Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

Жануарлар мен адамдарда кездесетін прионды аурулардың классификациясы:

Крейтцфельд-Якоб ауруы

Адам

Куру

Адам

Герцман-Штреусслер-Шейнкер синдромы

Адам

Спонгиоформалы энцефалопатия

Ұсақ және ірі қара мал

Мысықтың энцефалопатиясы

Мысық

Трансмиссвті энцефалопатия

Құндыз

Экзотикалық энцефалопатия

Оркис киігі

Скрепи

Қойлар.

Приондармен шақырылатын ауруларға сипаттама.

  1. КУРУ – онэндемиялық баяу инфекция, Жаңа Гвинея аралдарында кездеседі. Куру ауруын 1963 жылы Гайдушек ашты. Инкубациялық кезеңі – 8,5 жыл. Инфекция қоздырғышы курумен ауырған адамдардың миынан табылған. Бұл аурумен кейбір маймылдар да ауырады. Клиникасы: Атаксия, дизартрия, қозғыштықтың жоғарлауы, себепсіз күлкі және соңында адам өледі. Куру сипаттамасы: губка тәрізді энцефалопатия, мишық зақымдалады. Куру ауруы өз ата-бабасының миын термиялық өңдеусіз тамақ ретінде қолданатын канибал тайпаларының арасынан көп кездеседі.Ми тінінен 108 прион бөлшектері анықталған.

  2. Крейтфельд – Якоб ауруы. Қоздырғышы жоғары температураға өте төзімді 700-та өлмейді. Бұл ауру пирамидалық және экстрапирамидалық жолдарды зақымдайды. Инкубациялық кезең–18 айдан 20 жылға дейін созылады. Бастапқы симптомдары: гиперэстезия, көру қабілетінің нашарлауы, аяқ–қол буындарындағы ауырсыну, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, миоклония, атаксия, паркинсонизм және т.б. симптомдар байқалады. 7-24 ай ішінде науқас көз жұмады. Аурудың инфекциялық табиғатын Гайдушек дәлелдеген. Бұл ауру Жаңа және Екінші Әлем елдерінде көп кездеседі. Орташа жас 50-60 жас. Патогенезі: приондардың репродукциясына жауап беретін реттеуші аутосомды ген болады. Диагностикасы: клиникалық белгілеріне қарап және патологоанатомиялық суреттемесіне қарап диагностикалайды. Емі: симптоматикалық, патогенетикалық. Профилактикасы: неврологияда барлық құрал жабдықтарды арнайы өңдеуден өткізу.

  3. Герцман-Штреусслер-Шейнкер синдромы- тұқым қуалайтын прионды патология. Крейтфельд – Якоб ауруынан ерекшелігі ауыратын адамдардың жасы біршама төмен, шамамен 10 жылға. Инкубациялық кезеңі 5-30 жыл. Бұл ауру кезінде рефлекстер бірте-бірте жоғалады. Адам жұтына алмайды, дизартрия, еске сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады. Ауру 4-5 жыл бойы прогрессивті дамып науқастың өлімімен аяқталады. Профилактикасы және диагностикасы, емі Крейтфельд – Якоб ауруындағыдай.

  4. Фатальды үйқысыздық- тұқым қуалайтын ауру, 1986 жылы сипатталған. 25-70 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Бастапқы белгілері: Ұйқының мүлдем жоғалуы. Кейін оған артериалды гипертензия, тахикардия, іш қату, гемопотенция қосылады. Адамның қозғалысы бұзылады.: атаксия, дизартрия, діріл, дистоникалық ұстамалар. Жүрек ритмі бұзылады. Науқас өкпе жүрек жетіспеушілігі нәтижесінде көз жұмады.

  5. Геротнер-Штреуспер ауруы- маймылдарға жұқтыру арқылы аурудың табиғаты дәлелденген. Бұл инфекция кезінде мишық зақымдалады, ми тінінде амироидты бляшкалар пайда болады. Ауру ұзақ өтеді. Оның эпидемиологиясы, емі, профилактикасы мен диагностикасы анықталмаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]