Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
IP_daiyn(Mazmunymen birge(9-surak jok)).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
323.99 Кб
Скачать

1 H.323желісінің архитектурасы және оның жұмыс істеу қағидасы

Тарихта стандартты негізде Н.323 рекомендациясымен ІР-телефония желілерін құруға Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ITU) бірінші болып қадам жасады. Н.323 хаттамасына негізделген желілер телефондық желілерді интегралдауға бағытталған және олар деректерді беру желісіне салынған ISDN  желісі сияқты қарастырылады.

Н.323 рекомендациясы дестелері коммутациялы ІР желісімен дауыстық ақпараттарды ғана жіберуге арналмаған хаттамалар жинағын алдын-ала қарастырады. Оның мақсаты желіде мультимедиялық қосымшалардың жұмысын қамтамасыз ету. Дауыстық трафик бейне ақпарат және  деректермен қатар Н.323-тің қосымшаларының бірі.

ІР-телефонияның Н.323 рекомендациясымен желі құру нұсқасы қала аралық және халықаралық байланыс орнатуды көздеген операторларға ыңғайлы.

 9-суретте Н.323 рекомендациялы желінің архитектурасы көрсетілген. Желінің негізгі құрылғылары: терминал, шлюз, аймақ контроллері (қақпақшы)және  конференцияларды басқару құрылғысы.

                     Н.323 желісінің архитектурасы

Н.323 терминалы нақты уақыт мезетінде желінің басқа терминалмен, шлюзімен немесе көп нүктелі конференцияны басқару құрылғысымен өзара байланыса отырып, тарату, қабылдау мүмкіндігі бар желінің ақырғы нүктесі болып табылады.

Бұл функцияларды атқару үшін терминалдың:

-      аудио элементтері (микрофон, акустикалық жүйелер, акустикалық жаңғырық басу жүйелері);

-      бейне элементтері (монитор, бейнекамера);

-      желілік интерфейс элементтері;

-      пайдаланушы интерфейсі  болады.

IP желісімен дауыс беру технологиясы арналары коммутацияланған классикалық желі орнына шлюздерді қондыру конфигурациясын қарастырады.Шлюз ақпаратты (дауыс) сығып, оларды ІР-дестелерге айналдырады және ІР-желіге жібереді. Қарсы жақтағы қабылдаған шлюз керісінше амалдарды орындайды: шақыру дестелерін қайта ашады (расшифровка) және қайтадан түзіп (расформирование) шығады. Нәтижесінде қарапайым телефон аппараттары бұл шақыруларды еш қиындықсыз қабылдайды.

Ақпаратты мұндай түрлендіру тәсілі бастапқы дауыстық ақпаратты бұрмаламауы тиіс, ал тарату режимі нақты уақыт масштабында ақпарат алмасуды сақтау қажет.

2 Ip телефонияда дауыстық дестелерді ip – желісімен берудің неше тәсілі бар?

"Классикалық" телефон желілері әр телефондық сөйлесулер үшін белгіленген физикалық жалғауды қажет ететін арналарды коммутациялау технологиясына негізделген (3-сурет). Сәйкесінше, бір телефондық сөйлесу арналардың бір физикалық жалғануы болып табылады. Бұл жағдайда 3,1 кГц кеңдіктегі аналогтық сигнал жақын АТС-ға беріледі. Мұнда осы АТС-ға қосылған басқа абоненттерден келген сигналдармен уақыттық бөлу технологиясы бойынша мультиплексорланады. Содан, топтық сигнал желі аралық арналар желісіне беріледі. Жіберілген АТС-ға жеткеннен кейін сигнал демультиплексорланады да, абонентке жетеді. Арналары коммутацияланғантелефон желілерінің негізгі кемшілігі арналар жолағын эффективті пайдаланбау – сөйлесулер кезіндегі сөздер арасындағы үзілістер мезетінде арна ешқандай пайдалы жүктеме тасымалдамай босқа жұмыс жасайды.

3 Сурет - "Классикалық" телефон желілеріндегі байланыс

Аналогты технологиялардан сандық технологияларға ауысу қазіргі заманғы сандық телекоммуникациялық желілердің пайда болуына үлкен ықпал тигізген маңызды қадам болды. Сандық телефонияның дамуындағы мұндай қадамдардың бірі дестелік коммутацияға өту болды. Дестелік коммутация желілерінде байланыс арналарымен физикалық тасымалдаушыға тәуелсіз ақпарат бірліктері беріледі. Бұл бірліктер дестелер, кадрлар немесе ұяшықтар (хаттамаға байланысты) болуы мүмкін бірақ кез келген жағдайда  олар бөлінуші желімен беріледі (4-сурет), оның үстіне физикалық құралдарға тәуелсіз бөлек виртуалды арналармен беріледі. Әр десте тақырыбымен анықталады. Десте тақырыбы пайдаланып отырған арна туралы, оның жасалуы, қызметі туралы ақпараттан тұруы мүмкін.

Қазіргі таңда IP-телефонияда дауыстық дестелерді ІР-желісімен берудің екі негізгі тәсілі бар:

-      ғаламдық желі интернет арқылы (интернет-телефония);

-      бөлінген арналарға негізделген тарату желілерін пайдалану арқылы (IP-телефония).

4 Сурет - Дестелерді коммутациялау желісіне қосу

Бірінші жағдайда өткізу жолағы интернет желісінің деректерден, дауыстан, графика, т.с.с. мәліметтерден тұратын дестелермен жұмысының көптігіне тікелей тәуелді, яғни дестелердің өтуі кезіндегі кедергілер әртүрлі болуы мүмкін. Бөлінген арналарды пайдаланғанда бекітілген тарату жылдамдығын алуға тек дауыстық дестелер үшін ғана кепіл бар. Интернет желісін кеңінен тарату инетернет-телефония жүйесін жасауға ерекше қызығушылық тудырады, бірақ бұл жағдайда оператор байланыс сапасына жауап бермейді. Телефондық серверлердің көмегімен қала аралық (халықаралық) байланыс орнату үшін оператордың немесе байланыс орнатушылардың байланыс жоспарланып отырған жерлерде жеке-жеке бір серверлері болуы керек.

Интернет-телефонияның телефондық серверлерінің жалпы жұмыс принципі мынадай: бір жағынан сервер телефондық желілермен байланысқан және әлемнің кез келген нүктесіндегі телефонмен қосыла алады. Екінші жағынан сервер интернетпен байланысқан және әлемнің кез келген нүктесіндегі компьютермен қосыла алады. Сервер стандартты телефондық сигналды қабылдайды, оны сандық сигналға айналдырады (егер ол бастапқыда сандықболмаса), белгілі мөлшерде сығып, дестелерге бөледі және ІР хаттамасын қолданып интернет арқылы қажетті нүктеге жібереді. Желіден телефондық серверге келіп, телефондық желіге кеткен дестелер үшін жоғарыдағы амалдар керісінше орындалады.

3 IP- телефония дегеніміз не

IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады.

Функционалдығы

VoIp технологиясы PSTN технологиясы бойынша қиынға және қымбатқа түсетін есептер мен шешімдерді жүзеге асырады. Мысалы: Жоғары жылдамдықты телефон байланысы арқылы бірден көп телефон қонырауларын жіберу. Сондықтан VoIp технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады.

Қасиеттері

  • Конференция

  • Қоңырау шалуды қайта адрестеу

  • Автоматты түрде нөмірді қайта теру

  • Қоңырау шалушының нөмірін анықтау

  • Дәстүрлі телекоммуникациялық компанияларға қарағанда ақысыз беріледі.

  • Стандартталған протоколмен қорғалған қоңырау шалулар (мысалы SRTP) . Қорғалған телефон шалулар мәселесінде туындаған қиындықтар, мысалға сигналды цифрлендіру VoIp – де шешілген. Қолданылатын протоколда тек сигналды шифрлеуді және оны идентификациялауды орындау керек.

  • Орналасу жеріне тәуелсіздігі. Voip провайдеріне қосылу үшін тек Интернет байланысы керек. Мысалға, қоңырау шалу орталығының операторлары VopIp көмегімен тұрақты интернет желісі арқылы кез келген офистен жұмыс істей алады.

  • Басқа адамдармен интернет арқылы интеграция сонымен қоса видео-қоңырау шалу, сөйлесу кезінде мәліметтер және хабарламалармен алмасу, аудио конференциялар, адрестік кітапшаны басқару және де басқа абоненттерге қоңырау шалу туралы мәліметтер алу мүмкіндігі бар.

Қосымша телефон қасиеттері, соның ішінде қоңырау шалуды маршрутизациялау , ағып шығатын терезелер, алтернативті CSM роуминг және IVR – оңай және арзан кіріктіру мен инеграциялау. Телефон қоңырауы дербес компьютермен бір жерде орналасу фактісі көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.

Қосымша мәлімет

  • Кез келген мемлекеттен тікелей абонент номерін қосу.

  • Мобильд і номерлердің үйлесімдігі

  • Мобильд і номерлердің үйлесімдігі Ip телефонияға өз ықпалын тигізеді, басқаша айтқанда VoIpдің комерциялық қолданылуына. Voip каналы бойынша келген телефон қоңырауы дәстүрлі мобильді оператордың мобильді телефонына маршрутизацияланады сонымен қоса анықталған пунктіге жету мақсаты бар, яғни қоңырау мобильді телефон портына жету тиіс. Мобильді номерлердің үйлесімдігі бұл тұтынушыларына бір телефон оперторынан келсі телефон операторына көшкенде телефон номерін сақтауға мүмкіндік беретін сервис.

  • Шұғыл шақылударға телефон шалу (жедел жардем, өрт сөндіру)

4 IP- телефония және бейне байланыстың негізгі жұмыс істеу принциптері

Халықаралық байланыстардың дамуы және «алыстатылған» отандық серіктермен жобаны жасау әсіресе қысқа сапарлар (1-7 күн) кезіндегі жағдайларда сапарлық шығындарды үнемдеу мәселесін өзекті етеді. Мәселені шешудің құралдарының бірі болып бейнеконференцияны қолдану болып табылады. Интернет арнасы бойынша бейнеконференция қашықтықтан оқыту және медициналық диагностикалар үшін тартымды болуы мүмкін. Телевизиялық бағдарламаларға қарағанда интернетті қолданып оқыту оқытушы мен үйренуші арасындағы диалогқа әкеледі, бұл процесті тиімдірек етеді (бұл техника АҚШ пен Еуропа университеттерінде кеңінен қолданылатын WWW әдісін табысты түрде толықтыруы мүмкін). Медициналық қосымшалар одан да пайдалырақ. Бейнеконференциялар мыңдаған километрдегі клиникада кеңесуге, әртүрлі қалалар арасындағы дәрігерлердің қатысуымен консилиум құруға, түсіндіру мақсатымен пациенттің томограммасын немесе көпарналы кардиограммасын беруге және тағы басқаларға мүмкіндік береді. Алыстағы болашақта бейнеконференция технологиясы телевидения мақсаты үшін қолданылуы мүмкін.

Бейнеконференция серіктердің «тірі» қатынасын ғана емес, сонымен қатар құжаттар мен сызуларды редакциялау және шапшаң талдауды қамтамасыз етеді. Мұндайда рұқсат ету қабілеті факстерге қарағанда 10-100 есе асып түседі.

Бейнеконференцияны әртүрлі жолдармен ұйымдастыруға болады, олардың екеуі ең тиімді:

а) ISDN құрылғыларын, арнасын және бағдарламалық қамтамасыз ету; мұнда өткізу жолағы мен сапасына кепілдік беріледі, бірақ бағасы айтарлықтай жоғары;

б) интернет арналарын қолдану, сәйкес (әдетте қол жетерлік) бағдарламалық қамтамасыз ету мен жалпы қолданыс құрылғыларын; бұл нұсқа салыстырмалы түрде арзанырақ, бірақ мұнда сапа қамтамасыз етілмейді, себебі сеансты өткізу кезінде мәлімет ағыны интернеттегі басқа процестердегі ағындармен бәсекелеседі.

Бейнеконференцияда бөлінген және телефондық жалғаушы линиялар үшін (>56 Кбит/с, интерфейс V35) codec (coder/decoder) технологиясы қолданылады, дестелер коммутациясы (multicast backbone, >256 Кбит/с) режимі де қолданылады. Жергілікті желілерде базалық хаттама болып Н.323 табылады. Бұл стандарт нүкте-нүкте жалғауы үшін және TCP/IP хаттамалар стегі маңайындағы көпнүктелі топология үшін бейнеконференцияны қамтамасыз етеді, сонымен қатар ол видео және аудио мәліметтерді сығу принциптерін регламентациялайды. Стандарттың тартымдылығы болып қызмет етіп тұрған үн қатуды кідіртудің кең вариациялары бар телекоммуникация инфрақұрылымында  қолданылуға болатындығы. Бұған жергілікті (fast ethernet және  gigabit ethernet) және регионалды (SDH, ATM, FDDI, Fibre Channel және т.б.) желілерде өсіп келе жатқан өткізу мүмкіндігі әсер етеді.

Н.323 коммуникациялық жүйенің төрт негізгі құраушыларын анықтайды:

- терминалдар;

- шлюздер;

- көпнүктелі басқарудың блоктары;

- қатынауды (доступ) басқару жүйесі (gatekeepers).

5 IP- телефония желісі дегеніміз не

IP-телефония желісі дегеніміз ақырғы құрылғылардың, байланыс арналарының және коммутация түйіндерінің жиынтығы. IP-телефония желілері интернет желісі принципімен құрылады. Бірақ, интернет желісінен айырмашылығы ІР-телефония желілеріне дауысты беру сапасына жоғары талап қойылады. Сөйлеу ағындарының кідірістерін азайту тәсілдерінің бірі байланысқа қатысатын коммутация түйіндерінің санын азайту болып табылады.  Сондықтан ауқымды транспорттық желілерді құру кезінде бірінші кезекте бөлек бөлімшелер арасындағы трафикті қамтамасыз ететін магистраль ұйымдастырылады, ал ақырғы құрылғы (шлюздер) жақын орналасқан коммутациялық түйіндерге қосылады

6 Сурет - IP-телефония желісін құру

Маршрутты оптимизациялау ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартады. Желіге басқа операторлар қосылғанда, олардың құрылғысы жақын орналасқан коммутациялық түйінге қосылады.

6 IP- телефония желісін құру сұлбасы және негізгі жұмыстары?

6 Сурет - IP-телефония желісін құру

Маршрутты оптимизациялау ұсынылатын қызметтер сапасын жақсартады. Желіге басқа операторлар қосылғанда, олардың құрылғысы жақын орналасқан коммутациялық түйінге қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]