
- •«Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.
- •Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.
- •4. Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.
- •6.Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторлар.
- •7. Қандай атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын нормативтерді білесіз.
- •8. Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.
- •Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.
- •Табиғатты рационалды пайдаланудың негізгі бағыттары
- •Санитарлы қорғау аймақтарының шекарасын орнатудың тәсілдерін көрсетіңіз.
- •11. Метеоэлементтерге бақылау жүргізуге, ластану деңгейін тексеруге және сынаманы сұрыптауға арналған жабдықтарды сипаттаңыз.
- •12. Елді мекеннің атмосфералық ауасына бақылау жүргізу ұйымдарына сипаттама беріңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •13. Атмосфералық ластану потенциалы туралы түсінігіне анықтама беріңіз.
- •14. Атмосфераның ластану индексін сипаттаңыз.
- •15. Қоршаған орта мониторингісінің глобальді жүйесін түсіндіріңіз.
- •16. Қр экологиялық мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне (эмбмж) сипаттама беріңіз.
- •17. Эмбмж функциялары және құрылу принциптерін. Обьектілі, жергілікті, аймақты және республикалық деңгейдегі мониторингті көрсетіңіз.
- •18. Озонның, фреондардың, парниктік газдардың және атмосфералық қоспалардың қазіргі проблемаларына мысал келтіріңіз.
- •19. Шмк орнатудың негізгі тәсілдерін сипаттаңыз.
- •20. Атмосферадағы ластаушы заттардың қайта таралуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •21. Қр эмбмж бақылауының әдістері мен тәсілдерін.
- •22. Атмосфераның ластану күйін тексеру. Тексерудің түрлері мен мақсатын түсіндіріңіз.
- •23. Жерге жақын қабатта ластаушы заттардың жинақталуына әкелетін жағдайларды сипаттаңыз.
- •24. Атмосфера тазалануына әкелетін негізгі метеорологиялық факторларды көрсетіңіз.
- •25. Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.
- •26. Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.
- •27. Атмосферадағы қоспалардың тасымалдануы мен шашырауының жалпы заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •28. Қозғалмалы типтегі «Атмосфера-2» лабораториясының тағайындалуын сипаттаңыз.
- •29. Жылуэнергетикалық комплекстен атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлетінін көрсетіңіз.
- •30. Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •31. Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздерінің жіктелуін анықтаңыз.
- •32. Комплексті типті «пост-2» лабораториясының тағайындалуы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.
- •33. Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •34. Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35. Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.
- •Тұрғындардың сандарына байланысты стационарлық постардың аз есепті мөлшері (млн. Адам)
- •36. Әуе кеңістігінің ластануы мен жалпы сипаттамасына анықтама беріңіз.
- •37. Алп (атмосфераның ластану потенциалы) аналитикалық ұсыну жолдарын көрсетіңіз.
- •38. Өнеркәсіпті аудандағы ауаның ластану деңгейін сипаттаңыз. Атмосфера жағдайына кешенді зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты мен ерекшеліктерін бағалаңыз.
- •39. Ұйымдаспаған тасталымның жалпы көлемін қандай теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетіңіз.
- •41. Су обьектілеріндегі нормативті температураны анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •43. Фильтрация алқаптарын түсіндіріңіз.
- •44. Су обьектісіндегі шекті мүмкіндік тасталым деген не, оның формуласын анықтаңыз.
- •45. Ластаушы заттардың қауіптілік категорияларына анықтама беріңіз.
- •46. Шекті мүмкіндік концентрациясы, оның түрлерін көрсетіңіз.
- •47. Атмосфераға түсетін жылдық тасталымдардың жеке ластану көздері үшін экономикалық зиянды анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •2.Берілгені:
6.Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторлар.
Атмосфера ластануының деңгейі жерге жақын ауа қабатындағы (жер бетінен, 5-2,0 м) қосындылардың концентрациясымен анықталады және технологиялық және метеорологиялық факторларға байланысты болады.
Технологиялық факторларға газауа қосындыларының шығыны, оның температурасықалдықтардағы қосылыстардың концентрациясы, көздердің биіктігі және т.б.
Қосындылардың жер бетіндегі концентрациясының көлемін анықтайтын метеорологиялық факторларға қалдық немесе шығарынды көздерінің орналасуын, желдің бағытын, оның жылдамдығын, атмосфералық ауаның температурасы мен ылғалдылығын, инверсие, тұман, жауын-шашынның болуын және т.б жатқызуға болады.
Ластағыш көздердің орналасуы жердің ұзындығымен еніне байланысты географиялық орналасу жағдайымен анықталады, сонымен қатар, теңіз деңгейінен биіктігі және жер рельефіне байланысты аймақтылықпен анықталады.
Атмосфераның жерге жақын қабатында желдің жылдамдығы мен бағыты Жердің күнді айналуымен, жер рельефі, атмосфералық қысым және температуралық градиентпен қалыптасады. Соның нәтижесінде Жердің солтүстік жарты шары үшін оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жел, ал оңтүстік жарты шар үшін солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жел тән.
Желдің жылдамдығы атмосфералық қысымның төмендеуінің жоғарлауымен көтеріледі (өседі). Европаның көптеген бөлігінде желдің күші күздің аяғында және қыс мезгілінің басында бәсеңдейді. Ауа ағысының жылдамдығы жердің бетінде 500-1000 м биіктікпен салыстырғанда әлдеқайда төмен, оның себебі ауа массасының үйкелісінде. Жел жылдамдығының профилі тәулік аралығында өзгереді. Күндіз жел, жылулық конвекциялық ағыстармен жоғары ығысса, ал түнде конвекция күндізгіге қарағанда әлсіз болады, сондықтан жер бетінде желдің жылдамдығы күндіз жоғары болады да, ал түнде-биіктікте болады.
Атмосфера термодинамикалық жүйе болып табылады, онда белгілі жағдайда ауа массасының көлденең ығысуы адиабатикалық процесс түрінде қарастырылуы мүмкін, яғни жылу алмасуы (жылуды алмайды немесе бермейді) жүрмейтін процесс. Осындай жағдайда жоғары көтерілетін ауа -суытылады, ал төмен түсетін ауа- жылынады. Оынң себебі, ауа жоғары көтерілгенде оның көлемі атмосфералық қысымның төмендеуінің нәтижесінде жоғарылауы мүмкін, ал температура төмендейді. Ал төмен түскенде керісінше, көлем азаяды, ал температура –жоғарылайды. Онда, ауаның тік бағанындағы әрбір 100 м температура шамамен 0,6 - 1°С өзгеріске ұшырайды. Бұл жағдайдағы атмосфераның жағдайын бейтарапты деп атайды. Ол ашық құрғақ ауа-райына тән.
Егер ауа температурасы биіктеген сайын төмендесе, төменнен қозғалатын ауа көлемі жылдамдай түседі. Жылынған конвекциялық ағымдар жоғары көтеріледі, ал төмен қарай ауаның суық ағысы алмасады. Ондай жағдайды тұрақсыз конвекция деп атайды.
Егер ауаның көлденең температулық градиенті нөлге жақын немесе теріс (жоғарылаған сайын температура жоғарылайды) болса, онда тігінен көтерілетін ауа көлемі қоршаған массадан суығырақ болады және оның қозғалысы бәсеңдейді. Ондай жағдайды тұрақты инверсиялық деп атайды.
Температура инверсиясы жер бетінен немесе біраз биіктікте басталуы мүмкін .осындай немесе басқа да жағдайларда олар ауа алмасуына кедергі жасайды және жердің беткі қабатында қосылыстардың (ауадағы ылғал конденсациясының өнімдері, тұманның түзілуі және т.б) жиналуына себеп болады. Сонымен, инверсиядағы ауа ластануының қауіпті деңгейі үнемі тұманмен және түтінмен жалғасуы мүмкін.
Жағымсыз метеорологиялық жағдайлардың (ЖМЖ) жоғары қауіптілігіне байланысты ірі қалалар мен өндірістік орталықтарда шоғырланған халық үшін қоршаған табиғи орта жағдайларының мониторинг қызметтері, яғни «Казгидромет» зиянды заттарды жинауға қабілетті қауіпті метеожағдайларды болжайды, және мемлекеттік және шаруашылық басқарма мекемелеріне алдын-ала ескертеді. Жағымсыз метеорологиялық жағдайларды болжау механизмі Р есептеу параметрінен (аэросиноптикалық мәліметтердің анализі және ЖМЖ болжамы) тұрады. Р параметрі ауа ластануының фондық өлшемі болып табылады және метеожағдайға байланысты өзгеріп отырады, параметрді есептеу 10- формулада берілген
Р = т/п,
мұнда т – бір күн ішіндегі бақылаулардың саны (ортамаусымдық концентрацияны 1,5 рет жоғарылататын зиянды қосылыстардың концентрациясы);
п – бір күн ішінде қаладағы мониторингтің барлық стационарлық пунктеріндегі зиянды қосылыстар концентрациясын бақылаудың далпы саны.
Әр қаланың өзіне тән негізгі қосылыстары болады, соларға сүйене отырып Р параметрді анықтайды. Ескертулер, Р>0,20 көлем болғанда және жағымсыз метеожағдайлардың болжамымен құрылады, одан соң ескертулер қауіптіліктің үш дәрежесіне және метеоорталықтарының жұмыс режимдеріне байланысты әртүрлі түрлерде беріледі. Ескерту (Орталықтың бірінші жұмыс режиміне сәйкес, қауіптіліктің бірінші деңге) ЖМЖ-ның келесі болжамы бойынша құрастырылады (3.1 кесте).