Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_6_7_9_gaukhar_obzh.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать

4 Алғашқы өрт сөндіру құралдары.

Бірінші қолданылатын өрт  сөндіру құралдарына жататын жабдықтар: шланг және стволмен жабдықталған өрт крандары, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, керекті сайман ілінген өрт тақталары, су құйылған ыдыстар әр түрлі жабқыштар. Бұларды бірінші деп атайтыны олар өрт шыққан жағдайда ең алдымен қолданылатын сөндіргіш құралдары болып саналады. Бұл құралдардың ең көп тарап, кең түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбіекті, ауа көбікті, көмірқышқылды, аэрозольды т.б. түрлі өрт сөндіргіштер болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатыны химиялық көбікті,көмір қышқылды және ұнтақты өрт сөндіргіштер.

1. Химиялық көбікті өрт сөндіргіштер. От сөндіргіш ОХП-10 жанған қатты және сұйық заарды сөндіруге арналған. Бірақ онымен электор тогы бар қондырғыларды, қымбат бұйымдарды, сілті металдарды (натрий, калий т.б.) сөндіруге болмайды.

От сөндіргіш ОХП-10 мынадай бөлшектерден тұрады: баллон, стақан, оның аузын жабатын клапан, тесік, чугун қақпақ, тұтқа. Балонға сілті ертіндісі (8,7 л су, 400 г натрий бикарбонаты NaHSO3, 50 г солодтық экстрат – көбік шығарғыш) құйылады, стақанға 450см3 күкірт қышқылымен темірдің күкірт қышқыл тотығының қосындысы құйылады.

Бұл от сөндіргішті жұмысқа қосу үшін ең алды оның тесігін тазалау керек, сосын үстіндегі тұтқаны1800С қайырып аудару керек. Бұл жағдайда клапон жоғары көтеріліп стақанның аузын ашады. Содан кейін өрт сөндіргішті төнкеру керек, сонда стақандағы қышқыл заряд баллондағы сілті зарядпен қосылып, олардың арасында химиялық реакция жүріп көмірқышқыл газы пайда болады. Ол газ баллон түбіне жиналып, қысым жасап, баллон ішіндегіт сүйық затты сығып тесік арқылы көбікті шапшытып ағызады. Көбік ағысын өрт жаққа бағыттау керек. Оның от сөндіру әсері мынада: от жалынын ығыстырады, жанған заттың бетін жауып оны ауадан аластайды және біршама салқындатады. Көбік ағысы 8 м дейін жетеді, от сөндіргіштің жұмыс істеу мерзімі 60 секунд. Бұл от сөндіргішпен электр тогы бар қондырғыларды сөндіруге болмайды, өйткені көбік ағысы электр тогын өткізіп адамды жарақаттау мүмкін.

2. Көмірқышқыл өрт сөндіргіштер. От сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 шағын өрт ошақтарын, тогы бар электр қондырғыларды, қымбат заттарды қолдану үшін қолданылады. Бұл от сөндіргіш болат баллоннан, сифон түтіктен, вентелден, моховиктен, раструктан тұрады.

Баллон (0,9 көлемі) сұйықталған көмірқышқыл газбен СО2 толтырылған. От сөндіргішті жұмысқа қосу үшін оны қолға алып, раструкты өрт жаққа қаратып, маховикті бұрып ашады. Бұл жағдайда сұйық газ сифон түтікпен жоғары көтеріліп раструпқа шыққанда ол біршама кеңейіп біразы буға айналады. Соның салдарынан раструктцң ішінде температура біршама төмендейді (-790С), сұйық газ қатты салқыннан қар түріне айналады. Сол қар массасы өрт зонасына түскенде лезде газға айналып өрттің жылуын азайтады, температурасын төмендетіп салқындатады. Сонымен қатар шыққан газ өрт ошағында ауа оттегісінің мөлшерін азайтып жану реакциясын тоқтады. Бұл от сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 30-60 секунд.

3. Ұнтақты құрғақ от сөндіргіштер. Бұл от сөндіргіштерді ОПС-10, ОП-8У тоғы бар электор қондырғыларды сілтілік металдарды сөндіруге арналаған. Мынандай бөлшектерден тұрады: корпус, кішкене баллон, чугун қақпақ, тескіш, пистолет.

От сөндіргіштің корпусы құрғақ ұнтақпен (поташ, натрий бикорбонаты т.б.) толтырылған, баллонда сығылған ауа немесе көмір қышқыл газы бар. От сөндіргіш жұмыс істеу үшін тескішті үру керек, ол баллонның тығынын теседі, одан шыққан газ ұнтақты көпіршітіп шланг арқылы пистолеттен отқа қарай аэрозоль ағысын туғызады. Ұнтақ жанған заттардың бетін жауып оны ауадан аластайды және біршама салқындатады. Бұл от сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 40-80 сек.

42Тергеп-тексерілмейтін және есепке алынбайтын өндірістік жарақаттар. Кейбір сәтсіз окиғалар өндірісте тіркелінуге жатпайды, егер олар пайда болса:

а) қылмыс жасау кезінде;

б) мас болу немесе наркотик заттарда қолданған жағдайда;

в) өзіне өзі әдейі зақым келтірсе;

г) өзінің мүддесі үшін әрекет жасаған кезде;

д) өндіріске қатысы жоқ кауіпті және зиянды факторлардың әсерінен болса.

45 Қысым астында жұмыс істейтін қондырғылар. Газ баллондарын қауіпсіз пайдалану. Бу және су қыздыру қазандары кеңінен таралған. Бу қазандары деп пеші бар қондырғыны айтады, ішінде жағылатын заттар мен жылынатын және атмосфералық қысымынан жоғары болатын қысымы бар буды айтады. Сондай-ақ су қыздыру қазандары суды қыздыруға арналған, онда ол қысыммен жұмыс істеп, атмосфералық қысымынан жоғары болып және сол қазаннан бөлек қолданылады.

Қазан жарылысының себептері мынада:

-   бу қысымының шектен тыс көтерілу;

-   қазанның ішкі қабырғаларында қақ пайда болуы және оның қатты қызуы;

-   бақылау аспаптарының жоқтығы немесе жарамсыздығы тағы басқалар.

Көптеген бу қазандары кәзіргі автоматтық құралдармен, бақылау-өлшеу аспаптармен және қауіпсіздік құралдармен жабдықталып, еңбек жағдайларын біраз жақсартады.

Қазандар техникалық куәләндіруден өтіп отыру керек. Техникалық куәләндіру бірінші, мезгілдік және жоспардан тыс болуы мұмкін. Бірінші реттік куәләндіруге монтаждан өткен қазандар жатады. Қазандардың мезгілдік куәләндіруі келесі мерзімде өткізіледі: ішікі байқау - 4 жылда бір рет, гидравликалық сынау - 8 жылда бір рет

Гидравликалық сынау кезінде қазанның ішін міндетті түрде байқау керек. Егер қазанға тазартылмайтын су құйылатын болса, онда ішкі байқауды 12 айда бір рет жүргізеді. Қазанның сынау уақыты 5 мин, егер содан кейін ешқандай бұзылыс болмаса, қазан келесі кезекті сынауға дейін пайдалануға жарамды деп есептеледі.

Баллон деп бір немесе екі мойыны бар, бүрау үшін вентиль немесе штуцері бар ыдысты айтады. Баллондар сұйықталған, сығылған немесе ертілген газдарды сақтауға, тасымалдауға және пайдалануға арналған.

Баллондардың жарылу себептері мынандай болады:

-   баллон қызып, ішіндегі газдың кенеюі;

-   баллон конструкциясының ақаулығы;

-   баллон құлап, қатты нәрсеге соғылуы;

-   баллонды дұрыстықпен қолданбау;

-   балонның лық толуы.

Газ баллондары бақылаудан 5 жылда бір рет өтіп отыру керек, ал коррозия жасайтын газдарға (хлор, сероводород, фосген), - 2 жылда бір рет. Куәләндіру баллонның сыртын, салмағын тексеру және сыйымдылығын, гидравдикалық сынаудан тұрады. Салмағы 20% кемігенде және сыйымдылығы 3% жоғары болған кезде баллондар бракталады. Сынау қысымы жұмыс қысымынан 1,5 есе көп болады. Баллондар газ қысымын төмендету үшін редукторлармен жабдықталады. Оның екі манометрі баллон ішіндегі газдың қысымын және шыққан газдың қысымын көрсетуге арналған. 

Компрессор кондырғылары.

Компрессор қондырғылары пайдаланушыларды қысымы 0,8 МПа (8 кгс/см2) таза сығылған ауамен жабдықтау үшін арналған. Компрессордың жарылу себептері мынада:

-   сығылған ауаның температурасы шектен тыс көтерілуі;

-   бақылау және өлшеу аспаптарының кемістігі немесе жоқтығы;

-   компрессор конструкциясының ақаулығы және тозуы.

Ашық қозғалатын және айналып түратын бөлшектері қаптамен жабылған жөн. Компрессорлардың корпустары жермен жалғастырады. Компрессор қондырғыларын бақылау-өлшеу аспаптарымен (маномерт, термометр, сақтандырғыш қақпақ, сигнал және автомат аспаптармен) қамтамастырады. Компрессорға суық судың жіберілуі тоқтатылған жағдайда сығылған ауаның температурасы шектен тыс көтерімлегенде және майлау жүйесінде майдың қысымы шектен тыс төмендегенде компрессорды автоматты тоқтату үшін әр бір компрессорды апаттық қорғану жұйесімен жабдықтайды. Сондықтан жағын майдың тұтану температурасы 216-2420С кем болмау керек. Жағын майдың тұтану температурасы шығатын газдардың температурасынан 700С артық болу керек.

46 Өндірістік дірілдің адам организміне тигізетін әсері және оны нормалау. Дірілден қорғайтын шаралар мен құралдар Діріл зиян болып есептеледі, организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болас, денеде әртүрлі аурулар туғызуы мүмкін. Діріл деп қатты заттың айналасындағы механикалық тербелгіш қозғалысын айтады. Дірілдің сипаттау парамертлері: жиілігі - (Гц), жылжу амплитудасы А (м), дірілдеу жылдамдылығы v (м/с), дірілдің үдеуі w (м/с). Дірілдердің салдарынан қажығандық, бас айналып ауыруы, нерв қозуы, жүрек – тамыр жүйесінде өзгерістер, қан тамырларының қысылуы, буындардың ауруы, қол мен аяқтың жаны кетуі, ұйқы қашуы, бұлшық еттердің зақымдануы, сүйектердің сырқырауы, ішкі мүшелердің орны қозғалуы т.б. паталогиялық өзгерістер туады. Бұл аурулар тербеліс аурулары деп атайды. Олар тез жазылмайтын, созылмалы аурулардың қатарына жатады, ауыр түрінде адамның мүгідектігін туғызуы мүмкін. Адам организміне тигізетін әсерінің өзгешелігіне қарай діріл жергілікті және жалпы болып келеді. Жергілікті діріл дененің әр мүшелеріне әсер ететін болса, жалпы діріл барлық денеге әсерін тигізеді.

Адам организмі үшін жиілігі 6-9 Гц дірілдер өте қауіпті болады, өйткені адамның ішкі органдарының өзімдік дірілдеу жиілігі осыған тең. Сондықтан осындай жиілігі бар дірілдер ішкі органдарда резонанс құбылысын туғызып, олардың орнынан козғалу қауіпі пайда болады.

Өндірісте адам организміне шу мен дірілдің зиянды әсерін тигізбеу үшін санитарлық нормаға сәйкес олардың шекті мөлшерлері белгіленген. Ол жөнінде бірнеше арнайы нормативтік документтер қабылданған.

Дірілден ңорғану шаралары  Дірілді туу кездерінде азайту шаралары  

1. Машиналар мен механизмдердің конструкцияларында бөлшектері соқпалы, қайталама - үдемелі қозғалыстарын болғызбау.

2. Резонанс құбылыстарын жою.

3. Машиналар мен механизмдердің қозғалатын бөлшектерін ұқыпты жинап, дұрыс тенгеру.

4. Бөлшектердің бірі мен бірінія; жалғасуы керегінше тығыз.

5. Діріл сініру - бұл дірілдейтін заттардың бетін тұтқырлы материалдармен жабу аркылы төрбеліс энергиясын азайту принципіне әдістелген. Бүл жағдайда тербеліс энергиясы жылуға айналып, тербіліс амплитудасы кішірейеді.

6. Дірілді ешіру - бұл кинематикалың жүйеде динамикалық басқаша тербеліс өшіретін әдістерді ңолдану аркылы орында-

7. Дірілді онашалау (бөлектеу) - бұл қондырғыларды жекелей фундаментке қою, серпінді ілгіштерді, амортизаторларды, компрессор, резенке тағы басқа серпінді заттар, пайдалану арқылы орындалады.

 Ұйымдастыру шаралары  1. Діріл туғызатьш машиналар мен механизмдерді алыстан басқару.

2. Машиналар мен механиэмдерді дұрыс пайдалану.

3. Агрегаттарды уақытында жөндеп күтіп отыру.

4. Дірілмен кдтысы бар жүмыскерлердің еңбек ету, демалу, тамаңтану, емделу режимін дұрыс ұйымдастыру.

5. Діріл туғызатын механизмдермен жүмыс істеуге жас өспі дерді, жүкті әйелдерді, жүрек-тамыр сырқаты және басқа ауру бар адамдарды жібермеу.

6. Жұмыскерлерге әрдайын медициналық байқау жүргізу.

7. Жұмыскерлермен физиологиялық сақтандыру процедулар жүргізу (массаж, витаминдау, сәулемен емдеу т.б.).

  Сонымен өндіріс дірілдерге қарсы күрес кәсіпорындарында санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсару проблемасының маңызды мәселелерінің бірі болып есептелед:

- шулы құралдарды шусыз құралдармен, металл бөлшектерді басқа түрлі бөлшектермен, тозған деталдарды жаңа деталдармен, тісті және шынжыр берілісті басқа түрімен айырбастау;

- машиналардың айналатын бөлшектерін дұрыс теңгеру;

- қажалатын бөлшектерді уақытында майлап отыру;

- механизм бөлшектерін жасауда дәлдік класын жоғарлату;

- бөлшектердің қосылыс жерлерінде серпімді төсем заттарды қолдану;

- дыбыс сіңіру, дыбысту экрандау, дыбысты оңашалау;

- жеке қорғану құралдарын пайдалану;

- діріл сіңіру, діріл өшіру, дірілді оңашалау;

-діріл туғызатын машиналар мен механизмдурді алыстан басқару;

- жұмыскерлердің еңбек ету, демалу, тамақтану, емделу режимін дұрыс ұйымдастыру;

- жұмыскерлерге медициналық байқау жүргізу;

- жұмыскерлерге физиологиялық сақтандыру процедураларжүргізу.

47 Электр тоғының адам организміне тигізетін факторлары. Электр тоғынан адам денесінен өткен кезде әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру); электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Термиялық әсер- денеден өткен тоқтың әсерінен нерв жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдардың қызуынан және дененің қей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ертінділерін және басқа жүйе органикалық сұйық заттарды ерітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсер дегеніміз – электр тоғының нерв жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды ткандарін қоздырып, бұлшық еттерін еріксіз дірілдетіп, тартылуы болады. Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқа жараланулар болады.

Электр тоғынан болған зақымдардың ауыртпалығы бірнеше фаторлармен байланысты болады. Бұл факторларға мыналар жатады: денеден өткен тоқтың күші, тоқ кернеуінің шамасы, тоқ әсерінің ұзақтығы, айнымалы тоқтың жиілігі, адам денесінің электрлік кедергісі, организмнен тоқ өту жолдары, айналадағы ортаның жағдайы, адам денесінің дербес өзгешіліктері т.б.

Тоқ күші. Адам денесінен өтетін тоқтың күші зақымдану ауыртпалығын анықтайтын басты фактор  болып есептеледі. Адам организміне тигізетін физиологиялық әсеріне байланысты электр тоғын үш табалдырық шамаға бөлуге болады: сезіну табалдырық тоғы, босатпау табалдырық тоғы, фибриляция тоғы. Сезіну табалдырық тоғының мөлшері – айнымалы ток үшін 0,5-1,5 мА, тұрақты тоқ үшін 5-8 мА болады. Мұндай тоқ денеге зақым келтірмейді. Босатпау табалдырық тоғының өлшері – айнымалы тоқ үшін  10-20мА, тұрақты тоқ үшін 50-80 мА болады. Мұндай тоқ қолдардың бұлшық еттерін жансыздандырады. Бұл жағдайда адам қолдарын аша алмай, өздігінен біреудің көмегінсіз тоқ өткізгіштен айрылуға мүмкіндігі болмайды. Фибрилляция табалдырық тоғының мөлшері – айнымалы тоқ үшін 100 мА ден 5 А дейін, тұрақты тоқ үшін 300 мА ден 5 А дейін болады. Мұндай тоқ жүректің фибрилиясиясын туғызады. Ал 5 А артық шамадан тоқ жүректі фибрилляциясыз бірден тоқтатып тастайды.

Тоқ әсерінің ұзақтығы. Неғұрлым тоқ денеге көп уақыт бойы әсер ететін болса, соғұрлым ауыр немесе өлім жағдайы басым болады. Осыған сәйкес өтетін тоқтың күші үлкейіп, организмнің зақымдану шамасы ұлғаяды. Сол себепті тоққа түскен адамды мүмкіншілігінше тез арада тоқ өткізгіштен айыру керек.

Аз шамалы кернеу деп 42 В дейін тоқ кернеуін айтады. Мұндай кернеу көбінесе қол электр саймандарында, жергілікті жарық жасауға, тасымал шырақтарда тағы басқа қажеттерге қолданылады. Қауіптілігі жоғары және өте үлкен бөлмелерде немесе далада болса бұлар үшін кернеу 12 В аспау керек.

Ескерту сигналы электр қондырғыларында электр тоғы (кернеу) пайда болғанын білдіреді. Сигнал дыбыс немесе жарық түрінде болады. Еден тоқ өткізгіш материалдан жасалған жағдайда (металл, цемент, су ағаш т.б.) адамдар үшін тоқ соғу қауіптілігі жоғары болады, ал материал тоқ өткізбейтін болса (резеңке, асфальт, құрғақ ағаш т.б.) қауіптілік азайады. Бөлмеде тоқ өткізгіш тозаңның барлығы тоқ соғу қауіптілігін үлкейтеді. Электр қондырғыларының корпусы эмаль, лак, сыр тағы басқа бояулармен боялған немесе полимер заттардан жасалған болса, тоқпен зақымдану қауіптілігі біршама азайады. Тоқ өткізгіштерді оларға тиісті алмайтын жерлерге орналастыру (биікте, еден астында, қабырға сылақ балшығының ішінде, түтіктерден өткізу т.с.с.) электр зақымдар тууын азайтады.Электр қондырғыларды аулақтан (қашықтан) басқару олармен қызметшілердің тікелей қатысуын болдырмай, тоқ соғу мүмкіндігін кемітеді.Электр желісінде тоқтың күші шамадан артық үлкейген жағдайда (тоқтың қысқа тұйықталуы, желіге көп тоқ тұтынушылардың қосылуы, электр двигателінің белдігінде механикалық жүктеменің ұлғаюы т.б.) электр қондырғыларды бүлінуден қорғау үшін арнайы сақтандырғыштарды пайдаланады. Ескерту плакаттары жұмыскерлерді тоқпен зақымдану қауіптілігі туралы ескертіп отыру үшін қолданылады. Оларды бірнеше түрлері болады: тыйым салатын, ескертетін, еске түсіретін, рұқсат ететін. Электр жабдықтарына қатысы бар адамдардың мамандық дәрежесі олардың атқаратын қызметіне сәйкес болу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]