Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
917.5 Кб
Скачать

Республиканың қоғамдық-саяси өмірі

40-шы - 50-ші жылдардың басындағы сталинизм идеологиясы шырқау шегіне жетті. ВКП(б) XVIII съезі (1939) социализмнің құрылысы аяқталуына қарай, ел коммунистік қоғам құруға көшетін болатынын жариялады.

1946-1951 жж. республикада болат прокатының, жасанды талшық өндірісі жолға қойылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы мырышын шығарды, Екібастұз бассейнінің көмір қимасының құрылысы жүргізілді. Балқаш мысқорыту зауытының қуаты арттырылды. Мұнайлы, Ембі бассейндерінің және т.б. кәсіптерін іске қосу соғысқа дейінгі кезеңмен салыстырғанда, 1950 жылы мұнай өндіруді 52% арттыруға мүмкіндік берді.

Семей қаласындағы тері илеу зауыты, Петропавлдағы «Комсомолка» тігін фабрикасы өнімін бере бастады. Жамбылдағы, Қызылордадағы, Павлодардағы былғары зауыттарыныцң құрылысы аяқталды. 1950-ші жылдардың басында республикада жеңіл және азық-түлік өнеркәсібінің 65 кәсіпорны болды.

Егер 1945 жылы халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 1044 мың, соның ішінде өнеркәсіпте - 304 мың адамды құраса, 1950 жылы – сәйкесінше 1403,3 және 366 мың адамды құрады.

Әсіресе тұрғын үй, тұрмыстық жағдай ауыр болды, тұрғын үй құрылысы артта қалды. Жұмысшылар мыңдап жатақханаларда, тауар вагондарында, шатырларда тұрды.

Бақылау сұрақтары:

1. Ұлы Отан соғысының басталуы және себептері, Қазақстанға ықпалы.

2. Соғыстан кейінгі кезеңде Қазақстанның дамуы.

3. Соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір.

4. 1954-56 жылдары тың игерудің себептері мен салдары.

Тақырып 4.6.: 50-ші жылдардағы – 80-ші жылдардың бірінші жартысындағы Қазақстан

1953 жылы 5 наурызда И.В. Сталин қайтыс болды. КСРО басшысы Н.С.Хрущев болды, ол Сталин тұлғасына табынуды айыптады.

Бірақ авторитарлы жүйені құлатуға ұмтылыс аяғына дейін жеткізілмеді. Өткен кезеңнің қайғылы парақтары ашылмады немесе біржақты көрсетілді. Өзгеше ойлау қатаң түрде басылды. Шығыс Қазақстан облысының орыс тілі мұғалімі М.Елікбаевтің мысалы көрнекті.

50-ші жылдардың ортасындағы прогрессивті бастамалардың ешбірі күтілген нәтижелерге алып келмеді. Себептері: саясаттағы ғылым болжамның жоқтығы, көптеген жетекшілердің саяси мәдениетінің аса төмен деңгейі.

Экономиканың экстенсивті даму жолының мүмкіндіктері сарқылды, интенсификация қажет болды. 1954-1958 жж. барысында 730 өнеркәсіптік кәсіпорындар мен цехтар салынды және игеруге берілді.

Бесінші бесжылдық жылдарында (1951-1955) республиканың көлігі мен байланысына қаржы салу 65,4 млн. рубльді, ал 1956-1958 жж. - 146,4 млн. рубльді құрады.

Жаппай тың игеру

Биліктің жоғары жақтарында дәнді-дақылдарды егуді кеңейту үшін, тыңжәне тыңайған жерлердің ірі массивтерін шаруашылық айналысқа енгізу идеясы пайда болды.

1954-­1955 жылдары 13 млн. га жерді жырту және олардан 1955 жылы 1100-1200 млн. пұт бидай алу жоспарланды.

1954 жылы тамыздың басын қарай КСРО тың игеруді арттыру бойынша белгіленген тапсырма орындалды: 13,4 млн. га жаңа жер жыртылды (жоспардың 103,2%), соның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. га артық тың жерлер игерілді.

1954—1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілді.

Экологиялық тепе-теңдікті бұзу ауыр салдарға алып келді. Топырақ эрозиясы дамыды, құнарлы гумус үгітілді.

Тың игеру басқа республикалардан халықтың келуіне, ұлттық дәстүрлер мен салттар ролінің төмендеуіне, қазақ тілді мектептер санының азаюына мүмкіндік тудырды.