
- •1 Дүниетаным, оның қоғамдық-тарихи сипаттамасы. Дүниетанымның құрылымы және деңгейлері.
- •61.Диалектика барлық байланыс пен өзгеріс, даму туралы ілім ретінде. Диал-ң альтернативтері: софистика, эклектика, метафизика.
- •62.Болмыстың диалектика категорияларында көрінуі. Жалқылық пен жалпылық, құбылыс пен мән.
- •63.Диалектиканың категориялары: мазмұн және форма, себеп пен салдар, кездейсоқтық пен қажеттілік
- •64Сан және сапалық өзгерістердің диалектикасы. Сапа және сан.
- •65.Өзгерудегі «қарамақайшылық». Диалектикалық қарамақайшылық. Қарамайшылықтың «бірлігі мен күресі».
- •66. «Терістеуді терістеу». Оның мәні
- •67Өлі және тірі табиғат. Тірі табиғатты танудағы философияның және арнайы ғылымдар жүйесінің мәні.
- •68.Экологиялық проблема, оның ғылыми, әлеуметтік-философиялық және этногуманистік аспектілері. Экологиялық сананың қалыптасуы.
- •69.Қоғам - объективті реалдылықтың жүйесі, адам болмысының әлеуметтік тәсілі.
- •70.Қоғамдық-тарихи тәжірибенің, қоғамдық қажеттіліктің, мақсаттардың анализі.
- •71.Тәжірибе – субъект-субъективті қатынастардың бірлігі ретінде. Тәжірибе және сана. Тәжірибе және мәдениет.
- •72.Философиядағы адам проблемасы. Адамның табиғаты, оның өмірінің мәні.
- •73.Антропосоциогенез және оның сипаты. Еңбек-антропосоциогенездің негізгі факторы.
- •75.Адам және адамзат. Тағдырдың ғаламдық бірлігі, қоғамдық өмірдегі интернационализм.
- •76.Сана- адам шығармашылының формасы, көрінісі, әлемді бейнелеудің тәсілі.
- •77.Бейнелеу ұғымы. Өлі және тірі табиғаттағы бейнелеу.
- •78.Сана және психикалық әрекеттің формалары- ойлау, ес (жады), ерік, эмоция. Сана және тіл.
- •79.Қоғамдық және жеке сана. Қоғамдық сананың құрылымы мен элементтері.
- •80.Қоғамдық сананың формалары: саяси және құқықтық сана.
77.Бейнелеу ұғымы. Өлі және тірі табиғаттағы бейнелеу.
Бейнелеу – жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші бір денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен, жүріп бара жатқан адамнан із қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстық пен суықтан , жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, үгіліп, қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашан да жылтыр, теп –тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны. Сана да дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя мен өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғарғы бейнелеу – сананың өзі де бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда Бейнелеудің 2 түрі кездеседі: бірі- изоморфизм, 2-сі гомоморфизм. Изоморфизмде бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен нақты самалет пен оның кішкентай моделі арасындағы ұқсастық, н/е түрлі тастардың бетінде сақталып қалған ертедегі болған өсімдіктер мен жәндіктердің бейнесі. Ал гомоморфизм д/з бейнеленетін объект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде болатыны. М: жер бетінің картадағы көрінісі.
Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнеленуі әр қилы болады. Өлі материяда ондай бейнелеу негізінде зат, дене бірте-бірте мүжіліп, үгітіліп, бара-бара жойылып бітеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады.
78.Сана және психикалық әрекеттің формалары- ойлау, ес (жады), ерік, эмоция. Сана және тіл.
Сана ең жоғары ұйымдасқан материя – мидың функ/ясы ретінде бірден пайда болған жоқ.Ол талай дәуірден өтті. Оның пайда болуы 2 факторға байл.: Оның алдында алғашқы адамдар бірі – еңбек, екіншісі – тіл. Тіл де бірден п.б. жоқ Оның алдында алғашқы адамдар бірімен-бірі түрлі дыбыс, қимыл әрекеттер , ымдасу арқ. Ұғысқан.
Тілге байланысты сана қоғамдық құбылыс ретінде дамып, қоғамдық рухани жеміске айналды. Тіл – сананың (ойдың) , материяның көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз (ойсыз ) адам да болмайды. Тіл мен ой ажырамас бірлікте. Сана әрдайым белгілі тілдік негізде өмір сүреді, ол тілмен бірге дамиды. Әрине, тіл – дыбыс түрінде де, үнсіз жазба түрінде де, нышан түрінде де берілетін хабар.Кейбір нышандар бүгінгі дамыған тілдерде де сақталған. Мәселен, көше қиылысындағы бағдаршам, көк, жасыл, қызыл тулар, астапға атылған түрлі-түсті ракета, т.б. Сондай-ақ саусақпен ыммен өз ойын түсіндіру әлі кездеседі. «Ымға түсінбейтін дымға түсінбейді» дейді халық. Бір кезде осындай түрлі әрекеттерден тіл қалыптаса бастады. Сананың толық дамуы тек ана тілі негізінде болады. Тіл тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге ол әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті.
79.Қоғамдық және жеке сана. Қоғамдық сананың құрылымы мен элементтері.
Қандай қоғам болмасын, ол қоғамның үстемдік құрған таптарының мақсаты өздеріне тиімді қоғамдық пікір, саясаты, құқықты моральдық, идеялогиялық принциптерді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Бірақ әрбір адамның ой өрісі қоғамдық санамен ғана толысып, кемелденбейді. Қоғамдық санамен бірге әр адамның жеке санасы болады. Жеке сана объективтік шындықты жалпыға белгілі ұғымдар мен категориялар ды ұғынумен шектелмейді, сонымен бірге объективті өмірді тікелей тану арқ., әр адамның жеке басына, біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, қабілетіне, тәрбиесіне, т.б. сәйкес қалыптасады. Түрлі тарихи жағдайлар, экономикалық, таптық, саяси –әлеуметтік проблемалар жеке санаға әсер етеді. Әрине, жеке сана қоғамдық санадан тар өрісті болады. Ал қоғамдық сананы сақтаушы да, оны іске асырушы да – жеке адамдар. Жеке сана әр адамның дүниеге келуіне, өсіп жетілуіне, дүние салуына сәйкес өмір сүреді. Қоғамдық сананы кім жасайды? Оны жасайтындар да –жеке адамдар. Сонда айырмашылығы неде? Ол былай. Біреудің досына жазған хаты, арызы, көрген білгендерді күнделікті өмір мен күйкі-күйбең тіршілікпен шектелетін болса, ол жеке санаға жатады. Ал егер сол хатта үлкен бір теориялық, не көптік мәселе қозғалса, ондағы пікірлер қоғамдық болып табылады.