
- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •2.Мамандандырылған туристік ұйымдар. Дтұ мақсаты, міндеттері.
- •3.«Қр туристік қызмет туралы» заңның мақсаттары мен міндеттері.
- •4.Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеу.
- •5.Халықаралық туризм бойынша Гаага декларациясының негізгі принциптері.
- •6.«Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •7.Мемлекеттік реттеудің негізгі жолдары.
- •8.Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар.
- •9.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •10.Қазақстанда туризм дамуының басым бағыттағы туристік аудандары.
- •11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті.
- •13.Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •14.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •15.Уәкілетті органның құзыреті.
- •17.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •18.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі
- •19.Көлік туралы заң
- •20.Туризм жөнінде кеңес.
- •21. Туризмреттеушінормативтікқұқықтықбаза
- •22. «Сақтандыру туралы» қр- сы Заңы.
- •23. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы
- •24. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң
- •25. Жарнаманың құқықтық аспектілері.
- •26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң
- •27. Халықаралық туризмді дамыту бойынша юнеско- ның бағдарламары.
- •28. Туризмнің 2007-2011ж.Ж мемлекеттік бағдарламасы.
- •29. Туристерді медициналық сақтандыру бойынша дтұ- ның ұсыныстары.
- •30. Туризмді мемлекеттік реттеу қағидалары (қр- ның Заңы).
- •31. Туристерді сақтандыру бойынша халықаралық және мемлекеттік ұйымдар.
- •32. Туристік ресурстар (қр- ның Заңы).
- •33. Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.
- •34. Лицензиялау туралы заң.
- •35. Туристік жарнамалық- ақпараттық орталық.
- •36. Медициналық рәсімдеу.
- •37. Туризмнің этикалық кодексі
- •38. Өтелмелі қызмет көрсету
- •39. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
- •40. Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары
- •41. Туристтерге кедендік жеңілдіктер туралы конвенция.
- •42. Туризмдегі екіжақты шарттар құрастыру.
- •43. Туризм облысында маман дайындау.
- •44. Туризмдегі кадр мәселесі (қр- сы Заңынан)
- •45. Дтұ құқықтық режим аспектілеріндегі туристік қызметті құқықтық реттеу.
- •46. Мынжылдық Осака декларациясы.
- •47. Туризмдегі лицензиялау ережесі.
- •48. «Қр көлік туралы» заңның негізгі бөліктер мен мазмұны.
- •49. «Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •50. Туризм хартиясы.
- •51. Әлемдік Монила декларациясы.
- •52. Қоныстану туралы.
- •53. Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •54. Ұлы жібек жолын қайта дамыту бойынша юнесКо бағдарламасында Қазақстанның орны.
- •55. Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •56. Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •57. Туристік рәсімдеу.
- •58. «Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «қр туристік қызмет туралы» заңынан.
- •59. Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •60. Туристерді сақтандыру. Негізгі ұғымдар.
- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •38.Өтелмелі қызмет көрсету
3.«Қр туристік қызмет туралы» заңның мақсаттары мен міндеттері.
2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
1-тарау. Негізгі ережелер
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік туризм - жұмыс берушінің және (немесе) өзге де үшінші тұлғалардың қаражаты есебінен толық немесе ішінара жүзеге асырылатын туризм;
2) гид (гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
3) өз бетінше туризм - туристер өз бетінше ұйымдастыратын, жүріп-тұрудың белсенді тәсілдері пайдаланылатын саяхаттар;
4) тур - белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;
5) туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
6) туризм нұсқаушысы - осы қызмет түріне лицензиясы, тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;
7) турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;
8) туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;
9) туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (бұдан әрі - турагент) туристік өнімді ұсыну және өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
10) туристік ваучер - турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат;
11) туристік жолдама - туристік қызмет көрсету кешенін алуға құқықты растайтын құжат;
12) туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;
13) туристік қызмет көрсету - туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер);
14) туристік қызмет көрсетуге арналған шарт - өтемді туристік қызмет көрсету бойынша туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға мен туристің арасындағы келісім;
15) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар - турагенттер, туроператорлар, туризм нұсқаушылары, сондай-ақ өз бетінше туристік қызмет көрсететін гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар;
16) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімі - туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды есепке алу құжаты;
17) туристік маршрут - туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы;