Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
moos_shpor_osnov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
190.13 Кб
Скачать

1.

«Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.

2.

Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.

3.

Атмосфера күйіне кешенді зерттеулерді ұйымдастырғанда ерекшеліктері мен мақсатын көрсетіңіз.

4

Смог және олардың түрлеріне анықтама беріңіз.

5

Тұрақты бекеттерді ұйымдастыру ерекшеліктерін ұйымдастырыңыз.

6

Атмосфера ластануына әсер ететін метеорологиялық факторларға анықтама беріңіз.

7

Қандай атмосфералық ауа сапасын қадағалайтын нормативтерді білесіз.

8

Өнеркәсіптерде қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің дамуына сипаттама беріңіз.

9

Рационалды табиғатты пайдаланудың негізгі бағыттарын бағалаңыз.

10

Санитарлы қорғау аймақтарының шекарасын орнатудың тәсілдерін көрсетіңіз.

11

Метеоэлементтерге бақылау жүргізуге, ластану деңгейін тексеруге және сынаманы сұрыптауға арналған жабдықтарды сипаттаңыз.

12

Елді мекеннің атмосфералық ауасына бақылау жүргізу ұйымдарына сипаттама беріңіз.

13

Атмосфералық ластану потенциалы туралы түсінігіне анықтама беріңіз.

14

Атмосфераның ластану индексін сипаттаңыз.

15

Қоршаған орта мониторингісінің глобальді жүйесін түсіндіріңіз.

16

ҚР экологиялық мониторингісінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне (ЭМБМЖ) сипаттама беріңіз.

17

ЭМБМЖ функциялары және құрылу принциптерін. Обьектілі, жергілікті, аймақты және республикалық деңгейдегі мониторингті көрсетіңіз.

18

Озонның, фреондардың, парниктік газдардың және атмосфералық қоспалардың қазіргі проблемаларына мысал келтіріңіз.

19

ШМК орнатудың негізгі тәсілдерін сипаттаңыз.

20

Атмосферадағы ластаушы заттардың қайта таралуына әсер ететін факторларды көрсетіңіз.

21

ҚР ЭМБМЖ бақылауының әдістері мен тәсілдерін.

22

Атмосфераның ластану күйін тексеру. Тексерудің түрлері мен мақсатын түсіндіріңіз.

23

Жерге жақын қабатта ластаушы заттардың жинақталуына әкелетін жағдайларды сипаттаңыз.

24

Атмосфера тазалануына әкелетін негізгі метеорологиялық факторларды көрсетіңіз.

25

Химия және мұнай химия өнеркәсіптерден атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлінетінін түсіндіріңіз.

26

Озон қабатының бұзылуы, оны қорғау. Озон қабатына анықтама беріңіз.

27

Атмосферадағы қоспалардың тасымалдануы мен шашырауының жалпы заңдылықтарын түсіндіріңіз.

28

Қозғалмалы типтегі «Атмосфера-2» лабораториясының тағайындалуын сипаттаңыз

29

Жылуэнергетикалық комплекстен атмосфераға қандай ластаушы заттар бөлетінін көрсетіңіз.

30

Атмосфера ластануының метеорологиялық жағдайларына сипаттама беріңіз.

31

Атмосфераны ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздерінің жіктелуін анықтаңыз.

32

Комплексті типті «ПОСТ-2» лабораториясының тағайындалуы және жалпы сипаттамасын көрсетіңіз.

33

Атмосфералық ауа ластануына бақылау бекеттердің негізгі түрлерін көрсетіңіз.

34

Шырақасты бақылауларды орналастырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз.

35

Тұрақты бекеттердің саны қалай анықталатынын көрсетіңіз.

36

Әуе кеңістігінің ластануы мен жалпы сипаттамасына анықтама беріңіз.

37

АЛП (атмосфераның ластану потенциалы) аналитикалық ұсыну жолдарын көрсетіңіз.

38

Өнеркәсіпті аудандағы ауаның ластану деңгейін сипаттаңыз. Атмосфера жағдайына кешенді зерттеуді ұйымдастырудың мақсаты мен ерекшеліктерін бағалаңыз.

39

Ұйымдаспаған тасталымның жалпы көлемін қандай теңдеумен сипаттауға болатынын көрсетіңіз.

40

Шаруашылық ауыз су және коммуналды тұрмыстық ауыз су обьектілеріне жылу алмасатын судың ластану кезінде сулы жердің суының нормалық сапасы және су топтарының немесе оның табиғи құрамы мен қасиеттерінің сақталуы жағдайларын сипаттаңыз.

41

Су обьектілеріндегі нормативті температураны анықтайтын формуланы көрсетіңіз.

42

Ағынды сулардың категорияларына толық анықтама беріңіз.

43

Фильтрация алқаптарын түсіндіріңіз.

44

Су обьектісіндегі шекті мүмкіндік тасталым деген не, оның формуласын анықтаңыз.

45

Ластаушы заттардың қауіптілік категорияларына анықтама беріңіз.

46

Шекті мүмкіндік концентрациясы, оның түрлерін көрсетіңіз.

47

Атмосфераға түсетін жылдық тасталымдардың жеке ластану көздері үшін экономикалық зиянды анықтайтын формуланы көрсетіңіз.

  1. «Қоршаған ортаны қорғау метеорологиялық негіздері» пәнінің мақсаты мен шешетін мәселелерін түсіндіріңіз.

Қоршаған орта – атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, жер беті және жер асты суын, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы. Қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіруге, шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерін болғызбауға және оның зардаптарын жоюға, қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.

 Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. ҚазақстанРеспубликасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек.

  1. Қоршаған орта күйі мен ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз.

Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы),  химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық  (микробты, бактериялық, вирусты) және механикалық ластану (агенттердің өз арасындағы ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді. Ластану көздеріне қарай: өндірістік, көліктік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық, т.б. болып ерекшеленеді. Қоршаған ортаның ішіндегі ең көп ластанатын атмосфералық ауа, су, топырақ.

Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

Қоршаған орта күйі және ластану туралы мәліметтерді автоматты түрде өңдеу ерешеліктері.

Қазіргі техникалық прогресс адамзаттың тіршілік етуіне қатерін тигізетін бірнеше құбылыстарды ашты. Атмосфераның, гидросфераның және басқа да табиғи ортаның ластануы біздің планетамыздың техникалық прогресінің көп мәні жетістіпен апатқа ұшырады. Бірқатар қашықтықтарға ластану заттарды тез таралатын жердің ауа қабығы осындай ықпалдарға өте сезімтал. Өнеркәсіп кәсіп орындарының тез өсу деңгейі түрлі шикізатпен отынның тез жұмсалуына және атмосфераға әсерін тигізетін газдармен кәсіпорындардан шығатын басқа да қалдықтардың молаюына әкеліп соқтырады. Осындай жәнене басқа да табиғи және антропогендік фактордың қорытындысында атмосферада ластану заттары шоғырланады. Ластану заттарымен осындай ауыспалы деңгейі, санының көбеюі дәлелсіз салдардарға әкеліп соқтырады. Соның ішінде белгілі болып саналатыны көмірсутегімен азот сутегінің арасындағы фотохимиялық реакциялар әсерінен пайда болған смоктар, атмосфераға шығарылған сульфаттар мен нитраттардың қорытындысында пайда болған қышқылдық жауындар, Парниктік газдар деп аталатын қалдықтың көбеюінің әсерінде күшейетін атмосферадағы парниктік әсерлер, Озондық қабаттардың қысқартылуы, ортаның жалпы агрессиясын күшейтілуі.

Атмосфераны ластайтын барлық заттар құралу шарты бойынша табиғи және жасанды қоспаларға бөлінеді. Табиғи қоспалар атмосфераға табиғаттың әртүрлі процестерінің әсерінен мысалы: жанартау әрекетінің әсерінен, орман өртінен, өсімдіктің жойылуымен , тау-кен жұмыстарының және топырақтың мүжілуімен енгізіледі. Атмосфераның жасанды ластануының қайнар көздері энергетика, кәсіпорын, мұнай және газды қайта өңдеу, транспорт, ядролық қару жарақты сынау, өнеркәсіп және тұрмыстық қалдықтарды өртеу және т.б. болып табылады.

Табиғи процестер мен және антропогендік әрекеттің әсерімен атмосфераға түсетін ластаушы заттардың өзара байланысы көрсетілген. Атмосфераға түсетін зиянды заттар қайнар көздерінің түрлеріне байланысты және қалдықтардың масштабына қарай 3- топқа бөлінеді:

  1. Шаң –тозаң, күкірттік газ, көміртек тотығы, азот тотығы.

  2. Ауыр металдар, сынап, қорғасын, кадмий.

  3. Ерекше ластаушы заттар және олардың қосындылары: бензопилен, ксилол, аммиак, және т.б.

Көміртек тотығы атмосфераға отынның толық жанып бітпеуі әсерінен түседі.

Күкірт тотығы атм/ға күкірт тәрізді отының жануының қорытындысына түседі.

Азот тотығы- азаоттың тотығуынан және отынның жануының әсерінен түседі.

Көмірсутегі- отынның толық жанбауының әсерінен, мұнай өңдеуде түседі.

Агрегаттық күйі бойынша сұйық, қатты, газ тәрізді аралас болып бөлінеді. Бұдан басқа атмосфераға түсетін өнеркәсіп қалдықтары болып жіктеледі:

  1. Ұйымнан бөлініп шығуы және тасталымы бойынша ластаушы заттар қалыптасқан және өалыптаспаған болып 2- ге бөлінеді.

  2. Тасталынатын заттар бөлініп шығу тәртібі бойынша шаралы және мерзімді болып бөлінеді.

  3. Температура бойынша сұйық және жылы болып бөлінеді.

  4. Таратпаушылығы бойынша негізгі көмекші және қосалқы кәсіпорындарда болады.

  5. Тазалау белгісі бойынша тазаланбай тасталынатын және тазаланғаннан кейін тасталынған болып бөлінеді.

Қалыптасқан қалдықтар дегеніміз - ол арнайы құрылған газ және құбыр сымын құралатын қалдықтар.

Қалыптаспаған қалдықтар дегеніміз- жабдықтың саңылауының бүлінуінің әсерінен және түсіретін және жүктейтін және зиянды заттарды сақтайтын жерлерде құрылыс тазартылуының жоқтығының әсерінен бағытталған газдардың ағыны түрінде болатын қалдықтар өнеркәсіп қалдықтары бастапқы және екінші болып 2-ге бөлінеді.

Алғашқы қалдықтар дегеніміз- атмосфераға тікелей осы және басқа қайнар көздерден түсетін қалдықтар.

Қосымша қалдықтар дегеніміз- алғашқы қалдықтардың өзгеруінің нәтижесінде пайда болған әуе кеңістігін ластайтын өнеркәсіптік қайнар көздері келесідей белгілермен жіктеледі:

  1. Тағайындалуы бойынша: тазаланатын қондырғыларда тотығудан кейін аппараттарды үрлейтін соңғы газдары бар технологиялық қалдықтар. Бұл қалдықтарға жоғары концентрациялы зиянды заттар мен ас көлемді алыстайтын ауа мәні. Жабдықтардан жергілікті сорғыштар мен жалпы айырбастың соруды вентеляциялық қондырғылар дейміз.

  2. Орналасатын орны бойынша деформацияланбаған ауа ағымдары бар көленкеленбеген және биік қалдықтар. Бұл қалдықтарға жоғары құбырлар сонымен қатар ластануды жақын арада ғы кедергілермен биіктігі 2,5 есе төменде орналасатын төменгі және көлеңкелі қалдықтар. Жер бетіне жақын орналасқан қалдықтар бұл қайнар көздерден ашық орналасқан технологиялық қондарғылар кәсіпорын қондырғыларын ластайтын жерлер және т.б орын жатады.

Геометриялық формасы бойынша нақты вентеляциялық және түтіндік құбырлар, шатырлық вентеляторлар, сызықты автомашиналардың ағындарынан шығатын жақында орналасқан факелдар мен шахталардан тұратын, өнеркәсіп орындарынан шығатын сонымен қатар фонарлар арқылы өтетін үлкен ұзындығы бар кәсіпорын корпусының шатырларындағы ветеляциялар. атмосфераны ластайтын зиянды заттар көбіне кәсіпорындар мен автотранспорттардан бөлінеді. Оларға жататындар:

  1. Жылуэлектр станциялары мен кательныйлар

  2. Қара металлургия кәсіпорындары

  3. Түсті металлургия кәсіпорны

  4. Мұнай өндіруші және мұнай- хиимялық кәсіпорны

  5. Химиялық кәсіп мекемелері

  6. Құрылыс мекемелері

  7. Целлюлоза- қағаз өнеркәсіп кәсіп орны

  8. Машина жасайтын өнеркәсіп кәсіп орындары

  9. Автокөліктер

Автоматты жабдықтар

  1. Әмбебап газ бақылайтын құрал УПГК-ЛИМБ ГО - ауадағы улы заттардың массалық үлесін өлшеуге арналған. Газоанализатор ретінде де қолданылады

  2. Химиялық ластануды анықтайын құрылғы - индикатор турбалары арқылы ауадағы фосген, дифосген, синиль қышқылын, хлорциан концентрациясын анықтайды. Жергілікті жерде және техникада қолданылады. Қосымша құралдарсыз ауаның химиялық ластану құрамын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]