Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_6_7_9_gaukhar_obzh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать

49.Иондағыш сәулелердің адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Сәулелерден қорғайтын шаралар мен құралдар.

Түрлері және адам органихміне тигізетін әсері қазіргі кезде иондағыш сәулелер көздері халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайдаланады. Өндіріс процесстерін автоматтау және бақылау шығарылған бұйымның сапасын анықтауда метталургия, медицина, құрылысты т.б. жағдайларда кең өолданылады.

Барлық иондағыш сәулелер ішінде өндірісте олардың 5 түрі кеңірек қолданылады: α, β, γ, n, p.

Иондағыш сәулелер әсерінен адам организімінде пайда болатын сәуле ауруы жергілікті және жалпылама ауыр және созылмалы түрінде өтеді. Адам организіміне сырттан және іштен тигізуі мүмкін. Сыртқы сәулелену сырттағы сәуле көздерінен болады, ал ішкі сәулелену организмнің ішіне түске радтоактивті заттар әсерінен. Организмде мынадай өзгерістер болуы мүмкін: шаш түсу, қан ағару, тері аурулары, әлсіздік т.б. Адам органдары сәулелеріне сезімталдығына қарай 3 топқа бөлінеді:

1.Ең сезімтал мүшелер. М: гонадалар

2.Жілік майы, көз жанары, бүйрек, өкпе

3.Тері, сүйек, білек, сирақ, табан т.б.

Радиоактивті заттармен жұмыс істейтін ададмдарға кқауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету үшін арнайы нормалар (НРБ) және радиоактивті заттарды шекті дозасы (АШД). Радиоактивті заттармен байланысу шамасына қарай адамдар 3 категорияға бөледі.

Категория А – ионданған сәулелер көздерімен тікелей жұмыс істейтін адамдар.

Категория Б – иондағыг сәулелердің көздерінің тікелей жұмыс істейтін, бірақ қызмет немесе басқа жағдайлармен олардың әсерінде болатын жағдай.

Категория В – халықтың қалған бөлігі.

Категория А адамдар үшін – 5 бэр/ж

Категория Б – 0,5 бэр/ж

Категория В – 0,17 бэр/ж

Иондағыш сәулелерден қорғану шаралары

1.Арақашықтықпен қорғану

2.уақытпен қорғану

3.Экранмен қорғану

4.бөлмелерді дұрыс жоспарлау

5.Бөлмелерді арнайы жабдықтау (мыс: сору шкавтар, қорғаныш камералары, бокстар, кожухтар т.б)

6.Механикалық желдетуді орнату

7.Радиоактивті заттарды дұрыс сақтау (арнайы сейфте, қоймаларда)

8.дезактивация жүргізу – бөлмелерді, киімдерді, т.б бұйымдарды радиоактивті заттардан тазартуды айтады. Сумен шаю, мех-қ , физикалық т.б әдістер

9.радиоактивті заттарды оңашалау. Бұл заттарды герметикалық ыдыстарды сақтау керек. Пробирка, ампула, колба, пенал, контейнер, т.б қолданады

10.Дербес қорғану құралдарын қолдану

11.гигиена ережелерін сақтау

12.Адам организмінің және айналадағы ортаны радиациялық қорғану

57.Өндіріс бөлмелерінің өрт қауіптілігі бойынша топтасуы.

Өрт адамның басңаруынан және бақылауынан шыққан жану процесі болады, басқаша айтқанда өрт деп бақылауға болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, материалдық шығын келтіретін жану процесін айтады. Өрт халык, шаруашылығына үлкен зиян, өте зор экономикалық шығын келтіреді, кейбір жағдайларда адамдар зақымданады.

Қазіргі кезде республика көлемінде кәсіпорындарда өртке қарсы күресу шаралары кеңінен қолданылуына қарамастан өрт шығу оқиғалары жиі болып тұрады. Олардың салдарынан көптеген құнды дүние-мүліктер жойылады, адамдар жарақаттанып, өлім жағдайы тууы мүмкін.Сондықтан өртке қарсы күресу шараларын ойдағыдай ұйымдастыру мәселесіне үлкен көңіл бөлу керек.

Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелердің топтасуы

Автокөлік және басқа кәсіпорындарында өрт қауіпті жанғыш материалдар кеңінен пайдаланылады (бензин, керосин, майлар, бояулар, еріткіштер, ағаш т.б.). Сондықтан барлық өндіріс бөлмелері қолданылатын өрт қауіпті заттардың сипаттамасы мен мөлшеріне қарай жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бес категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д.

1. А категориясына жарылыс-өрт қауіпті бөлмелер жатады.

Олар:

- от алу температурасы 28 о С жоғары емес жанғыш газдардың, тез тұтанғыш сұйықтардың мөлшері сондай, олардың жарылыс қауіпті бу-газ-ауа қоспалар пайда болып, тұтанған жағдайда бөліме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5кПа асатын болады.

- сумен, ауа оттегісімен не бірімен бірі әрекеттескенде жарылатын және жанатын мүмкіншілігі бар заттар мен материалдың мөлшері сондай, бөліме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5кПа асатын болады.

Автокөлік кәсіпорнында бұл категория мынандай бөлмелер жатады: аккумляторды зарядтайтын сақтайтын бөлме, сырлайтын және бояулар дайындайтын бөлімше, газ генератор және ацетилен бөлмесі, сыр-бояу материалдары, жанатын отын және майлайтын майлар қоймалары тағы сол сияқты.

2. Б категориясына жарылыс - өрт қауіпті бөлмелер жатады. Олар жанатын шаңдардың немесе талшықтардың, от алу температурасы 28°С жоғары тез тұтанғыш сұйықтардың мөлшері сондай, олардың жарылыс қауіпті шаң – ауа немесе бу-ауа қоспалары пайда болып , тұтанған кезде бөлме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5 кПа асатындай болады.

АКК көлемінде буларға жатады: сырлайтын жене сыр дайындайтын бөлімше; от алу температурасы 28°С жоғары бояу материалдар, жанатын жене майлайтын майлар қоймалары; жанғыш газдар және оттек баллондар қоймасы; жанатын тозаны бар цехтар т.с.с.

3. В категориясына өрт қауіпті бөлмелер жатады. Оларда А және Б категорияларына жатпайтын сумен, ауа оттегісімен не бір бірімен әрекеттескенде тек қана жанатын мүмкіншілігі бар тез тұтанғыш, жанғыш және баяу жанғыш сұйықтар, жанғыш және баяу жанғыш қатты заттар мен материалдар болады.

АКК жағдайында бұларға жатады: ағаш өңдейтін, обой жөндейтін, шинаны вулканизациялап жөндейтін цехтар; автомобилдерді қоятын, күту және жөндейтін зоналар; көмір, резенке, химикат, көмекші және майлайтын материалдар құймалары т.б.

4. Г категориясына өрт қауіпті бөлмелер жатады. Оларда:

- ыстық, қызған немесе балкыған күйде өндеу процесі сәулелі жылу, ұшқындар және жалын шығуымен болатын жанбайтын заттар мен материалдар бар болады;

- жағатын отын ретінде пайдаланылатын жанғыш газдар,сұйықтар және катты заттар бар болады.

АКК-да бұларға жатады: ұста, пісіру, мыстау учаскелері, котельная, двигателді сынау станциясы т.б.

5. Д категориясына өрт қауіпсіз бөлмелер жатады. Оларда салқын күйде пайдаланылатын жанбайтын заттар мен материалдар болады.

АКК көлеміндё бұларға жатады: автомобилдерді жуу бөлмесі, слесарлық, механикалық, агрегаттық және қаңылтырлық учаскелер, компрессор бөлмесі; двигатель, агрегат,. запас бөлшектер,темірлері қоймалары т.б.

Кәсіпорындарды жобалау барысында өрт қауіптілік категориясы салынатын үйлердің қажетті отқа төзімділік дәрежесін және олардың қабаттылығын (этаждылығын) анықтау үшін ең басты фактор болып есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]