
- •«Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.
- •Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.
- •4. Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.
- •6.Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторлар.
- •7. Қандай атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын нормативтерді білесіз.
- •8. Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.
- •Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.
- •Табиғатты рационалды пайдаланудың негізгі бағыттары
- •Санитарлы қорғау аймақтарының шекарасын орнатудың тәсілдерін көрсетіңіз.
- •11. Метеоэлементтерге бақылау жүргізуге, ластану деңгейін тексеруге және сынаманы сұрыптауға арналған жабдықтарды сипаттаңыз.
- •12. Елді мекеннің атмосфералық ауасына бақылау жүргізу ұйымдарына сипаттама беріңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •13. Атмосфералық ластану потенциалы туралы түсінігіне анықтама беріңіз.
- •14. Атмосфераның ластану индексін сипаттаңыз.
- •15. Қоршаған орта мониторингісінің глобальді жүйесін түсіндіріңіз.
- •16. Қр экологиялық мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне (эмбмж) сипаттама беріңіз.
- •17. Эмбмж функциялары және құрылу принциптерін. Обьектілі, жергілікті, аймақты және республикалық деңгейдегі мониторингті көрсетіңіз.
- •18. Озонның, фреондардың, парниктік газдардың және атмосфералық қоспалардың қазіргі проблемаларына мысал келтіріңіз.
- •19. Шмк орнатудың негізгі тәсілдерін сипаттаңыз.
- •20. Атмосферадағы ластаушы заттардың қайта таралуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •21. Қр эмбмж бақылауының әдістері мен тәсілдерін.
- •22. Атмосфераның ластану күйін тексеру. Тексерудің түрлері мен мақсатын түсіндіріңіз.
- •23. Жерге жақын қабатта ластаушы заттардың жинақталуына әкелетін жағдайларды сипаттаңыз.
- •24. Атмосфера тазалануына әкелетін негізгі метеорологиялық факторларды көрсетіңіз.
- •25. Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.
- •26. Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.
- •27. Атмосферадағы қоспалардың тасымалдануы мен шашырауының жалпы заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •28. Қозғалмалы типтегі «Атмосфера-2» лабораториясының тағайындалуын сипаттаңыз.
- •29. Жылуэнергетикалық комплекстен атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлетінін көрсетіңіз.
- •30. Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •31. Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздерінің жіктелуін анықтаңыз.
- •32. Комплексті типті «пост-2» лабораториясының тағайындалуы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.
- •33. Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •34. Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35. Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.
- •Тұрғындардың сандарына байланысты стационарлық постардың аз есепті мөлшері (млн. Адам)
- •36. Әуе кеңістігінің ластануы мен жалпы сипаттамасына анықтама беріңіз.
- •37. Алп (атмосфераның ластану потенциалы) аналитикалық ұсыну жолдарын көрсетіңіз.
- •38. Өнеркәсіпті аудандағы ауаның ластану деңгейін сипаттаңыз. Атмосфера жағдайына кешенді зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты мен ерекшеліктерін бағалаңыз.
- •39. Ұйымдаспаған тасталымның жалпы көлемін қандай теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетіңіз.
- •41. Су обьектілеріндегі нормативті температураны анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •43. Фильтрация алқаптарын түсіндіріңіз.
- •44. Су обьектісіндегі шекті мүмкіндік тасталым деген не, оның формуласын анықтаңыз.
- •45. Ластаушы заттардың қауіптілік категорияларына анықтама беріңіз.
- •46. Шекті мүмкіндік концентрациясы, оның түрлерін көрсетіңіз.
- •47. Атмосфераға түсетін жылдық тасталымдардың жеке ластану көздері үшін экономикалық зиянды анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •2.Берілгені:
8. Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.
Қалдықсыз технология – бұл өнімді өндірудің тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Осы өндірісте қоршаған ортаға зиянды әсер ететін деңгей қалыпты мөлшерден аспайды. Мысалы, рұқсат етілген санитарлық-гигиеналық мөлшерден және техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық бойынша немесе өзге себептерге байланысты шикізат пен материалдардың бір бөлігі пайдаланылмайтын қалдықтарға ауыстырылып, ұзақ мерзімді сақтауға жіберіледі немесе көміледі.
Адамзат қоғамының дамуында өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас – аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу болып отыр.
Қалдықсыз технология – өңделетін шикізат пен осы процесс нәтижесінде түзілетін қалдықтарды толығымен пайдалануды жүзеге асыратын өндірріс процесінің әдісі.
Шын мәнінде қалдықсыз технология практикада болуы мүмкін емес, себебі, кез келген өндіріс орны жұмыс істеу барысында ең болмағанда жылу түрінде болса да қоршаған ортаға қалдық бөледі. Сондықтан қалдықсыз технология туралы сөз болғанда біз аз қалдықты технологияны айтамыз.
Қалдықсыз өндіріс табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзінде тұйықталған жүйе.
Сонымен, қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйе мен үйлесімі бойымша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе болып тұр. Бұл жерде, тіршілік әрекетіндегі бір организмдермен пайдаланылады және заттектердің өзін-өзі реттейтін биохимиялық айналымы толықтай жүзеге асып жатады. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесін белгілеу — шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет.
Қалдығы аз және қалдықсыз өндірісті ұйымдастырған кезде құрамдастыру мен салааралық кооперацияға бірлесудің маңызы үлкен. Әсіресе аумақтық- өндірістік кешендер шеңберінде бір өндірістің қалдықтарын өнім алу үшін басқа салаларда пайдаланып біршама экономикалық тиімділікке қол жеткізуге болады.
Қалдығы аз өндірістің міндетті шарттарының бірі – алынатын өнімнің экологиялық тазалағы, қоршаған ортаны қорғау оның сапасын жақсарту, сонымен қатар өндіріс жұмысының нәтижесінде өндіріске, халыққа зиян келтірмей, табиғатта экологиялық тепе-теңдікті бұзбауы керек.
Қалдықсыз өндіріс өндіріске енгізілген табиғи ресурстарды неғұрлым тиімді және үнемді пайдалану үшін шешімдер қабылдау үшін қажет.
Қалдықсыз өнім өндірісінің мәні – жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол бермеу. Практика жүзінде қалдықсыз өнім өндіруді жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнім өндіруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиімділігін арттыру, рекуперацияны пайдалану, қолданылып келе жатқан технологиялық процестерді анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмастыру, т.б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнім өндірісін енгізуден біз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетін шығынды төмендету, шикізат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикізат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т.б.
Қоғамымызда қалыптасып отырған экологиялық проблемалардың ішінде қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау мен өңдеу аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың мөлшері қазіргі таңда миллиондаған тоннаға жетіп, олар қоршаған ортаны ластаушы негізгі факторлардың бірі болып отыр. Жалпы қалдықтарды екіге бөлуге болады, олар: өндірістік қалдықтар және тұтыну қалдықтары.
Өндірістік қалдықтар – шикізат, материалдар, жартылай дайын өнімдердің қалдықтары, химиялық түрлі қосылыстар болса, тұтыну қалдықтары – бастапқы тұтыну қасиеттерінен айырылған материалдар мен өнімдердің қалдықтары. Бұл қалдықтардың барлығы шаруашылықта пайдалануға жарайтын екінші реттік материалдық қорлар болып табылады.
Көптеген мәселелерде тұрмыстық қалдықтарға қарағанда өндірістік қалдықтардың мөлшері әлдеқайда жоғары болады. Қалдықтар қасиеттеріне байланысты «қауіпті», «қауіпсіз», улы, күйдіргіш, тұтанғыш, т.с.с. болып бөлінеді. Қалдықтарды шығу тегіне байланысты да жіктеуге болады, олар: тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық, медициналық, т.б. Қалдықтар жиналған аймақта 1,5 км-ге дейін территорияның топырағы мен өсімдіктер дүниесі ластанады.
Қатты тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаны ластап қана қоймай, олар патогенді микроорганизмдердің (мысалы, сүзек, дизентерия, туберкулез, т.б. ауруларды тасымалдайтын) дамуына қолайлы жағдай туғызуымен де аса қауіпті болып табылады.
Сондықтан қазіргі таңда экологтардың алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі – қалдықтарды зиянсыздандыру немесе өңдеу арқылы олардың қоршаған ортаға зиянды әсерін барынша төмендету, не жоюдың жаңа технологияларын өндіріске енгізу.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты 3 блоктан тұрады:
-рециклинг (қалдықтарды қайта пайдалану);
-өңдеу;
-депорнирлеу.
Рециклинг – қатты тұрмыстық қалдықтарды екінші реттік өңдеу. Бұл процесс кезінде алдымен түрлі қатты қалдықтар түр-түрімен жіктеліп, бөліктерге бөлінеді. Сепораторлар қара түсті металдарды өзара бөліп, органикалық заттар, синтетикалық заттар, шыны, қағаз, т.б. заттар өз алдына бөлінеді. Қайта өңдеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады, олар: тікелей жағу, пиролиз, брикеттеу, түйіршіктеу, биогаз алу, ашыту, компастау, т.с.с.
Пиролиз арқылы құрамы күрделі органикалық қосылыстарды қарапайым қосылыстарға айналдырады. Пиролиз пештеріндегі температура 500˚С - 700˚С-қа дейін жетеді.
Қалдықтардың қоршаған ортаға зиянын азайтудың тағы бір жолы – халық шаруашылығында, тұрмыста қолданылатын улы, қауіпті заттардың орнына зиянсыз заттарды қолдану, мысалы, улы сынап буларымен толтырылған көше жарығы шамдарын әрі зиянсыз, әрі экономикалық жағынан тиімді болып саналатын натрий буымен толтыру.