Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
108.69 Кб
Скачать

Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары. Приондар. Энтеро-нейровирусты инфекциялардың қоздырғыштары. Ротавирустар, энтеровирустар, тогавирустар, рабдовирустар. Жаңа және жаңадан болатын инфекциялардың қоздырғыштары.

Баяу инфекцияларға тән қасиеттер:

  • Ерекше созылмалы инкубациялық кезең;

  • Үрдіс ағымының баяу прогрессивтілігі;

  • Органдар мен ағзалардың зақымдау ерекшелігі;

  • Летальді жағдай;

Баяу инфекцияларды 2-ге жіктейді: 1) Вирустар шақыратын;

2) Приондар шақыратын;

1) Вирустар шақыратын инфекциялар. Вирус иесінің организмімен әсерлесіп, персистенцияланады. Организмде, яғни белгілі бір орган немесе тін жүйесінде патологиялық процестің дамуына қарамастан вирустың инкубациялық кезеңі бірнеше ай, тіпті жылға созылады, бірақ симптомдар анық біліне бастайды және летальді жағдаймен аяқталады. Осы баяу вирусты инфекциялардың дамуына қолайлы факторлар әлі анықталмаған. Бұл инфекциялар иммунологиялық реактивтіліктің бұзылу нәтижесінде қалыптасады, яғни антиденелердің қалыптасу және вирустарды нейтралдау қасиеті төмендейді.

Баяу вирусты инфекциялардың вирустық сипаттамасы:

  • Диаметрі 25-100 нм аралығындағы бактериалды фильтрлер арқылы өтіп кетеді;

  • Қорек ортасында өспейді;

  • Организмдегі вирус конценрациясы жоғары болса, адам өледі;

  • Көкбауырда және басқа ретикулоэндотелиалды жүйенің органдарында біріншілік репродукцияланып, ми тініне көшеді;

  • Өзінің жаңа иесіне адаптациялану қасиеті өте жоғары;

  • Әр түрлі штамдары адам организміне түскеннен кейін өзінің патогенді және вирулентті қасиеттерін өзгертеді;

  • Әр түрлі штамдарын клондап алуға болады;

Вирустық баяу инфекцияларды жедел вирустық инфекциялардың қоздырғыштары сияқты вирустар қоздыруы мүмкін. Мысалы, қызамық вирусы туа пайда болған прорессивті қызамық және қызамықтық панэнцефалит, ал қызылша вирусы-жеделдеу склероздаушы панэнцефалит (ЖСПЭ) қоздыруға себепкер болалы. ЖСПЭ-ОЖЖ-нің нейрондарында вирус персистенцияланған жағдайда қызылшамен ауырып тұрғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң өліммен аяқталатын, баяу дамитын инфекция, өйткені нерв жүйесінің зақымдану нәтижесінде нейрондар өледі, қозғалыс қабілеттілігі мен психикасы бұзылады. ЖСПЭ негізінде 30-40 жас арасында дамиды, ол вирустың нейрологиялық жасушалардан жетілген түсе алмай персистенциялануымен байланысты. ЖСПЭ кезінде иммундық жауап қызметі бұзылады. Науқастың қан сары суында вирустың NP ақуызына жоғары деңгейде антиденелерді табуға болады. Диагностикасы: зерттеу үшін алынатын заттар: мұрын, жұтқыншақ шайындысы, қан, несеп. Вирусологиялық әдіс: Адамдар мен маймылдардың бүйрегінен дайындалған біріншілік және ауыспалы HELA жасуша дақылдарына жұқтыру. Серологиялық диагноз қою: ГАТР.

Келесі баяу вирусты инфекцияға прогрессивті көпошақты лейкоэнцефалопатия (ПКЛ) жатады. ПКЛ көбінесе иммундық статусы төмендеген, яғни ЖИТС, лейкемия және лимфомамен ауратын адамдарда жедел дамиды. Ауру неврологиялық бұзылыстар шақырып өлімге әкеледі. Инфекцияның қоздырғышы – полиомавирус JC – нейроглия жасушасын зақымдайды. Гиальді жасущалардың бүлінудің негізгі механизмі, ген – промотордың мутациясы нәтижесі. Жалпы вирустың репродукциясы жедел өтеді. Ал, иммунды статусы қалыпты адамдарда вирус геномы жасуша геномымен интегралданбайды да, инфекция латентті түрде өтеді. Иммуннодефект дамыған жағдайда қоздырғыш активті репликация фазасына көшеді. Диагностикасы: биопаттардан құрамында қосынды денешіктер бар олигодендроциттер мен астроциттерді анықтау, сонымен қатар приматтардың жасуша культурасын зақымдау арқылы қоздырғышты бөліп алу. Клиникасы: ми тінінің диффузды зақымдануы: мидың ақ заты, мишық зақымдалады. Профилактикасы және емі табылмаған.

Лимфоцитарлы хориоменингит кезінде ОЖЖ-і зақымдалады. Ал тышқандарда бүйрек пен бауыр зақымдалады. Ауру қоздырғышы аренавирустардың қатарына жатады. Ауру екі формада – баяу және жедел түрде өтуі мүмкін. Жеңіл формасында адамда дірілдеу, бас ауруы болады, температурасы көтеріледі, жүрек айну, құсу, сандырақтау байқалады және өлімге әкеледі. Ал баяу формасы менигиальді сиптомдармен өтеді. Ми қабыршығының және тамыр қабығының инфильтрациясы жүреді. Профилактикасы: дератизация.

2) Приондар шақыратын инфекциялар. Приондар.

Баяу вирусты инфекциялардың ішінде ОЖЖ-нің зақымдалуына әкелетін аурулар ерекше топқа біріктіріледі. Бұл кезде мидың сұр затының вакуолизациясы жүреді де, губка тәрізді нерв тіні қалыптасады. Ең алғаш осындай патоморфологиялық суреттемеге сәйкес келген ауру – трансмиссивті спонгиоформалы энцефалопатия. Бұл инфекция қоздырғышы бактериалды фильтрден еркін өтіп кетеді және қорек ортасында өспейді, сонымен қатар интерференция байқалады. Міне осы қасыеттеріне сәйкес бұл қоздырғышты вирусқа жатқызады. Бірақ америкалық вирусолог Гайдушек бұл вирустың ерекше қасиеттерін бар екенін анықтады. Олар вирулицидты факторларға өте төзімді және өлген жануарлар мен адамдардың ағзасынан бөлініп алынған қоздырғыштар мен жасуша культурасын зақымдау мүмкін емес. 80 жылдың басында америкалық биохимик Прузинер ұсақ қара малдарда кездесетін спонгиоформалы энцефалопатияның қоздырғышы аномальді вирус емес, төмен молекулярлы белок екенін анықтады және оны «инфекционды прионды белок» немесе «приондар» деп атады.

Нерв жасушасындағы прион синтезі.

Прионды инфекцияның патогенезі. Инфекциялық прионды белок қалыпты нейральды прионды белокты синтездейтін генді мутацияға ұшыратады. Нәтижесінде өзінің кеңістіктік конфигурациясы бойынша өзгешелік жасайтын прионды белок синтезделеді. Прионды белок екі формада болады: 1) Қалыпты немесе клеткалық формада. Белгіленуі – PrPc (Ағылш. Prion Protein of Cell) қалыпты жағдайда ол барлық сүтқоректілердің соның ішінде адамның организмінен табылған. Прионды белоктың синтезін кодтайтын ген адамда 20-хромосомның иығында орналасқан . Ген өте жоғары консервативті және оның жоғары мөлшері нейрондардан табылып отыр. Мұнда прион белок үшін аРНҚ конценрациясы, глиядағыдан қарағанда 50 есе жоғары. Қалыпты жағдайда прионды белоктың организм үшін маңызы зор. Ол нерв импульстарының берілуіне қатысады және ең басты қызметі жасуша, организмнің тәуліктік белсенділік циклін басқарады. 2) Ал прионды инфекциядан зардап адамдарда прионды белоктың басқа формасы анықталады. Белгіленуі – PrPsc. Инфекциялық прионды белоктың организмде жинақталу процесінің механизмі толық зерттелмеген. Қолда бар мәліметтерге сүйене отыру, қазіргі таңда оның механизмі былайша түсіндіріліп отыр: инфицирленген прионды белок сау адамның организміндегі клеткалық прионды белокты трансформациялап, кеңістіктегі конфигурациясының өзгерісіне әкеледі. Бұл кезде прионды белоктың үшіншілік, төртіншілік құрылымы өзгереді. Бұл процесті басқаратын шаперон функциясын орындайтын белок бар және оны «x» белок деп атайды. Төмендегі схемада прионды белоктың жинақталу механизмі көрсетілген. Көріп отырғанымыздай бұл процесс үшін 2 молекулаың байланысуы қажет, нәтижесінде бір– PrPsc әсерінен онымен байланысқан PrPc трансформациясы жүреді де организмде PrPsc екі молекула синтезделеді. Ал процестің 2-ші сатысында PrPsc-ның 2 молекуласы қатысады да, тағы 2 молекула PrPsc белогы пайда болады және осы тізбек үзілмей жалғаса береді: