Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
moos_shpor_osnov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
190.13 Кб
Скачать

33. Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.

Рационалды және тиімді табиғи пайдалыларды қамтамасыз ету үшін, атмосфералық ауаның ластану күйін анықтайтын тиімді жиындар жүйесін, бақылау және мәліметтер анализін құру керек.

Зерттелетін ауданның жербеті қабатының ауасындағы ластайтын заттардың концентрациясы олардың атмосфераға түсетін көлемінен, кеңістікте қалдықтардың таралуынан және әуе кеңістігінің күйінен байланысты екені бізге белгілі болды.

Сонымен, бақылау жүйелерін ұйымдастыру кезінде кейбір приоритеттік факторларды ескеру керек:

- аймақтың экономикасының дамуын есепке ала отырып, атмосфераның ластануының қазіргі және келешектегі қайнары туралы мәліметтерді;

- ластайтын заттардың сипаттамасын (уыттылық, химиялық реакцияларға басқа заттармен қосылу мүмкіндігі, тұнбалардың төсеніш бетке қабілеттілігі);

- климаттық (метеорологиялық) мәліметтер;

- атмосфералық ауаның ластануының бұрынғы бақылауларының қорытындысы (экспедициялық зерттеулердің);

- көрші аймақтардың атмосферасының ластануының деңгейі туралы мәліметтер;

- қоспалардың трансшекаралық тасымалдануы туралы мәліметтер;

- бір түсті ластанудың деңгейі.

Осы мәліметтердің анализдерінің негізінде бақылау жүйелерінің қолайлы құрылысы анықталады. Бұл атмосфералық ауаның сапасына жүйелі бақылаулар жүргізуге мүмкіндік береді. Осындай кезде стационарлық, маршруттық және шырақасты орындар қолданылады.

Бақылау бекеттері деп – белгілі бір орын, автокөлік, арнайы аспаптармен, қондырғылармен қамтамасыздандырылған орын болып табылады.

Бақылау бекеттері 3-ке бөлінеді.

1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:

- арнайы зертханаларда зиянды қоспалардың мөлшеріне керекті химиялық анализдер жүргізу үшін ауа сынамасын сұрыптау;

- автоматикалық газанализаторлардың көмегімен атмосфераны ластайтын заттарды тіркеу;

- температура мен ауа ылғалдылығына, жел бағыты мен жылдамдығына метеорологиялық бақылаулар;

- түтіндейтін шырақтарға бақылаулар.

2) Маршруттық орындар да жүйелі бақылаулар жүргізу үшін арналған. Арнайы автозертханалардың қолдануымен мұндай орындардың ұялылығы қамтамасыздандырылады. Ауа сынамасын сұрыптау мен метеорологиялық бақылаулар бұларға үлгі бойынша немесе дербес бағдарламалармен жүргізіледі.

3) Шырақасты (қозғалмалы) орындар өнеркәсіп қалдықтары тікелей әсер ететін зоналарда газдық немесе түтіндік шырақтар астында бір реттік бақылаулар үшін қызмет етеді. Олардың тұратын орны әрқашан метеорологиялық жағдайлармен қойылған мәселеге байланысты шырақ астында таңдалады.

Стационарлық тұрақтардың тұратын орны Гидрометқызметпен және СЭС-пен бірлесе отырып, және бас инженермен келісіліп таңдалады. Сонымен қатар осы қызметтермен қоса ауа сынамасын сұрыптау орны ведомствалық өнеркәсіп зертханаларымен де келісіледі. Мұндай кезде әуе кеңістігінің қала өнеркәсіп қалдықтарымен, автотранспорт қалдықтарымен, тұрмыс және т.б. көздермен ластануының күйі алдын ала комплекстік тексеру қорытындыларымен басшылық етеді. Мұндай тексеру кезеңінде аймақтың физико-географиялық ерекшеліктері, метеорологиялық тәртіп, ластану көздерінің орналасуы зерттеледі және негізгі ластаушы заттардың саны белгіленеді.

Маршруттық орындарды таңдағандада осындай белгіленген ақпараттармен келісіледі. Әр орын категориясына байланыссыз белгілі талапқа сай бөлінуі тиіс. Олар: ауданның ашықтығы және жел қақтығы; шаң-тозаңсыз қақпа; қоршаған жердің және қаланың ауа кеңістігінің репрезентативтілігі.

Стационарлық (маршруттық) орындардың саны тұрғылықты жерлерде тұрғын сандары арқылы жердің релеьефі және ауданымен, аймақтағы өнеркәсіптің дамуымен, сонымен қатар курорт және демалыс орындарының орналасуымен белгіленеді.

Стационарлық және маршруттық посттарда бақылаулардың 4 бағдарламасы орындалады: толық, толық емес, қысқартылған, тәуліктік.

Толық бағдарламалық бақылаулар күнделікті демалыссыз ж/е дискреттік тәртіпті автоматтық газанализатор/дың қолдануымен өткізіледі. Мұндай бақылауда ластану деңгейінің анализі тәулігіне 4 рет жүргізіледі: 1,7,13,19 сағ жергілікті декреттік уақыт б/шаү Бір ретті қоспа/дың конц/сы туралы мәлімет/ді алу үшін толық емес бағдарламала б/ша сағ 7,13 ж/е 19 ж.д.у. күнделікті бақылаулар жүргізіледі.

Бекіністі ж/е стационарлық орын/да бақылаулар негізгі (шаң-тозаң, SO2, CO, NO2) ж/е спецификалық ластаушы зат/ға жүргізіледі.

Бекініссіз стац/қ орын/да бақылаулар спецификалық зиянды қоспа/ға жүргізіледі. Негізгі ластаушы зат/дың конц/сы бұл станция/да қысқартылған бағдарлама бақылауы түрінде анықталады.

Маршруттық орын/да бақылаулар негізгі ж/е спецификалық ластаушы зат/ға жүргізіледі.

Қозғалмалы (шырақасты) орын/да бақылаулар берілген мекеме/дің қалдық/ына тән тек спецификалық қоспа/ға жүргізіледі. Осыған б/ты атм/а тек жергілікті қайнар көз/мен ластанып қоймай ластаушы зат/дың трансшекаралық ауысуының қорытындысында ластанады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]