Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОПОРНЫЙ КОНСПЕКТ ПО ИСТ.КАЗ-НА НА КАЗ.ЯЗ..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
917.5 Кб
Скачать

Бақылау сұрақтары:

  1. XVIII-XIX ғғ. қазақ қоғамының шаруашылық және әлеуметтік ұйымдастырылуына сипаттама беріңіз.

  2. 1822-1824 жж. отарлау реформаларының мәні неде.

Тақырып 3.4.: Отарлау саястына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы. Бөкей ордасындағы 1836-38жж. көтеріліс.

Император I Павелдің 1801 жылғы жарлығымен Волга мен Жайықтың арасында Ішкі Орда құрылды. Оның екінші атауы – Бөкей хандығы – алғашқы хан Бөкей атымен аталған. Ресейдің қарамағындағы хандықты құру империяның саяси ықпалын кеңейтті, ал хандықты басқару тәжірибесі басқа қазақ территориялары үшін де жарар еді. Сонымен қатар қазақтармен сауда-саттықтың экономикалық пайдасы да болды.

Басқару жүйесінің өзгеруі, қысымның күшеюі, салықтардың артуы қазақтардың өміріндегі дәстүрлі құқықтың әлсіреуіне, биліктің күшеюіне және халықтың ерігін басуға алып келді. Көтерілістің себептері: феодалдардың билеп-төстеуі, Жәңгір ханның халыққа қарсы саясаты, салық ауыртпалықтары, қос қанау. Қазақтар көшіп-қону үшін, шөп жинау үшін және орыс помещиктерінің жерлерінен өткені үшін төлеуге мәжбүр болды. Көтерілістің сипаты: антифеодалдық, отарлауға қарсы.

Көтерілістің үш кезеңі:1833-1836 – көтеріліс алғышарттарының қалыптасуы; 1837 – көтерілістің дамуы, жазалау әскерлерімен қақтығыстар; 1837 жылдың желтоқсаны - 1838 жылдың шілдесі – көтеріліске шыққандардың әлсіреуі және жеңлісі табуы.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші - ша­руа. Старшиналардың, билердің бірқатары қатысты, бірақ кейіннен билік жағына көшті. Жетекшілері: старшиналар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Исатай Тайманұлын 1812 жылы Бөкей хан Беріш тайпасының Жайық бөлімшесінің старшинасы етіп тағайындады. Исатай 1817, 1823 ж. Орынбар генерал-губернаторының жала жабуымен сотқа тартылды, ақталды. Әйгілі ақын Махамбет Өтемісұлы Беріш тайпасының старшинасы болды, орыс тілін білді, хан отбасының маңайласы болды.

1836 жылдың 13 желтоқсанында Жәңгірдің жақтастарынан шамамен 100 адам Махамбеттің ауылдарына шабуыл жасады, малды айдап әкетіп, мүлікті тонады. Орынбор шекара комиссиясы 1837 жылдың 30 наурызында Исатай мен Махамбетті ұстауды талап етті.

Император I Николай «бүліктің» жетекшілерін жазалауды талап етті. Перовский Покотиловпен және Жәңгірмен бірге подполковник Гекеге көтерілісті басуды тапсырды.

1837 жылдың 15 қазанында Исатайдың жасақтары Теректіқұм жерінде Балқы Құдайбердіұлы бидің ауылын талқандады. 24 қазанда Исатайдың 1500 жігіті хан ауылына қауіп төндірді. Қазан айының аяғына қарай 20 мың көтерілісшілер хан резиденциясын қоршап алды, бірақ подпол­ковник Геке 600 адаммен сарай блокадасынан өтті.

1837 ж. 9 қарашада Геке 400 қазақтан тұратын отрядпен, 700 казакпен, 2 зеңбірекпен, Тастөбе жерінде Исатайды талқандады. Көтірілісшілердің малы Гекенің бұйрығымен Жәңгірдің феодалдары мен сұлтандарының арасында бөлінді. Исатайдың Кіші жүзге оралуы Кенесары Қасымұлының көтерілісімен тұстас болды. Көтерілген екі күштің бірігуінен қауіптеніп, Перов­ский бар күшін Исатайды талқандауға бағыттады. 1838 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ жерінде соңғы шайқас өтті. Көтеріліс талқандалды. Ауыржарақат алған Исатай атып өлтірілді. Көтерілісшілердің бір бөлігі Махамбет бастап, күресті жалғастырды.

Жеңілістің себептері: бүлікшілердің ыдырауы, қару мен дағдыда жазалау отрядтарының артықшылығы, көтерілісшілердің бір бөлігінің толқуы, олардың Жәңгір ханның жағына көшуі.

Көтерілістің жағымды салдары: сұлтандар, хан пайдасына салықты жыл сайын өсіруге шектеу қойылды. Көтеріліс хан сарайының әлеуметтік негізін әлсіретті, үкімет мұнда хан илігін жоюға бет бұрды. Көтерілістің тарихи маңызы: азаттық, отарлауға да, әлеуметтік қанауға да қарсы бағытталған, қазақ шаруалары мен Ресейдің езілген халықтарының бірлескен азаттық күресінің негізін қалады.