Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.69 Кб
Скачать

Ротавирустар.

Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Reoviridae

Туыстастығы: Rotavirus

Морфологиясы. Ротавирус-РНҚ вирус. Пішіні сфера тәрізді, капсиді бар, капсиді 2 белокты қабаттан тұрады: сыртқы және ішкі. Электронды микроскоппен қарағанда пішіні дөңгелек тәрізді болып көрінгендіктен, вирусты ротавирустар деп атайды, себебі «rota-» сөзі латын тілінен аударғанда дөңгелек деген мағынаны береді. Ротавирустар өте нашар көбееді, ал резистенттілігі жоғары.

Антигендік қасиеті. 9 серовары бар.

Эпидемиологиясы: ротавирусты инфекция әлемнің көптеген елдерінде тараған. Ротавирустардың әсерінен 2 жастағы балалар асқазан-ішек жолының бұзылыстарынан зардап шегеді. АҚШ-та жыл сайын 1-4 жас аралығындағы 1 млн балаларда ротавирусты диарея тіркеледі. Балалардың 150-і көз жұмады. 90% үлкен балалардың қанынан антиротавирусты антиденелер табылған, яғни бұндай көрініс ротавирустардың қанда көп мөлшерде екенін дәлелдейді. Инфекция көзі ауру адам және вирус тасымалдаушылар. Күз және қыс айларында бұл ауру жиілейді. Берілу механизмі: фекальді-оральді жол. 1 гр нәжісте 1 және 100-ге дейін вирустар табылады.

Патогенезі. Инкубациялық кезеңі 15 сағат – 7 күн. Ротавирустың көбеюі және жинақталуы асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігінде, 12 елі ішектің эпителий жасушаларында өтеді. Ротавирустар тоқ ішектің жасушаларын зақымдап оларды өлтіреді. Вирустар ішектің шырышты қабатында жинақталады да ішектің саңылауына түседі, су және электролиттер жоғалу нәтижесінде 1-ші және 2-ші дәрежедегі дегидратация пайда болады. Электронды микроскоппен қарағанда тоқ ішектің шырышты қабатының жасушалары тегістеліп, түктері қысқарған болады. 4-8 жұмадан кейін тоқ ішектің шырышты қабаты өз қалпына келеді.

Клиникалық белгілері. Ауру жедел басталады. Дене температурасы 37,90 және одан жоғары болады. Эпигастральды аймақтағы ауырсыну сезімі, жүрек айну, құсу ең алғашқы симптомдары.

Кейін науқастың нәжісінде қан және сілекей пайда болады. Бұл интоксикацияның дәлелі. Құрсақ қуысын пальпациялағанда науқас ауырсынады. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Ас қорыту органдарының зақымдалу белгілері 2-6 күн сақталады.

Диагностикасы. Негізгі әдісі: вирусоскопиялық, серологиялық, экспресс диагностика үшін ИФА, РНҚ зонд қолданылады.

Емі және профилактикасы: Этиотропты терапия үшін қолданылатын заттар жоқ, симптоматикалық ем жүргізіледі. Бұл ем арқылы диареяны жеңілдетеді, дегидратацияның алдын алады.

Тогавирустар.

Табиғи – ошақты инфекция шақыратын вирустар. Togaviridae тұқымдастығына, Alphavirus туыстастығына кіреді. Диаметрі 45-75 нм болатын сфера пішінді вириондар. Геномы бір жіпшелі РНҚ+молекуласынан тұрады. Шаршы типті симметриялы капсидпен қоршалған. Капсидтің ұзындығы шамамен 10 нм, беткейінде гликопротеинді тікенектер бар суперкапсид қаптайды.

.

Тогавирустардың репродукциясы цитоплазмада жүреді.

Эпидемиологиясы. Тогавирусты жұқпалар жылы аймақтарда жиі тіркеледі. Тогавирустар арбовирустарға жатуы олардың омыртқалы жануарларжәне буынаяқты тасымалдаушылар байланысын анықтайды. Себебі, оларда ұзақ вирусемия дамиды. Ол өз кезегінде тасымалдаушылардың көп мөлшерін зақымдайды. Мысалы, кенелер мен масаларды тогавирустардың негізгі табиғи иесі құстар. Қоздырғыштың шеңберіне адамның қосылуы табығатта кездейсоқ және жұқтыру процесінің соңы болып табылады. Себебі, адам тасымалдаушылардың көп мөлшеріне жұқтыра алмайды. Тогавирустар түрлік спецификалық (суперкапсидті гликопротеин V2), топтық спецификалық (суперкапсидті гликопротеин V1) деп бөлінеді.

Патогенезі және клиникалық көріністері. Вирустар буынаяқтылардың тіндері мен ағзаларында, соның ішінде сілекей бездерінде көбееді. Адамдардың немесе жануарлардың қанын сорған кезде вирус қанға түсіп, ішкі ағзаларға тарайды. Қоздырғыштың алғашқы репродукциялануы қан тамырларын, лимфалық түйіндердің, фагоциттердің жасушаларында атқарылады. Содан көбейген вирустар қанға түседі. Вирусемия дамиды, дене температурасы көтеріледі, тері беткейлерінде бөртпелер пайда болуы мүмкін. Кейде артриттер, қан кету туғызуы ықтымал.

Микробиологиялық диагностикасы. Тогавирусты инфекциялардың диагностикасына виросологиялық, биологиялық және серологиялық әдістерді қолданады. Зерттеу зат ретінде қан, зәр алынады.

Емдеуі. Антивирустық препараттар – рибавирин, интерферон, реаферон т.б қолданылады.

Алдын алу. Спецификалықпрофилактика мақсатында инактивацияланған өлі вакцина қолданылады.