
- •Еңбек қорғау жөнінде қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері.
- •Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Сәтсіз оқиғалардың тергеп-тексеру тәртібі (қызмет тексеру).
- •Зиянды заттардың адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Зиянды заттарды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
- •Қр еңбек Кодексі. 18 жасқа толмаған қызметкерлер -181 бап, ауыр және зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер – 202 бап және мүгедек қызметкерлер 224 бап жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы.
- •Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің екі және бір фазалық қосылу схемасына тиісу жағдайын талдау.
- •6. Кәсіпорындардың өрт қауіпсіздігі
- •Еңбек қорғау жөнінде жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
- •Өндірістік шаңның адам организміне тигізетін әсері. Ашк. Өндірістік шаңды нормалау, қорғану шаралары, өлшеу аспаптары.
- •Өндіріс бөлмелерінің электр қауіптілігі бойынша топтасуы.
- •Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің нейтралі оқшауланған схемасына тиісу жағдайын талдау.
- •Жұмысшыларды қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқыту және өндірістегі нұсқау.
- •Өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулар. Тергеп-тексерілетін және есепке алынатын өндірістік жарақаттар.
- •Автоматты өрт сөндіру құралдары.
- •Қр еңбек Кодексі. Жұмыс уақыты (ұзақтығы қалыпты, қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты) 76,77,78,79 баптары. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу, олардың шекті саны 88,89 баптар.
- •Өндірістік шудың адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Шудан қорғайтын шаралар мен құралдар.
- •Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қызметкерлердің жауапкершілігі.
- •21. Өндіріс бөлмелерінің метеорологиялық жағдайлары. Микроклиматты нормалау, өлшеу аспаптары.
- •25.Өндірістік жарақаттардың себептері және талдау әдістері.
- •Электр тоғынан қорғану шаралары.
- •4 Алғашқы өрт сөндіру құралдары.
- •48.Еңбек қауіпсіздігі саласындағы қадағалау мен бақылау.
- •49.Иондағыш сәулелердің адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Сәулелерден қорғайтын шаралар мен құралдар.
- •57.Өндіріс бөлмелерінің өрт қауіптілігі бойынша топтасуы.
- •54.Тергеп-тексерілетін, есепке алынатын және тергеп-тексерілмейтін, есепке алынбайтын өндірістік жарақаттар.
Өндіріс бөлмелерінің электр қауіптілігі бойынша топтасуы.
Электр тоғымен зақымдану кауіптілігі көбінесе айналадағы ортаның-жағдайымен байланысты болады. Бұл жағдайлар: ылғалдық тоқ өткізгіш еден мен тозаңның барлығы, жермен қосылған металл заттардын кептілігі, белменін ыстықтыты, ауада электр изолясын бүлдіретін агрессивті заттар болуы т.б.
Бұл көрсетілген қолайсыз жағдайларда электр жабдықтардын әншейінде электр тоғы жүрмейтін металл бөлшектеріне тоқ пайда болып, адамдарды тоқ соғып, зақымдану қауіпі тууы мүмкін.
Сондықтан айналадағы ортаның сипатына және жағдайына қар тоқ соғу қауіптілігі бойынша барлық өндіріс бөлмелері үш топ бөлінеді: қауіптілігі төмен бөлмелер, қауіптілігі жоғары белмелер, қауіптілігі өте үлкен белмелер.
Қауіптілігі темен бөлмелерге жатады: құрғақ, ауа ылғалды-75% артық емес, жылы, бірақ ыстық емес (t ≤ + 35°С) тоқ өткізгіш едені және тозаны жоқ; жермен қосылған металл затта көп емес.
Қауіптілігі жоғары бөлмелерге жатады: дымқыл, ауа ылғалды 75% артық, құрғақ, бірақ от жағылмайтын; тоқ өткізгіш едені мен тозаны бар; ыстың (t > + 35°С) жермен крсылған мета заттары көп.
Өте кауінті бөлмелерге жатады: өте дымқыл, ауа ылғалы 100 дейін, электр изоляциясы мен тоқ өткізгіштерді бүлдіретін агрессивті заттар бар, кауітттілігі жоғары бөлменін екі және одан көп белгілері бар.
Электр тоғымен зақымдану. Адамның электр желісінің нейтралі оқшауланған схемасына тиісу жағдайын талдау.
Электр тоғымен зақымданудың себептері
Статистикалық мәліметтерге қарағанда өндірісте электр тогы соғудан туатын сәтсіз оқиалардың ішінде шамамен 1% қана болады, ал ажалды сәтсіз оқиғалардың ішінде тоқ соғу өлімі 40% дейін барады. Соныментоқ соғудан болған зақымдардың көпшілігі ауыр жағдайлармен аяқталады және тоқ соғуынан болған өлімді сәтсіз оқиғалардың 80% кернеуі төмен (30<В) электр қондырғыларының үлесіне жатады.
Электр тоғымен зақымдану көбінесе өндірісте жұмыс бабымен тоқпен жиі қатысатын қызметшілердің арасында кездеседі, олар электр слесарлар, электр пісірушілер, электр жөндеушілер, электр құралдармен жұмыс істейтін адамдар т.б. Электр жабдықтары пайдалану барысында тоқ соғып, зақымдану оқиғалары негізінлде қауіпсіздік техникасының ережелерін орындамаудың салдарынан пайда болады.
Электр тогынан пайда болған сәтсіз оқиғалардың себептері өте көп және әртүрлі болады. Олардың бастылары мыналар:
1. Тоғы бар өткізгіштерде кездейсоқ тиісу;
2. Әншейінде тоқ болмайтын, бірақ кейбір жағдайларда тоқ пайда болатын, электр қондырғыларының бөлшектеріне тиісу;
3. Электр жабдықтардың ақаулығы;
Қорғаныш жержалғасының немесе автоматтық ажыратудың жоқтығы, не олардың нәтижелігінің төменділігі.
Тоқ өткізгіштер жүйісінің дұрыс есептелмегендігі;
6. Электр монтаж және жөндеу жұмыстарын кернеу бар кезде және қорғану құралдарын пайдаланбау жүргізу;
7. Қызметшілердің келісімімен және жансақ әрекеттері;
8. Тоқ өткізгіш сым жерге түйісіп, жер бетіне адымдық кернеу пайда болу;
9. Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігіне жеткілікті үйретілмегендігі және қауіпсіздік бақылау жұмыстарының нәтижесіздігі.
Бұл көрсетілген себептер барлық тоқ соғу жағдайларын түгел қамти алмайды, олар өте көп және әртүрлі болады. Тіпті тәжірибесі мол, еңбек стажы үлкен, квалификациясы биік жұмыскерлерде кездейсоқ тоқ соғып, зақымдануы мүмкін. Сондықтан өндірісте электр зақымдарын болдыртпау үшін барлық тиісті шараларды мұқият орындап отыру керек.
Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әртүрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері.Бұл жағдайладда адам денесінің басты мүшелерінің (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін.
Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттері, сүйектер т.б. органдадың қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тогының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ерітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсері – дегеніміз электр тогының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды ткандарын қоздырып, бұлшық еттерінің ерексіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеттері бұзылады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттері үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып т.б. жараланудан болады.
Сонымен адам денесінен өткен электр тогының әсерінен организмде әртүрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қаупі тууы мүмкін.
Бұл көрсетілген электр тогының организмге тигізетін әртүрлі әсерін біріктіріп негізгі 2 топқа бөлуге болады: электр зақымдары және электр моққысы.
Электр зақымдары дегеніміз дененің әр жерінде анық білінген жарақаттар, оларға жататын электр күйіктері, терінің металлдануы, электр офтальмиясы, механикалық зақымдар.
Күйіктер денеден үлкен ток өткен жағдайда немесе тоқ өткізгішке тиіскенде электр дугасының әсерінен металл балқып, оның бөлшектері мен буы терінің астына кіруі мүмкін. Бұл жағдай пісіру жұмысы, рубильникті щиттан ажырату, тоқтың қысқа тұйықталу кезінде пайда болады.
Элект офтальмиясы деп электр дугасының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен көздің сыртқы шырышты қабығының қабынуын айтады.
Механикалық жарақаттар тоқтың әсерінің бұлшық еттерінің еріксіз қатты дірілдеп, тартылып, қысқаруынан болады. Бұл жағдайларда ет жыртылып, қан тамырлары үзілу, сүйек сыну, буындар орнынан шығу зақымдары пайда болады.
Электр соққысы деп тоқтың әсерінен дене еттерінің қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақаттар болмайды, тек барлық организм біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу әрекеттері бұзылып, қан айналысу және дем алу процестері тоқтатылуы мүмкін.
Электр соққысының 4 дәрежесі болады:
Адам естен танбайды, бұлшық еттері еріксіз дірілдеп, құрысып тартылады;
адам естен танады, бұлшыұ еттері дірілдеп тартылады, бірақ жүрек пен өкпе жұмыс істейді;
Адам есінен танып, жүрек пен өкпенің жұмыс істеу әрекеттері бұзылады;
Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процесі тоқталады.
Клиникалық өлім кезінде адамның дем алысы, жүрек соғуы, организмнің ешқандай реакциясы болмайды. Бірақ организм әлі тірі болады. Осы кезде оған жедел медициналық көмек көрсетсе (жасанды тыныс алу, жүрек әрекетін қоздыру) оны тірілтуге болады. Ал егер бұл мерзімнен уақыт өткетсе, клиникалық өлім биологиялық өлімге айналып, адамды тірілтуге болмайды.
Электр тоғынан болған өлімнің себептері: дем алу және жүрек соғуы тоқталуы, жүрек фибрилляциясы, электр шогі. Фибрилляция дегеніміз жүректің ырықсыз, ретсіз соғуы болады. Бұл жағдайда жүрек қанды айдамай, қан айналысы тоқтап, асфикция болады.
Электр шогі деп денеден өткен тоқтың әсеріне жауап ретінде организмнің ауыр нерв рефлекаторлық реакциясын айтады. Бұл реакция қан айналысын, тыныс алысын, заттар алмасуын, т.б. қауіпті зиянды өзгерістер туғызады.