Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_6_7_9_gaukhar_obzh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать
  1. Жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту және өндірістегі нұсқау.

Кәсіпорындарында өндірістік травматизмді азайту үшін жұмысшыларға еңбектің қауіпсіз әдістері мен тәсілдері жөнінде дер кезінде және сапалы нұсқау беріліп отыру керек.

Барлық кәсіпорындарында олардың қауіп-қатерлік өзгешелігі мен дәрежесіне және жұмысшылардың мамандық дәрежесімен еңбек стажына қарамай еңбек қорғау жөнінде нұсқау міндетті түрде жүргізілу керек.

Нұсқаудың бірнеше түрлері болады: кіріспе нұсқау, жұмыс орнында бірінші нұсқау, қайталанған нұсқау, жоспардан тыс нұсқау күнделікті нұсқау.

1. Кіріспе нұсқау. Жұмысқа жаңадан алынатын барлық адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды арнайы программа бойынша еңбек қорғау инженері немесе басқа бір техникалық қызыметкер жүргізеді Нұсқауды жүргізу барысында жұмысшылар мынандай жайлармен танысады: өндірістің өзгешелігі, қауіптілік пен зияндылықтың көздері, еңбек қорғау заңдарының негіздері, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігінің мәселелері, жеке қорғаныш құралдары.жарақаттанған адамдарға бірінші (жедел) медициналық көмек көрсету әдістері тағы баска жағдайлар.

Нұсқау өткізілгеннен кейін жұмысшылардың білімі тексеріліп нұсқау өткендігі жөнінде арнайы журналға тіркелінеді.

2. Жумыс орнында бірінші нұсқау. Жұмысқа алынған барлық адамдармен немесе бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауысқанда және командировкамен келген адамдармен жүргізіледі. Бұл нұсқауды мас тер немесе-басқа жұмыс басшыларының біреуі жүргізеді. Ол әр жұмысшыны жеке тікелей жұмыс орнында еңбектін қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Мұнда жұмысшылар технологиялық процеспен, құрал-саймандармен; жумыс орнын қауіпсіздендіру жолдарымен, жұмысқа кірісуге дайындық ретімен, қорғану құралдарын пайдалану ережелерімен, өрт және электр қауіпсіздік шараларымен тағы басқа мәселелермен танысады.

Нұсқау өткеннен кейін жұмысшылардың білімі сыналып, олар 2-3 смена бойынша мастердің ( бригадирдін) бақылауымен жұмыс істейді, содан соң оларға өз бетімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл нұсқаудың жүргізілуі журналға тіркелінеді.

3. Қайталанған нусқау мамандық дәрежесі мен еңбек стажына қарамай барлық жұмысшылармен өткізіледі. Мамандықтардың өзгешелігіне сәйкес бұл нұсқау әрбір 3-6 айда жүргізілу керек. Бұл нұсқаудың мақсаты- жұмысшылардың еңбек қорғау ережелерінен білімдерін тексеру және оны жоғарлату болады. Нұсқау өткендігі жөнінде журналға жазылу керек.

4. Жоспардан тыс нұскау еңбек қорғау ережелері немесе технологиялық процестер өзгергенде жұмыскерлер қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайларда, жұмыста үлкен үзіліс (30-50 күн) болғанда өткізіледі. Бұл нұсқауда журналға тіркелінеді.

5. Күнделікті нұсқау наряд-допуск дайындап істелетін жұмыстарды жүргізу алдында өткізіледі. Бұл нұсқаудын өткізілгендігі сол наряд-допусктің өзінде көрсетіледі.

  1. Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Тергеп-тексерілетін және есепке алынатын өндірістік жарақаттар.

Өндірістік травматизм мен кәсіби аурулардың басты себептері

 

Сәтсіз оқиға өздігімен пайда болмайды, әр сәтсіз оқиғаның өзіндік себебі болады. Ол оқиғамен тікелей байланысты құбылыс, әрекет немесе әрекетсіздік түрінде болып келеді.

Кәсіпорындарда травматизмнің себептері өте көп және әртүр болады. Тіпті 100 сәтсіз окиғалардың ішінен бір келкі екі сәтсіз оқиғаны табуға болмайды. Сондықтан қазіргі кезде сәтсіз оқиғалардың себептерінің жалпылай қабылданған классификациясы жоқ, тек кана мынандай топтау қолданылады.

 1. Техникалық себептер

 1. Машиналардың, механизмдердің, құралдардың; кемшіліктері.

2. Олардың ақаулығы.

3. Технологиялық процесстердің, жабдықтардың, құралдардың жетілмегендігі.

4. Қоршау және- сақтық құралдарының жоқтығы.

5. Еңбек құрал-саймандарының қауіпсіздік талаптарына сәйкес болмауы.

 2. Ұйымдастыру себептері

 1. Еңбек процесін дұрыс ұйымдастырмау.

2. Технологиялық процестерді бұзу.

3. Жұмыс орындарын дұрыс пайдаланбау.

4. Жұмыс түріне сәйкес емес құралдарды қолдану.

5. Жұмыскерлердің еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне құыпты үйретілмеуі.

6..Еңбек қорғау жөнінде нұсқау жүргізілуінің сапасыздығы.

7. Қауіпсіздік жөнінде бақылаудың жоқтығы.

8. Жұмыскерлердің мамандығына сәйкес пайдаланбауы.

9. Біле тұра жұмыстың қауіпті тәсілдерін қолдану.

10. Еңбек тәртібінің төмендігі.

11. Жұмыскерлердін еңбек ету және демалу режимдерінін бұзылу.

12. Дербес қорғаныш құралдарынын пайдаланбауы.

13. Жұмыскерлердің әрекет-істерінін келісілмегендігі.

 3. Санитарлы-гигиеналық себептер

 1. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар.

2. Ауаның ластығы.

3. Ұнамсыз жарық.

4. Зиянды сәулелер.

5. Шуыл, вибрация, солқылдау, ультразвук.

6. Жұмыс бөлмелерінің тарлығы.

7. Жұмыс орындарының ластығы.

8. Гигиена ережелерін бұзу.

9. Медициналык, бақылаудын жоқтығы.

 4. Психофизиологиялық себептер

 1. Аңғалдық (көніл қоймаушылың).

2. Еске сақтамаушылық (ұмытшақтық).

3. Баяулық.

4. Шаршағандық (қажығандық).

5. Менмендік пен ұқыпсыздық.

6. Өзін өзі бақылауды әлсірету.

7. Желікпелік.

8. Жұмысқа қажетсіз тәуекелдік жасау.

9. Қауіпсіздік ережелерін орындамау.

10. Істейтін жұмысын ұнатпау.

11. Коллектив ішінде жағымсыз жағдайлар.

 5. Экономикалың себептер

 1. Мерзімнен тыс жүмыс істеу.

2. Жұмыстың тұраңсыздығы.

3. Тұрғын үй балабақша, азық-түлік дүние-мүлік тағы басқа ыс мәселелерінін шешілмегендігі.

4. Жалақыны уақытында бермеу.

6. Табиғи себептер

 1. Стихиялық апат пен жаппай эпидемия.

2. Келтірілген тізім травматизм мен кәсіби аурудардын барльқ себептерін толық қамтымайды, мұнда тек олардың бастылары ғана көрсетілген.

 Өндірісте сәтсіз оқиғаларды тексеру және тіркеу

 Өндірісте травматизм жәнө кәсіби аурулармен маңызды күрес жүргізу үшін кәсіпорындарында болған сәтсіз оқиғаларды мұхият тексеріп отыру керек.

Арнайы Ережеге сәйкес қай жұмыста бодмасын жұмыскерлермен бодған сәтсіз оқиғалар міндетті түрде тексерілу және тіркелу керек. Тексерілу мен тіркелуге жататын сәтсіз оқиғалар: зақымдар улану және кәсіби аурулар, ыстық соғу, күйіктер, үсіну, суға кету, найзағай түсу тағы басқа өндірісте болған оқиғалар.

Өндірісте әр сәтсіз оқиға егер ол бір жұмыс күні бойы және одан артық мезгілге жарақаттанған адамның жұмысқа жарамсыздығын немесе оны басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіншілігін туғызса, ауырдың мен зардабына байланысты 10 сөткенің ішінде тексеріліп, оның нәтижесі бойынша әр жараланған адамға Н-І актісі жасалынады.

Сәтсіз оқиғаларды әділдікпен, дер кезінде тексеріп, материалдарын дайындап тіркеу адамның денсауллығына тиген зиянның есесін төлеу; оған жеңілдіктер мен компенсация беру; сәтсіз оқиғалардың себетттері мен зардабын жз жөнінде шаралардын орындалу жауапкершілігі кәсіпорны бастығына жүктеледі. Ал осы мәселелерді міндетті түрде жешілуін енбек қорғау департаментінің мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы мұхият бақылап отырады. Ол жұмысын басқа мемлекеттік, ведомстволық және қоғамдық қадағалау және бақылау органдарымен бірлесіп жүргізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]