Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

10.Қазақстанда туризм дамуының басым бағыттағы туристік аудандары.

Облыстағы туризмнің даму шарттары Қазақстанның басқа өңірлерінен ерекшелінеді, себебі аймақтың туристерді қабылдау мүмкіндігі үлкен. Облыстағы туризмді дамытудың басты бағыты - туризм инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

   Жалпы облыс аумағында 2011 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша 470 туристік нысан орналасқан, Алматы облысы аумағында 125 қонақ үй қызмет көрсетуде, 191 демалыс аумағы мен базалары, 76 қонақ және 20 шағын аңшылар үйі, 15 санаторийлер мен профилакторийлер, 14 сауықтыру лагері және орталықтар, 22 демалыс үйі және 7 басқа нысан. Туристерді демалту және қабылдау нысандары аудандар мен қалаларда ақылы туристік-сауықтыру қызмет көрсету жұмысы жүргізілуде.

Туристердің көпшілі емдік-шипажай объектілеріне баруды бағыттаған.. Бүгінгі таңда, көптеген емдік-шипажай объектілері жұмыс істеп жатыр. Аса әйгілі емханаларға: «Алатау» (Қарасай ауданы), «Қапал-Арасан» (Ақсу ауданы), «Көктем» (Талғар ауданы), «Жаркент-Арасан», «Керім-Ағаш» (Панфилов ауданы) жатады. Халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы қызмет көрсететін «Старая крепость» және «Freedom» демалыс орындары, «Табаған» кешені, «Қапал-Арасан» шипажайы сияқты қабылдау объектілері бар.

Капшағай су қоймасындағы туризм инфрақұрылымының нысаналары ең қарқынды дамуда. Соңғы жылдарда су қоймасында орналасқан демалыс орындарында туристерді қабылдау және оларға қызмет көрсету сапасының жақсару тендециясы белгіленді.

Әлемдік рынокта туристік қызмет көрсету саласында жайлы табиғи-климаттық және бальнеологиялық ресурстары бар, санаторий-курорттық жүйесі дамыған елдерге пайда әкелетін арнайы сауықтыру және емдік турлар берік бекінді. Алматы облысының емделу және демалу үшін тек қана жергілікті емес, сонымен қатар шетелдік туристерді тартарлық табиғи-климаттық әлеуеті зор. Бірақ, жалғыз ғана ресурстар жеткіліксіз. Осы өнімді жүзеге асыру үшін тиісті инфроқұрылым, яғни әртүрлі бағыттағы, баға белгілейтін қызмет көрсететін шипажайлар мен курорттар жүйесі қажет.

Рекреацияның емдік емес түрлерін және туризмді дамыту үшін қаражат пен кәсіби кадрлар қажет, ал олар шипажайларда жоқ, әсіресе жоғары деңгейдегі қызметті талап ететін қызмет түрлері үшін қажет қаражат пен кәсіби кадрлар. Жер жаннаты - Жетісудың табиғи-рекреациялық ресурстарын негізге алып, Алматы облысы өте туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

Алматы облысында орналасқан туристік нысандар туризмді дамытудағы әлеуеті өте зор. Осы табиғаты әсем, ландшафттары көз аларлық аумақтарға жыл сайын отандық және шетелдік азаматтар көптеп келуде.

11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.

Туризмді реттеу бойынша халқаралық конфернециялар әлемнің әр жерәнде туризимді дамыту жолы ретінде қарастырады сол үшінде арнай іш шаралар ұйымдастырылды.Ең бірінші туризимнің дамуына өсуіне ат салысатын ол ДТҰ.

Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания).

Дүниежүзілік Туристік Ұйым (World Tourism Organization) - Біріккен Ұлттар Ұйымының мекемесі болып табылады. Туризмсферасындағы бас халықаралық ұйым болады. ДТҰ Бас Ассамблеясы өздерінің мекемесінің жаңа қысқартылған атауын БҰ ДТҰ - ЮНВТО (UNWTO) бекітті. Ол атауға ООН (UN) Біріккен Ұлттар Ұйымы (United Nations) қосылды. Мекеменің штаб-пәтеріМадрид (Испания) қаласында орналасқан. Дүниежүзілік Туристік Ұйым тұрақты және барлық қауымға колжетімді туризмді дамытумен айналысады. Бас хатшысы - Талеб Рифаи (Иордания).

Дүниежүзілік Туристік Ұйым туризм сферасындағы жобаларды қаржыландыру мен оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дамып келе жатқан елдерге туризмді дамыту жайлы тәжірибелерімен ауысып, таныстырады. БҰ ДТҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының бас агенттігі болып табылады. 2002 ж. БҰ ДТҰ мен ЮНКТАД -тың "Тұрақты туризм - кедейшілікпен күресу құралы" аты бағдарламасы қабылданған болатын. Ол бағдарлама екі мәселені шешуге бағытталған болатын - туризмді дамыту мен кедейшілікпен күресу.

БҰ ДТҰ-ның жергілікті уәкілдіктері жергілікті туристік ұлттық ұйымдардың қызметін дамыту мен қолдау мақсатында тікелей акцияларды жүргізеді. Дүниежүзінің кез-келген аймағы - Африка, Америка аймағы, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағы,Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азия - осы жергілікті йұымдардың көз алдында, Дүниежүзілік Туристік Ұйымның штаб-пәтері Мадрид қаласында базаға тіркеліп енген болатын. Жергікті уәкілдіктер БҰ ДТҰ-ның қызметін осы жерлерде тікелей жүзеге асырады. Олар әрдайым сан қилы, жердің түкпір-түкпіріне іссапарлар шегеді.

Олар барлық ердердің туризм индустриясының басшыларымен жайдайларды талқылап және қажетті шешімдерді қабылдау үшін кездеседі.

Олар туристік ұйымдармен, әкімшіліктермен қажетті байланысты қамтамасыз етіп отырады. Әсіресе, БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен қажетті қаражатты бөліп отыруын қадағалар отырады.

Олар БҰ ДТҰ-ның көптеген халықаралық және жергілікті іс-шараларында уәкілдік қызметін атқарып отырады.

Олар белгілі бір елде қызығушылық тудыратын тақырыпшаға сәйкес семинарлар мен конференциялар өткізеді.

Олар көптеген елдерде қазіргі таңда актуалды болып келетін тақарыптарға презентациялар өткізеді. Осыған дейін, Таяу Шығыстағы Жаһандандыру мәселесі, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында адам ресурстарын дамыту, Европадағы Евро мен туризм , Америка аймағындағы сапа стандарттары, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында дағдарыстық мәселелерді шешу сияқты және т.б. жағдайларды қарастырды.

Олар көбінесе президенттік деңгейде туристік өнім туралы мәселелер мен туындаған жағдайларды шешуге көмектеседі. БҰ ДТҰ жылына бір рет өзінің 6 жергілікті комиссияларына конференция өткізіп тұрады.

Сондай ақ (Дублин, 1950; Лондон, 1957), БҰҰ-ның халықаралық туризм және саяхаттар туралы конференциясында (Рим, 1963), туризм туралы

парламентаралық конференцияның конгресінде (Гаага, 1989) туризм жайлы мәселеелер талқыланды.