
- •«Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.
- •Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.
- •4. Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.
- •6.Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторлар.
- •7. Қандай атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын нормативтерді білесіз.
- •8. Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.
- •Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.
- •Табиғатты рационалды пайдаланудың негізгі бағыттары
- •Санитарлы қорғау аймақтарының шекарасын орнатудың тәсілдерін көрсетіңіз.
- •11. Метеоэлементтерге бақылау жүргізуге, ластану деңгейін тексеруге және сынаманы сұрыптауға арналған жабдықтарды сипаттаңыз.
- •12. Елді мекеннің атмосфералық ауасына бақылау жүргізу ұйымдарына сипаттама беріңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •13. Атмосфералық ластану потенциалы туралы түсінігіне анықтама беріңіз.
- •14. Атмосфераның ластану индексін сипаттаңыз.
- •15. Қоршаған орта мониторингісінің глобальді жүйесін түсіндіріңіз.
- •16. Қр экологиялық мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне (эмбмж) сипаттама беріңіз.
- •17. Эмбмж функциялары және құрылу принциптерін. Обьектілі, жергілікті, аймақты және республикалық деңгейдегі мониторингті көрсетіңіз.
- •18. Озонның, фреондардың, парниктік газдардың және атмосфералық қоспалардың қазіргі проблемаларына мысал келтіріңіз.
- •19. Шмк орнатудың негізгі тәсілдерін сипаттаңыз.
- •20. Атмосферадағы ластаушы заттардың қайта таралуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •21. Қр эмбмж бақылауының әдістері мен тәсілдерін.
- •22. Атмосфераның ластану күйін тексеру. Тексерудің түрлері мен мақсатын түсіндіріңіз.
- •23. Жерге жақын қабатта ластаушы заттардың жинақталуына әкелетін жағдайларды сипаттаңыз.
- •24. Атмосфера тазалануына әкелетін негізгі метеорологиялық факторларды көрсетіңіз.
- •25. Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.
- •26. Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.
- •27. Атмосферадағы қоспалардың тасымалдануы мен шашырауының жалпы заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •28. Қозғалмалы типтегі «Атмосфера-2» лабораториясының тағайындалуын сипаттаңыз.
- •29. Жылуэнергетикалық комплекстен атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлетінін көрсетіңіз.
- •30. Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайларына сипаттама беріңіз.
- •31. Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздерінің жіктелуін анықтаңыз.
- •32. Комплексті типті «пост-2» лабораториясының тағайындалуы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.
- •33. Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.
- •1) Стационарлық орындарда жұмыстың келесі түрлері жүргізіледі:
- •34. Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •35. Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.
- •Тұрғындардың сандарына байланысты стационарлық постардың аз есепті мөлшері (млн. Адам)
- •36. Әуе кеңістігінің ластануы мен жалпы сипаттамасына анықтама беріңіз.
- •37. Алп (атмосфераның ластану потенциалы) аналитикалық ұсыну жолдарын көрсетіңіз.
- •38. Өнеркәсіпті аудандағы ауаның ластану деңгейін сипаттаңыз. Атмосфера жағдайына кешенді зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты мен ерекшеліктерін бағалаңыз.
- •39. Ұйымдаспаған тасталымның жалпы көлемін қандай теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетіңіз.
- •41. Су обьектілеріндегі нормативті температураны анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •43. Фильтрация алқаптарын түсіндіріңіз.
- •44. Су обьектісіндегі шекті мүмкіндік тасталым деген не, оның формуласын анықтаңыз.
- •45. Ластаушы заттардың қауіптілік категорияларына анықтама беріңіз.
- •46. Шекті мүмкіндік концентрациясы, оның түрлерін көрсетіңіз.
- •47. Атмосфераға түсетін жылдық тасталымдардың жеке ластану көздері үшін экономикалық зиянды анықтайтын формуланы көрсетіңіз.
- •2.Берілгені:
25. Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.
Мұнай өндіру, өңдеу, мұнай химия өнеркәсібі ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және т.б. заттар бөледі. ,
Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға – стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді.
Мәліметтер бойынша 90-шы жылдардың соңында Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек мұнай өндіретін орындарынан жылына атмосфераға 184000 тонна әртүрлі заттар бөлінеді.
Ал қазіргі кезде мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті.
АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз.
Химия өнеркәсібі (пластмасса, майланатын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл салада қоршаған ортаға көміртегі оксиді, азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкірттісутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді. Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе мен Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.
Химиялық өнеркәсіптің атм.-ға түрлі зиянды заттар бөлінеді және олардың негізгілері газ түрінде болады.
–күкіртқышқылын өңдегенде: мырыш қоспалары, күкірт оксиды, токсикалық шаң.
-Азот қышқылын өңдегенде: СО, NH4,HNO3, NO2,
-қағаз-целлюлоза өндіргенде: H2S, күкірт көміртегі, формальдегид, меркоптан, хлор, CO2.
–мұнай өңдеуші өнеркәсіптен: SO,NO,CO, H2S,көмірсутек. Меркоптан және бензапирен атм.-ны ластайтын заттар саны 300.
26. Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.
Барлық газдардың iшiнде озонның маңызы өте зор. Күннiң қысқатолқынды радиациясын жұта отырып, озон органикалық әлемдi ультракүлгiн сәуленiң зиянды әсерiнен қорғайды. Сонымен қатар көп мөлшердегі озон адамзатқа және органикалық әлемге қауiп төндiредi. Мысалы, өсiмдiктер ультракүлгiн радиацияны белгiлi мөлшерде қажет етедi. Озон Жерге келетiн Күннiң сәулелi энергиясының шамамен 4 % жұтады және де жер бетi мен атмосфераның шашатын радиацияларын да жұтады. Сондықтан да озонның көп шоғырланған қабатында (стратосфера) ауа температурасы бiршама өседi.
Озон негiзiнен 15–70 км биiктiк аралығында шоғырланған, максимальдi мөлшерi поляр ауданында 15–20 км биiктiкте, қоңыржай белдеуде – 20–25 км аралығында, тропиктiк ендiктерде 25–30 км аралығында байқалады. Бiрлiк ауданды вертикальдi атмосфера бағанындағы барлық озонды 0 0С температурада қалыпты қысым (1000 гПа) жағдайына келтiрсе оның қалыңдығы 3 мм болады екен. Оны озонның келтiрiлген қалыңдығы деп атайды. Соңғы зерттеулер бойынша озонның келтiрiлген қалыңдығы кеңiстiк және уақыт бойынша бiраз өзгермелi келедi. Озонның келтiрiлген қалыңдығының жылдық амплитудасы ендiк өскен сайын жоғарылайды. Оның себебi, жоғарғы ендiктерде күз бен қыста күн радиациясының болмауы салдарынан озон да аз құрылады. Бiрақ атмосфера айналымының арқасында қыста да поляр аудандарында озон жоғалып кетпейдi, ал көктемде күн сәулесiнiң түсуiмен озон мөлшерi бiрден өседi.
Тарихи деректер бойынша озон қабатын ашқан Шарль Фабри (Charles Fabry) және Анри Буиссон (Henri Buisson) атты екі француз ғалымдары болған. Олар 1913 жылы ультра-күлгін сәуле арқылы спектроскопиялық өлшеулер жүргізу арқылы атмосфераның жоғарғы бөлігіндегі озон қабатын ашқан. 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16-қыркүйек күнін »Халықаралық Озон қабатын қорғау күні» етіп бекітті. Озон қабатының қызметі Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар, аз мөлшерде болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон өте активті газ. Айналасындағы тіршілік иелеріне зияны тиеді. Негізінде, озонның орташа концентрация мөлшері 8 мл/м³ болады. Озон қабатының басты қызметі — күн сәулесіндегі зиянды ультра-күлгін сәулелерді жер бетіне жібермей, өзінің бойына сіңіріп ұстап қалу. Осылайша жер бетіндегі тіршілік иелері күннің кері әсерлерінен қорғалады. Озон тесігі Егер атмосферадағы озон қабатының белгілі бір аймағындағы озонның дефициттік мөлшері 30%-дан асса, онда ол жерде Озон тесігі бар деп саналады.
Антропогендік әрекеттер озонды жоюға әкеліп соғады. Адам баласының абайсыздығына байланысты озон қабаты ұзақ уақыттан бері жұқарып барады.
Оның жұқаруының негізгі себептері мыналар:
1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабаты тесіледі. Жыртылған тесіктер ұзақ уақыт бойы бірқалыпты тұра береді.
2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына қауіп төндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан төменде ұшатындары озон қабатының қалыптасуына септігін тигізеді.
3. Атмосфераға фреондардың тасталуы.
Озон қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол «жарылуға» әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы көп озонды құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін сақталып тұрады. Фреон бөлме температурасында көлемін көбейтетіндіктен, аэрозоль ретінде пайдаланып келеді. Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына шалдығады екен. Сонымен қатар тері ісігі, көз ауруларын қоздырып, егістік алқаптарына зақым келтіреді. Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар салалар қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп жатқан зиянды әсерлер көп. Озон қабаты жұқарып, тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі тіршілік үшін қауіп төнгендігін білдіреді. Озон қабатының тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді. Мысалыға, егінді алқапта пайдаланатын химиялық тыңайтқыштар, дыбыстан да жылдам ұшақтар мен ғарышқа ұшырылатын зымырандардың атмосфераға бөліп шығаратын улы газдары, фреондар (түссіз, иіссіз газдар мен сұйықтықтар) және ядролық жарылыстар озон қабатын жұқартатын басты факторлар. Одан басқа химиялық белсенді газдардың әсерінен де озон қабаты зақымдалады.
1985 жылы 22 наурызда «Озон қабатын қорғау туралы» Вена конвенциясы қабылданды. Қатысушы елдер жүйелі және негізгі зертеулер жүргізу мен озон қабатын қорғау үшін озонды құртатын зиянды заттарды қадағалау жайлы келісімге келді. 1987 жылы 16 қыркүйекте «Озон қабатын құртатын заттар жайындағы» Монреаль протоколы қабылданды. Протоколға кейннен жаңадан өзгерістер енгізіліп отырды. Осы протоколдың арқасында 2050 жылға дейінгі озонқабатын қорғау іс-шаралары пысықталды. Монреаль протоколынан кейін өндірістік технология саласында біраз өзгерістер болып, 1986 жылы әлемдегі Хлор-фтор-карбоны органикалық қосылысының мөлшері 1 100 000 тонна болған болса, 2001 жылы бұл көрсеткіш небары 110 000 тоннаға жеткен. Қазіргі кезде атмосфераның төменгі қабатындағы озонды жоятын улы заттардың мөлшері азайып келеді. Алдағы уақыттарды жоғарғы қабаттағы, стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды. Егер осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болса, ғалымдардың болжауынша 2060 жылға қарай озон қабатының күйі (қалыңдығы) бастапқы қалпына келеді екен.