Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_6_7_9_gaukhar_obzh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать

6. Кәсіпорындардың өрт қауіпсіздігі

Өрт адамның басқаруынан және бақылауынан шыққан жану процесі болады, басқаша айтқанда өрт деп бақылауға болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, материалдық шығын келтіретін жану процесін айтады. өрт халық шаруашылығына үлкен зиян, өте зор экономикалық шығын келтіреді, кейбір жағдайларда адамдар зақымданады.

Өрт кезінде от жалынының үй көлемінде жайылып, өрістеуін шектеу үшін әртүрлі кедергілер орнатылады: өртке қарсы қабырға (брандмауэр), жабын, қалқа, есік, қақпа, үй аралығы, люк, тамбур, шлюз т.б. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалынады. Брандмауэр дегеніміз от төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем емес жанбайтын бітеу қабырға. Ол фундаментке орнатылып, үйдің барлық элементтерін тігінен кесіп өтіп, шатырдан 30-60 см жоғары шығып тұрады. Брандмауэрлер ішкі, сыртқы, көлденең және бойлық болып келеді. Брандмауэрлер үйді бірнеше бөліктерге бөледі. Брандмауэрда есіктер мен қақпалар отқа жанбайтын немесе баяу жанатын материалдан жасалады, олардың от төзімділік шегі 1,2 сағаттан кем болмауы жөн. Брандмауэр тесіктерінің жалпы ауданы оның ауданының 25% аспауы керек. Бір үйде бірнеше брандмауэр болуы мүмкін. Олардың саны үйдің өрт қауіптілік категориясы, от төзімділік дәрежесі, этаждылығы және ауданы бойынша анықталады. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерде қолданылады. Олар үйдің тік бойымен оттың этаждан этажға тарамауын қамтамасыз етеді. Бұл жабындар жанбайтын құрамы не тұтас темір бетон түрінде болады. Олардың от төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем болмауы керек.  Өрт бір үйден екінші үйге ауыспау үшін олар бір-бірімен тиісті аралықта болу керек. Бұл аралықтың шамасын анықтауда көрші үйдің жанын мүмкіншілігінің басты себебі өрт жалынының шығатын жылу сәулелері екендігі есепке алынады. Өрттен сақтық аралықтың мөлшері үйлердің өрт қауіптілік категориясы мен от төзімділік дәрежесі бойынша белгіленеді, ол нормаға сәйкес 9-18 м тең болады.

Өрт шыққан кезде адамдарды (дүние-мүліктерді де) бөлмелерден қауіпсіз және тез шығару үшін үйлерді жобалау және салу барысында шығыс есіктері мен жүріс жолдлары белгіленеді. Олар адамдардың қысқа жолмен және аз уақыттың ішінде сыртқа қауіпсіз шығуын қамтамасыз ету керек. Бірақ барлық шығыс есіктері (ойықтары) эвакуациялық ретінде бола бермейді.  Бөлмелердің эвакуациялық шығыс есіктері екіден кем емес және әр жерда орналасқан болу керек. Эвакуациялық жолдар деп адамдардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етіп, оларды сыртқап шығаратын есіктерге жеткізетін жолдарды айтады. Оларға жататындар: саты, коридор, фойе, галерея т.б. Лифт эвакуациялық жол ретінде есепке алынбайды. Ең алыс жұмыс орны мен сыртқа не басқыш алаңына шығаратын есіктің аралығы үйдің өрт қауіптілік категориясы, от төзімділік дәрежесі және  көлемі бойынша анықталады (40-240 м).Эвакуациялық шығыс есіктері мен жүріс жолдарының ені де өрт қауіптілік категорияға, от төзімділік дәрежеге және адам санына сәйкес нормамен қабылданады (0,8 м кем болмауы керек). Жүретін жерлердің биіктігі 2 м артық болғаны жөн. Адамдарды өртенген үйден қажетті эвакуациялық уақыты оның өрт қауіптілік категориясы мен көлемі бойынша СНиЕ 2.01.02-85 нормаларымен белгіленген, ол 0,5-3 мин тең болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]