
- •2) Приондар шақыратын;
- •Баяу вирусты инфекциялардың вирустық сипаттамасы:
- •Жануарлар мен адамдарда кездесетін прионды аурулардың классификациясы:
- •Приондармен шақырылатын ауруларға сипаттама.
- •Ротавирустар.
- •Тогавирустар.
- •Тогавирустардың репродукциясы цитоплазмада жүреді.
- •Рабдовирустар:
- •Құтыру вирусы.
- •Стоматит вирусы.
- •Жаңа және жаңадан болатын инфекциялар:
- •Гепатит g вирусы.
Рабдовирустар:
Рабдовирустар (грекше-шыбық, таяқ) – сүтқоректілерде, жәндіктерде, өсімдіктерде әр түрлі зақымдану туғызатын РНҚ құрамында вирустар, олардың 80 түрі бар.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Rhabdoviridae
Туыстастығы: Vesicolovirus – стоматит вирусы.
Lyssavirus – құтыру вирусы.
Морфологиясы. Вириондары – оқ тәрізді, мөлшері 170x70 нм. Сыртында екі қабатты суперкапсид болады, одан гликопротеинді тікенекшелер шығып тұрады. Вирионның ортасында спираль типті нуклеокапсид орналасқан. Геномы- (-) РНҚ.
Антигендері. Нуклеопротеин (NP) – топтық спецификалық антиген. Сыртқы қабықшаның гликопротеині – типтік – спецификалық антиген, ол вирионның жұқпалылығына және гемаглютинациялаушы белсенділігіне жауапты.
Репродукциялануы. Жасушаның цитоплазмасында атқарылады. Вирустардың репродукциялануы (-) РНҚ құрамды вирустарға ұқсас. Рабдовирустар тікенекшелерімен жасушаға жабысып, эндоцитоз арқылы жасушаға енеді. Содан кейін вирустың қабықшасы жасуша цитоплазмасына түседі. Рибосомалар мен аРНҚ-ның трансляциялану нәтижесінде пайда болған вирустық ақуыздар Гольджи аппаратында өзгеріске ұшырайды да, жасуша қабықшасына қосылады. Вирион құрастырылғаннан кейін бүршіктену тәсілімен жасушадан шығады.
Құтыру вирусы.
Құтыру вирусы – ОЖЖ-нің нейрондарында қайтымсыз зақымдану туғызып, адамдар мен жануарларда өліммен аяқталатын инфекция қоздырады.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Rhbdoviridae
Туыстастығы: Lyssavirus (грекше: lyssa – құтыру).
Морфологиясы. Рабдовирустарға ұқсас.
Резистенттілігі. Сыртқы орта факторларына төзімді емес. Күн сәулесінің және УК сәулесімен әсер еткенде және 80-100 градуста қыздырғанда жылдам жойылады. Сілтілердің, иод ерітінділері вирустың белсенділігін жояды.
Патогенезі және клиникалық көріністері. Біріншілік репродукциялануы жануар тістеген жерді бұлшықеттік тіндерде атқарылады. Сол жерде апта, айлар бойы персистенцияланады. Содан кейін вирус ОЖЖ – нің базальді ганглияларына қарай жылжиды. Жұлын жасушаларында екіншілік репродукцияланады. Көбейген вирус сілекей бездеріне түседі. Инкубациялық кезеңі 10 күн – 3 ай.
Иммунитет. Адамдарда құтыру вирусына қарсы салыстырмалы түрде төзімділік болады.
Диагностикасы. Зерттеу материалдары: сілекей, қан, ликвор. Микроскопиялық әдіспен Бабеш-Негри денешіктерін табу. Биологиялық әдісте тышқандардың миының ішіне жұқтыру. Серологиялық диагноз қою – БР, ИФР, КБР.
Емдеу және алдын алу. Жарақатты антисептиктермен өңдеу. Сілекей тиген жерлерді сабынды сумен шаю. Содан кейін құтыруға қарсы вакцинамен және спецификалық иммунды глобулинмен алдын алу.
Стоматит вирусы.
Везикулярлық стоматит – сулы бөртпелер шығуымен сипатталатын, ауыз қуысының шырышты қабаттарында зақымдану қоздыратын жедел инвекция.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Rhаbdoviridae
Туыстастығы: Vesiculovirus – арбовирустар тобына жатады. Тасымалдаушылар – организмінде вирус көбейген әр түрлі масалар.
Диагностикасы. Зерттеу материалы- везикулалар бөліндісі. Вирусты бөліп алу – жасуша дақылдарына жұқтыру. Серологиялық диагноз қою – КБР, РИТ, РИФ.
Емдеуі. Симптоматикалық,
Алдын алу. Медициналық сақтану шаралары. Вакцина егу әлі жасалмақ.