Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_osnovnaya.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
267.26 Кб
Скачать

61.Диалектика барлық байланыс пен өзгеріс, даму туралы ілім ретінде. Диал-ң альтернативтері: софистика, эклектика, метафизика.

Болмысты, бүкіл әлемдік құбылыстарды – табиғатты, қоғамды ж/е адам-ң ой санасын өзгерісте, қозғалыста, дамуда ж/е өзара байланыста қарастыратын фил-қ ілім дамудың фил-қ теориясы, яғни диалектика болып табылады. Ол бүкіл дүниеге тән байланыстар мен дамудың жалпылама, әмбебап заңдылықтарын зерттейді. Сонымен бірге, диалектика адамды және оны қоршаған ортаның біртұтастығын әрі өзгермелігін басшылыққа алатын ойлау тәсілі де болып табылады. «Даму дег/з не?» Дамудың қайнар көзі қайда? Құбылыстар неге дамиды? Даму қалай, қайтып іске асады? Оның бағыты қандай? Деген сияқты сұрақтар диалектика үшін аса маңызды. Олардың жауабы диалектиканың мәнін құрайды десек те болады. Бұл сұрактарға жауап іздеу ф/я ілімінің пайда болу, қалыптасу ж/е тарихи даму кезеңдерімен өте тығыз байланысты.

Диалектикаға қарама –қарсы қалыптасқан даму концепциясы, танымдық ж/е ойлау әдісі метафизика д.а.

Электика –өзара іштей қабыспайтын,кейде тіпті бір біріне қарама қарсы тұрған көзқарастарды, идеяларды, принциптерді жай ғана механикалық түрде біріктіріп, дамудағы объект туралы түйін жасады. Түрлі құбылыстар мен процестерді танып, білуде, нақты бағалауда мұның да аса зиянды екені түсінікті болса керек.

62.Болмыстың диалектика категорияларында көрінуі. Жалқылық пен жалпылық, құбылыс пен мән.

Материалдық дүние алуан түрлі заттар, құбылыстар мен процестер түрінде өмір сүретіні белгілі. Дара затты, құбылысты, процесті бөлек деп қарастыруға болады. Әрбір бөлектің тек өзіне ғана тән, қайталанбайтын белгілері, байланыстары мен қасиеттеріболады. Мысалы, нақты студентті (Мысылы, Қалқаман Айжан, Рахметолла М.) басқалармен шатастырмаймыз, оның өзіндік қабілеті, бет-бейнесі бар. Заттың, құбылыстың, процестің өзіне ғана тән, қайталанбайтын ерекшеліктері жалқылық деген ұғымды білдіреді. Әрине, әрбір бөлек құбылыс жеке қасиеттерімен, байланыстарымен , белгілерімен даралана отырып, материалдық дүниенің құрамдас бөлігі, оның өмір сүру әдісінің белгілі бір түрі болып табылады. Себебі өзге дүниеден оқшау қалған, байланыстан, қозғалыстан, тұтастықтан сыртқары тұрған ештеңе де жоқ. Жоғарыдағы студент жеке дара оқшаулықта өмір сүріп жатқан жоқ. Ол басқалармен бірге білім алады, өмір сүреді, таңдаған мамандығына дайындық жасайды. Олай болса, бұл нақты студенттің басқа студенттермен ортақ қасиеттері, белгілері,арман-тілегі, өмір салты бар. Ендеше, жалпылық деген-з белгілі бір құбылыстар тобына ортақ маңызы ұқсас белгілер жиынтығы.

Мән мен құбылыс ішкі жіктелу қатынасы, жіктелу формасы, оның әр түрлі жақтарының өзара бірлігі, тұтастылығы әрі бір-біріне қайшылығы, қарама-қарсылығы. Ол қатынасты адам өміріндегі әлеуметтік процестер-ң ішкі ж/е сыртқы жақтары-ң ара қатынасы деуге б/ы. Мән мен құбылысты ажырату, бірақ оларды бір-біріне толық тәуелсіз алып қарауға, түсінуге болады деген сөз емес. Мән қандай да болмасын дербес процест-ң негізгі жағы. Яғни, біз белгілі бір дербес, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін олардың тек ішкі мәнін анықтау арқылы біле аламыз. Мән мен құбылыс тұтастықтың тең жақтары емес, оның анықтаушы жағы – мән. Бірақ мән өзін тек құбылыстары арқылы анықтай алады. Құбылыстар саналуан. Бір мәннің өзі көптеген формада көрінеді, дәлірек айтсақ, мән көріну формалары арқылы қалыптасады, дамиды. Өйткені мән о бастан-ақ өзгермейтін нәрсе емес, оның өзі белгілі қалыптасу, жетілу ж/е жоғалу, өшу жолынан өтетін нәрсе. Сондықтан оның осы жолдан өтуінің әрбір кезеңі көптеген формаларда іске алуы мүмкін нәрсе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]