
- •2) Приондар шақыратын;
- •Баяу вирусты инфекциялардың вирустық сипаттамасы:
- •Жануарлар мен адамдарда кездесетін прионды аурулардың классификациясы:
- •Приондармен шақырылатын ауруларға сипаттама.
- •Ротавирустар.
- •Тогавирустар.
- •Тогавирустардың репродукциясы цитоплазмада жүреді.
- •Рабдовирустар:
- •Құтыру вирусы.
- •Стоматит вирусы.
- •Жаңа және жаңадан болатын инфекциялар:
- •Гепатит g вирусы.
Жаңа және жаңадан болатын инфекциялар:
Адамдардың иммунды тапшылық вирусы (АИВ - HIV) - лимфоциттерде макрофактарда және нерв тіндерінің жасушаларында вирустың ұзақ уақыт айналымда болуының нәтижесінде иммундық жауаптың прогрессивті бұзылуын қоздыратын вирустар.
Морфологиясы. АИВ – РНҚ құрамды вирус. Вириондары сфера пішінді, мөлшері 100-120 нм. Суперкапсиді 2 қабаттан тұрады, оның сыртында гликопротеиді тікенекшелері бар. Геномы (+) РНҚ – ның 2 жіпшесінен тұрады. Оның құрамында 3 құрылымдық геном, 7 реттегіш және функционалдық геном бар.
Антигендік құрылымы. АИВ – тың негізгі антигендері – беткейлік, типтік, спецификалық gp41 және gp120 ақуыздар. Жүрекшелік gp24 топтық спецификалық антиген. Вирустың екі типін оннан астам сероварын ажыратады.
Репродукциялануы. Вирустың тіршілік циклы 4 сатыдан тұрады :
Вирустың адсорбциялануы және жасуша ішіне енуі; 2) РНҚ – ның босап шығуы; 3) Вирустың РНҚ – сының синтезделуі; 4) Вирионның құрастырылуы.
Резистенттілігі. Химиялық және физикалық факторларға резистентілігі төмен. Дезинфекциялық ерітінділердің, күн сәулесінің әсерінен жылдам жойлады. Бөлме температурасында 4-6 күн сақталады.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – адам. Вирус қанда, спермада, емшек сүтінде болады. Және олар инфекцияның берілу факторлары. Вирустың инфицирлеуші дозасы 10000-дай вирион болуы мүмкін деген болжам бар. АИВ – тың жұғу жолдары – жыныстық қатынас, парэнтеральді, ана сүті арқылы. Респираторлы, алиментарлы, трансмиссвті жолмен берілмейді.
Патогенезі. Вирус Т – және В – лимфоциттерді зақымдайды. Қанда т – лимфоциттердің саны азаяды, ал АИВ – РНҚ – ның көшірмелері 1 млн-ға жетеді. 6-8 айдан кейін реприкациялану жоғары деңгейгет жетеді. Бұл кезде инфекция симптомсыз созылмалы сатысында ауысқанын көрсетеді. Лимфа түйіндеріне вирустар артық мөлшерде түседі. Ол лимфааденопатия түрінде көрініс береді. Әрбәр 6 сағат сайын жаңа вириондардың жартысы өледі, бірақ вирусемия сақталады. Инфекцияның симптоматикалық фазасы вирустың үдемелі көбеюіне байланысты. Нәтижесінде нағыз ЖИТС дамиды. Аурудың манифестік көріністеріне әр түрлі ісіктер, инвазиялар, микоздар жатады.
Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материал – қан. Негізгі әдіс – ИФТ. АИВ инфекцияны дәл анықтау үшін Вестернблот сынамасы қойылады. Организмдегі антиденелер 2-4 аптадан кейін пайда болады.
Емдеуі. Симптоматикалық және медициналық емдеу шаралары жүргізіледі. Химиялық препереттар қолданылады.
Алдын алу. Спецификалық профилактикасы әлі жоқ. СӨС ұстау.
Гепатит g вирусы.
Таксономиясы белгісіз. Оның геномы сегменттелмеген (+) РНҚ. Нуклеокапсидінің типі. кубтық симметриялы. Вирионның антигендерінің өзгешеліктеріне сәйкес инфекцияның 3 түрасты түрі бар. Гепатит G вирусы дефектілі вирус болғандықтан оның репродукциясы үшін гепатит С вирусы қатысуы керек. Инфекция көзі – жіті және созылмалы гепатит G мен ауратын адамдар және сол вирусты тасымалдаушылар. Трансплантатты ағзалар бар және қаны алмастырылып құйылған адамдар осы гепатит G вирусына өте сезімтал болып келеді. Сонымен қатар нашақорлар осы топқа жатқызылады. Адамның иммундық статусы зақымдалғаннан кейін вирус организмде ұзақ уақыт сақталады. Тіпті бұл вирус анасынан ұрыққа беріледі. Гепатит G микст инфекция ретінде гепатит С мен қатар дамиды. Диагностикасы – вирусоспецификалық иммуноглобулин М – ді ИФА әдісімен анықтайды. Гепатит Е-нің антигендеріне қарсы антиденелер адам ауырғаннан кейін 1 ай ішінде пайда болады. Вирустың РНҚ – сын ПЦР реакциясымен және молекулалық гибридизация әдісімен анықтайды.