Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акуш жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
11.06 Mб
Скачать

38. Ддсұ ұсыныстарына сәйкес жүктілікпен байланысты гипертензия кезіндегі дәрігердің тактикасы.

Стационарға жатқызу. Магнезий сульфаты, гипотензивті дәрілер (нифедипин), мониторлы аппаратпен бақылау, қуыққа катетер қою, жүктілік мерзіміне қарамай 12-24 сағат ішінде босандыру.

39. Эклампсия кезінде күттірмейтін көмектің қағидалары.

  • Алдын-алу: қатер тобына аз мөлшерде аспиринді қабылдау (тәулігіне 75-120 мг) қосымша кальций қабылдау. Негізгі және қосымша диагнотикалық іс-шаралар жүргізу

  • Алғашқы көмек: тегіс жерге жатқызу, қысып тұрған киімдерін босату, басын бір бүйіріне қарату. Ауыз кергішпен аузын ашып тіл ұстағышпен тілін ұстап, аузын таза салфеткамен тазалау. Талмадан соң дереу магнезиялды емді бастау

  • Магнезий сульфаты, диазепам, мониторлы аппарат қосы, қуыққа катетер қою, 3-12 сағат ішінде кесар тілігін жасау.

40. Hellp-синдром. Анықтамасы. Диагностикасы. Қарқынды терапияның қағидалары.

HELLP-синдром — акушерстводағы сирек кездесетін және қауіпті патология. Н — hemolysis (гемолиз); ЕL — еlеvated liver enzymes (бауыр ферменттерінің белсенділігінің көтерілуі); LP — 1оw рlаtelet соunt (тромбоцитопения). Ең алғаш бұл синдромды 1954 жылы Придчард Дж. А суреттеген болатын, ал Гудлин Р.С (1978) бұл синдромның пайда болуын преэклампсиямен байланыстырды. 1982 жылы Вейнштейн Л ең алғаш болып HELLP-синдром патологиясына симптомдар үштігін кіргізді.

HELLP (Hemolysis, Elevated Liver enzymes and Low Platelets) синдром – бұл гемолиз, бауыр энзимдерінің (ферменттерінің) активтенуі және тромбоцитопениямен сипатталатын преэклампсия мен эклампсияның ауыр формасы.

Диагносттикалау:

  • Лабораторлы зерттеулер: көп жағдайда лабораториялық өзгерістер клиникалық симптом көрінгенше пайда болып қояды

  • HELLP-синдромның бір белгісі гемолиз болып табылады. Ол қан жағындысында бүріскен деформацияланған эритроциттер, полихромазия түрінде көрінеді. Эритроциттердің бұзылуы фосфолипидтердің босап шығуына және созылмалы ДВС-синдромға әкелуі мүмкін

  • HELLP-синдромға күдік туған кезде жедел түрде зертханалық тексеру жасау керек: АЛТ, АСТ белсенділігін, лактатдегидрогеназа, билирубин, гаптоглобин, зәр қышқылының концентрациясын, қандағы тромбоциттер санын және қанның ұю факторларының көлемін анықтау қажет

  • Инструментальды зерттеулер:

Бауырдың субкапсульды гематомасын анықтау үшін УДЗ жасалады. Осы кезде сонымен қатар гипоэхогенді аймақтар сезіледі, бұл жергілікті тіннің некрозы және инфарктымен сипатталады

  • Дифференциальды диагностика үшін КТ және МРТ қолданылады.

  • БАСҚА МАМАНДАР КОНСУЛЬТАЦИЯСЫ: реаниматолог, гепатолог, гематолог.

  • ЕМІ Емдеу мақсаты: бұзылған гемостазды қалпына келтіру.

  • ГОСПИТАЛИЗАЦИЯҒА КӨРСЕТКІШ: міндетті түрде

  • МЕДИКАМЕНТОЗДЫ ЕМЕС ЕМ жедел босандыруды наркозбен инфузионды-трансфузионды терапиямен жасайды.

  • МЕДИКАМЕНТОЗДЫ ЕМ

Инфузионно-трансфузионды терапиямен бірге протеаза ингибиторларын (апротинин), гепатопротекторлар (витамин C, фолий қышқылы), липой қышқылын 0,025 г күніне 3-4 рет. 20 мл/кг көлемде жаңадан қатырылған плазма күніне бір рет, тромбоконцентрат құю, глюкокортикоидтар енгізу.

Операциядан кейінгі кезеңде жаңадан қатырылған плазманы 12-15 мл/кг мөлшерде күнделікті құяды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]