшіліктері және оны қысқарту.
Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелей бөлу.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;
- нормативтік-адамгершілік нормаларын сақтау.
Кәсіптік:
- ЖЭС мәнісі мен оның себептері, жетісткітері мен қайшылықтары; Қазақстанды индустриализациялау ерекшеліктері: жетістіктері, қателері мен қайшылықтары.
Арнайы:
- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
1921ж. аштықты және оның салдарын;
ЖЭС қиындықтары мен жетістіктерін;
Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік межелей бөлінуін білу керек.
Қазақстандағы ЖЭС жетістіктері мен нәтижелерін объективті бағалауды;
берілген кезеңнің құжаттық дереккөздері бойынша Қазастанның ЖЭС сипаттауды меңгеру керек.
Тақырып 4.3 Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан
Оқу материалының мазмұны
Қазақстанды индустриализациялау ерекшеліктері (1926-40жж.): жетістіктері, қателері, қиындықтары. Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеу. Қ.И.Сәтпаев. Түрксіб құрылысы. Н.Нұрмақов, с.Садуақасов, Т.Рысқұлов. Индустриализациялаудың біржақтылығы. Қазақстан – шикізат қоры. Ұлттық жұмыс классының қалыптасуы мен оның ерекшеліктері. КССР индустриалды даму аймақтарымен Қазақстанның экономикалық және мәдени байланысы.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;
- нормативтік-адамгершілік нормаларды сақтау.
Кәсіптік:
- Қазақстан индустриализациясының ерекшеліктері: жетістіктері, қателері, қайшылықтары.
Арнайы:
- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
Қазақстандағы индустриализацияның себептері мен жүзеге асырылуын;
Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктерін;
Қазақстандағы индустриализацияның жағымсыз салдарын білу керек.
Қазақстандағы индустриализация мәселесі тақырыбындағы бастыны ажыратуды;
Ынтымақтастық педагогикасы жүйесінде жұмыс жасауды меңгеру керек.
Тақырып 4.4 Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан
Оқу материалының мазмұны
Қазақстанның ауыл шаруашылығын қайта жаңартудың сталиндік-голощекиндік үлгісі. Күштеп ұжымдастыру мен оның салдары. Класс ретінде бай мен кулактарды тәркілеу мен жою. Ф.И.Голощекин және оныі «Кіші Қазаны». Ұжымдастыру кезіндегі кеңестерге қарсы сөз сөйлеулер. Тақтакөпір, Созақ, Адай, Ырғыз, Абралы және басқалары. Кеңес үкіметінің жазалау шаралары. 1931-1932жж. аштық. Қазақтардың жаппай көшуі. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың Сталинге хаты. Қазақстандағы апат және оның салдары. Аштықпен күрес.ұжымдық шаруашылық қозғалысын нығайту шаралары.
Сталинизм мен казармалық социализмнің орнығуы. 30-жылдардағы жаппай қуғын-сүргіндер. Тоталитарлық жүйе және ұлт мәселесі. КАССР ҚазССР ауысуы. ҚазССР 20-жылдық мерейтойы. Уақыттың тарихи сабақтары.
Қазақстанның мәдени құрылысы. Сауатсыздықты жою. Кәсіптік білім берудің дамуы мен қазақ ұлтыныңы интеллигенциясының қалыптасуы. Қазақ кеңес өнері. Жеке билік тәртібінің тоталитаризм иделогиясының салдары. Ұлттық мәденитті, тарихты және өткен мұраны жоққа шығару ретіндегі мәңгүрттік. Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдай.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- тақырып бойынша қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;
- нормативтік-адамгершілік нормаларды сақтау.
Кәсіптік:
- Қазақстанның ауыл шаруашылығын ұйымдастырудың басталуы: «Кіші Қазан» курсы, 1931-33 жылдардағы аштық және антикеңестік пікірлер; сталинизм мен казармалық социализмнің орнығуы, 20-30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
Арнайы:
- осы кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысты өз көзқарасын қалыптастыру, құжаттық көздер негізінде терең талдау жүргізу.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
басқарудың командалық-әкімшілік әдісін және оны республикада енгізуді, «Кіші Қазан» бағытын;
20-шы жылдардағы жастар қозғалысын;
казармалық социализмді, 30-шы жылдардағы жаппай террорды, Қазақстандағы концлагерьлерді, әлеуметтік құрылымның өзгерістерін білу керек.
қоғамдық-саяси өмір саласында Қазақстандағы Кеңес билігінің жетістіктері мен шектен шығуларын объективті бағалауды;
бұл кезеңді әлеуметтік сипаттағы қайшылықтар мен реформалар уақыты ретінде қарастыруды меңгеру керек.
Тақырып 4.5 Ұлы Отан соғысы (1941-1945жж.) және соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан
Оқу материалының мазмұны
Соғыстың басталуы. Экономиканың әскери ыңғайға көшуі. Қазақстан территориясына кәсіпорындарды эвакуациялау. Қазақстан – майдан арсеналы. Әскери бөлімдер мен бөлімшелердің, соның ішінде ұлттық бөлімдердің қалыптасуы. Жаңа бірлестіктерді оқыту және оларды майданға аттандыру. «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін». Поляктарды, Поволжье немістерін, қырым татарларын және Солтүстік Кавказ халықтарының жер аударылуы.
Қазақстандықтар соғыс майданында. Соғыстың барлық майдандарындағы қазақстандықтардың ерлігі. Олардың партизандық қозғалыстарға қатысуы. Кеңес Одағының батырлары – қазақстандықтар. Фашизмді жеңудің тарихи маңызы.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстан. Қоғамдық-саяси жағдай. Қазақстан экономикасы.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- бастыны ажырату, себептер мен салдардың өзара байланысын байқау.
Кәсіптік:
- соғыстың себептері мен басталуы, соғыс кезіндегі Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық-саяси өмірі; соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның дамуы.
Арнайы:
- соғыс кезіндегі, ұлттық саясаттағы және соғыстан кейінгі қоғамдық-саяси дамудағы Қазақстанның жағдайын сипаттау.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
Ұлы Отан соғысының себептері мен басталуын, «Үлкен Түркістан» жоспарын, әскери бөлімдердің қалыптасуын және халықтың еңбектегі ерліктерін;
соғыс майдандарындағы қазақстандықтарды, соғыс жылдарындағы ғылым мен өнерді білу керек.
картада жақсы бағдарлануды;
ҰОС мәселелі сәттерімен жұмыс жасағанда баспа көздерін пайдалануды меңгеру керек.
Тақырып 4.6 50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан
Оқу материалының мазмұны
Республикадағы қоғамдық-саяси өмір. Десталинизация. Тұлғаға табынуды сынға алу. Қоғамды демократизациялау үрдісінің қайшылығы мен аяқталмауы. Тоталитарлы үлгіге қайта оралу. «Дамыған» социализм кезеңі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы. 1954-1956жж. тың игеру – шаруашылық, экологиялық, әлеуметтік-демографиялық салдары. 60-80жж. ауыл шаруашылығының дамуы.
Өнеркәсіптің, көліктің, құрылыстың дамуы. 1957ж. реформа. 1965ж. реформа. Шаруашылық реформалар: маңызы, ғарыштық сипаты. 1960-80жж. ірі құрылыстар. Қазақстанның халық шаруашылығы дамуының экстенсивті сипаты. Республикадағы әлуметтік-экономикалық жағдай. Целиноградтағы 1979ж. оқиғалар. Басқарудың әкімшілік-командалық әдісінің жағымсыз сипаты және дағдарысы. Тежелу механизмінің қалыптасуы мен әрекеті.
Республикадағы ұлттық-демографиялық саясат. Республиканың этникалық біртектілігін «ажырату» және оны этномәдени сипатта Ресейге жақындату. 50-ші және 70-ші жылдардағы көші-қон және кері көшу үрдістері.
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- бөлім бойы тақырып бойынша білім алушылардың білімдері мен дағдыларын жаңарту;
- коммуникативтік қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.
Кәсіптік:
- республикадағы қоғамдық-саяси өмір, демократизация үрдісінің қайшылығы мен аяқталмауы, 1954-56 жылдары тың игерудің себептері мен салдары; 60-80жж. Ауыл шаруашылығының дамуы; 70-80 жылдардың басында Қазақстан экономикасының экстенсивті сипаты; республикадағы ұлттық-демографиялық саясат.
Арнайы:
- 50-80жж. Кезеңдегі Қазақстанның сыртқы және ішкі саяси дағдарысының сипатын анықтау; онжылдықтарға салыстырмалы талдау жасау.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
Қазақстандағы тың жерлерді игеруді: экономикалық, экологиялық, әлеуметтік-демграфиялық салдарын;
50-ші жылдардағы республикадағы қоғамдық-саяси өмірді білу керек
соғыстан кейінгі кезеңде республикадағы қоғамдық-саяси өмірді сипаттауды;
құжаттардың негізінде қазақ халқына қатысты волюнтаризм саясатын талдауды меңгеру керек.
Тақырып 4.7 КСРО дағдарысы мен ыдырауы кезеңіндегі Қазақстан
Оқу материалының мазмұны
М.Горбачевтың билікке келуі. Жариялылық, үдеу, қайта құру. Қазақстандағы қайта құрудың басталуы. Республикадағы саяси үрдістер. Алматы қаласындағы 1986ж. желтоқсан оқиғалары: себептері мен салдары. Ұлтаралық қатынастардағы мәселелер. Жаңа Өзендегі оқиғалар. 1987-1989жж. Саяси жағдай. «Невада-Қазақстан» қозғалысы. СКРО ыдырауы кезеңіндегі саяси жағдай.
1986-1989жж. Экономикалық реформалар. Кооперация туралы Заң және республикадағы «Баспана-91» кооперативтік қозғалысы. 1990-1991жж. экономикалық реформалар. Нарықтық экономикаға көшуге ұмтылыс. Қайта құру үрдісінің қайшылығы.
Елдегі экологиялық жағдайдың қиындауы. Арал және Семей полигоны мәселелері. Радиациялық ластану. Табиғи ресурстар дағдарысы.
Осы кезеңдегі Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастары
Қалыптасатын құзыреттіліктер:
Базалық:
- білім алушылардың мәдени және адамгершілік әлеуетін жүйелі арттыру;
- нақты азаматтық көзқарасы бар ҚР азаматы болу.
Кәсіптік:
- КСРО мен Қазақстандағы қайта құрудың себептері мен басталуы; Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының себептері мен салдары, 1986-91 жылдардағы экономикалық реформалар, осы кезеңдегі Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.
Арнайы:
- осы кезеңдегі Қазақстандағы ішкі саяси оқиғаларға тәуелсіз баға беру;
- күрделі саяси құбылыстарды талдау, анықтамалық әдебиеттермен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасау, баяндамалар, рефераттар дайындау, хабарламалармен сөз сөйлеу;
- оқытылатын материалды жүйелеу, кестелер құру, картамен жұмыс жасау.
Тақырып аяқталған соң білім алушы:
осы кезеңде республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды;
осы кезеңде Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуын;
Қазақстандағы қайта құрудың басталуын: мәселелері мен келешегін, Алматыдағы 1986ж. Желтоқсан оқиғаларын;
Тарихи-ағарту үйірмелеренің пайда болуын және ұлттық сананың өсуін білу керек.
БАҚ көздері бойынша республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды объективті бағалауды;
дербес талдау барысында қайта құру үрдістерінің қайшылығын табуды меңгеру керек.
