Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

7.Мемлекеттік реттеудің негізгі жолдары.

Туристік салада мемлекеттік реттеу мынадай жолдармен жүзеге асады:

1) Туризмдегі инвестициялау, туризм индустриясының дамуы бойынша саясатты анықтау:

2) Туристік саладағы қарым-қатынастарды жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер қабылдау:

3) Туристік саладағы лицензиялау, Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туристік сала аймағындағы стандарттау:

4) Бюджеттік заңнамаға сәйкес мемлекеттік туризмді дамыту жобаларды өңдеу және жүзеге асыру үшін бюджеттен каржы бөліну:

5) Туристік салада кадрлық қамсыздандыруға үлес қосуы:

6) Отандық туристердің, туроператорлардың, турагенттердің және олардың біріккен түрлерінің халықарлық туристік жобаларға қатысуына үлес қосуы:

7) Туристік өнімнің ішкі және дүниежүзілік туристік нарықта жылжуына үлес қосуы:

8) Еліміздің туристік ресурстарын бағалау және қорғауын, эффективті және орынды қолдануын қамтамасыз ету.

8.Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар.

Туризмді дамытуды реттеу мынадай көпдеңгейлі жүйені құрайды:

-  Дүниежүзілік туристік ұйым халықаралық қаржы ұйымдарының көмегімен жаһандық масштабта туризмді дамытып, координациялайды;

- Туристік саясаттың аймақтық туристік ұйымдар мен мемлекетаралық қоғамдардың( Еуроодақ) көмегімен мемлекетаралық деңгейде келісіліп, реттелді.

- арнайы құрылған мемлекеттік органдар мен қоғамдық туристік ұйымдар ассоциациясының көмегімен туризм саласының саясатын ұлттық және аймақтық деңгейде келісіліп, реттейді.

Туризм дамуын мемлекеттік реттеу жүйесін келесідей компонеттермен көруге болады:

Реттеу субъектілері;

Мемлекеттеік органдар мен қоғамдық ұйымдар;

Туризм дамуын реттейтін бірыңғай мемлекеттік саясат құру;

Мемлекеттік реттеудің тәсілдері;

Мемлекеттік реттеудің құралдары.

Көп жылдар бойы елдегі туризм саласын қадағалаған КСРО Госкомтурист 1989 жылы таратылып кетеді. 1992 жылдың наурызында ҚР мәдениет және туризм министрлігі құрылады, және ол жыл өтпестен екі өзіндік мекемеге бөлінді: Мәдениет министрлігі және Туризм комитеті. ҚР Үкіметінің аппаратты ары қарай ұйымдастыруы Жастар, дене шынықтыру, туризм ісі жөніндегі комитет, кейін – Дене шынықтыру және туризм комитеті болып жалғасты. 1994 жылдың 9 тамызынан бастап ҚР дене шынықтыру және туризм імі бойынша мемлекеттік комитет қызмет ете бастады. Қазақстандағы туризмді реттеуші мемлекеттік органдардың қызметі «ҚР туристік қызмет туралы» Заңымен қадағаланады:

9.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары.

Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары

Қазақстан Республикасындағы туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары мыналар:

1)туристік іс-әрекет пен оның дамуы үшін жағымды жағдайлар жасау;

2) туристік іс-әрекеттегі болашағы зор бағыттарын анықтау және қолдау;

3) Қазақстан Республикасын туризмге жағымды ел ретінде көзқарас қалыптастыру;

4)қауіпсіздікті қамтамасыз ету,Қазақстан Республикасындағы туристік мекемелердің және туристердің құқығын қорғау және біріктіру,сондай-ақ олардың қызығушылығы мен мүлкін қорғау;

Болашағы бар бағыттар және туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу тәсілдері,мақсаттары

1.туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары мыналар:

1)азаматтардың демалысқа,туристік іс-әрекет саласындағы еркін қозғысына құқығын қамтамасыз ету;

2)қоршаған ортаны қорғау;

3)туристерди тәрбиелеуге,білім беруге, сауықтыруға бағытталғанқызметке жағдайлар жасау;

4)саяхат жасау барысында азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз ететін туристік индустрияның дамуы;

5)жаңа жұмыс орындарын жасау,мемлекеттік және Қазақстан Республикасының азаматтарының туристік индустрия есебінен табыс көлемін ұлғайту;

6)халықаралық туристік байланыстарды нығайту;

2.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттары мыналар:

1)туризмнің Қазақстан Республикасындағы экономиканың жоғарырентабельді саласы ретінде қалыптасуы;

2) мемлекет мудделерін есепке алу,

туристік ресурстарды қолдану барысында Қазақстан Республикасының мәдени және табиғи мұраларын қорғау:

3) балалар, жасөспірімдер, жастар, мүгедектер және жағдайы нашар тап өкілдеріне туристік және экскурсиялық жұмыста ржүргізуд ежеңілдікті шарттар енгізу:

4) туристік индустрияны инвестициялауға қолайлы жағдайлар жасау:

5) Қазақстан Республикасы аумағында шығу және ішкі туризммен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту:

6) халықаралық және ішкі туризм қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін туристік салада эффективті жүйе құру: