- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •2.Мамандандырылған туристік ұйымдар. Дтұ мақсаты, міндеттері.
- •3.«Қр туристік қызмет туралы» заңның мақсаттары мен міндеттері.
- •4.Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеу.
- •5.Халықаралық туризм бойынша Гаага декларациясының негізгі принциптері.
- •6.«Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •7.Мемлекеттік реттеудің негізгі жолдары.
- •8.Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар.
- •9.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •10.Қазақстанда туризм дамуының басым бағыттағы туристік аудандары.
- •11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті.
- •13.Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •14.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •15.Уәкілетті органның құзыреті.
- •17.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •18.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі
- •19.Көлік туралы заң
- •20.Туризм жөнінде кеңес.
- •21. Туризмреттеушінормативтікқұқықтықбаза
- •22. «Сақтандыру туралы» қр- сы Заңы.
- •23. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы
- •24. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң
- •25. Жарнаманың құқықтық аспектілері.
- •26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң
- •27. Халықаралық туризмді дамыту бойынша юнеско- ның бағдарламары.
- •28. Туризмнің 2007-2011ж.Ж мемлекеттік бағдарламасы.
- •29. Туристерді медициналық сақтандыру бойынша дтұ- ның ұсыныстары.
- •30. Туризмді мемлекеттік реттеу қағидалары (қр- ның Заңы).
- •31. Туристерді сақтандыру бойынша халықаралық және мемлекеттік ұйымдар.
- •32. Туристік ресурстар (қр- ның Заңы).
- •33. Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.
- •34. Лицензиялау туралы заң.
- •35. Туристік жарнамалық- ақпараттық орталық.
- •36. Медициналық рәсімдеу.
- •37. Туризмнің этикалық кодексі
- •38. Өтелмелі қызмет көрсету
- •39. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
- •40. Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары
- •41. Туристтерге кедендік жеңілдіктер туралы конвенция.
- •42. Туризмдегі екіжақты шарттар құрастыру.
- •43. Туризм облысында маман дайындау.
- •44. Туризмдегі кадр мәселесі (қр- сы Заңынан)
- •45. Дтұ құқықтық режим аспектілеріндегі туристік қызметті құқықтық реттеу.
- •46. Мынжылдық Осака декларациясы.
- •47. Туризмдегі лицензиялау ережесі.
- •48. «Қр көлік туралы» заңның негізгі бөліктер мен мазмұны.
- •49. «Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •50. Туризм хартиясы.
- •51. Әлемдік Монила декларациясы.
- •52. Қоныстану туралы.
- •53. Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •54. Ұлы жібек жолын қайта дамыту бойынша юнесКо бағдарламасында Қазақстанның орны.
- •55. Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •56. Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •57. Туристік рәсімдеу.
- •58. «Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «қр туристік қызмет туралы» заңынан.
- •59. Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •60. Туристерді сақтандыру. Негізгі ұғымдар.
- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •38.Өтелмелі қызмет көрсету
39. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі. Экологиялық кодекс.
8-бап. Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры
Мемлекеттiк табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм мен рекреация нысанасы ретiнде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған орта объектiлерiнiң жиынтығы.
237-бап. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, темiржолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдыққұбырларды, электр беру және байланысжелiлерiн, каналдарды, бөгеттердi, өзге де құрылыстар мен объектiлердi орналастыру,жобалау мен салу кезiндегi экологиялық талаптар
Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмайтын, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына қосу, жерлердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi айқындау, туристiк маршруттарды әзiрлеу мен халықтың жаппай тынығу орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң тiршiлiк ету ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлардың тiршiлiк ету ортасы ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.
309-бап. Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе)көму пункттеріне қойылатын экологиялық талаптар
Радиоактивті қалдықтарды сақтау және (немесе) көму пункттерінің барлық жобалары мемлекеттік экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін сараптамадан өткізілуге тиіс. Жобалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Жобада сақтау және (немесе) көму пункті салынатын орынды халықтың тәуекел тобына дозалық жүктеме бағалауы қамтылатын, қоршаған ортаға әсер ескерілген арнайы іздестірулер мен экономикалық бағалаулар негізінде баламалық нұсқалар қатарынан таңдау негізделуге тиіс.
8. Құрылысқа жер учаскесін таңдау кезінде мынадай шарттарды сақтау қажет:
16) бұл жердің туристік құндылығының жоқтығы және оған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары сирек келуі.
40. Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары
Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:
1. турист пен оның мүлкін сақтандыру;
2. туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;
3. шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;
4. шетелдік туристерді сақтандыру;
5. азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;
6. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
7. қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.
Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:
1. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;
2. көліктік сапарларды сақтандыру.
Туристерді сақтандырудың басқа түрлері ерікті болып келеді. Турист мүлкін сақтандыру турситің мүлкіне зақым келуі немесе жоғалуы үшін жауапкершілікті алады. Бұндай сақтандыру келісім-шартының әрекеті сақтанушының тұрақты тұратын жерінен шыққан кезінен басталып, оның қайтадан тұрақты жеріне келгенінде аяқталады. Бұл келісім-шарты бойынша туристің өзімен алған жеке мүліктері мен туристік мүліктер сақтандырылады. Жүк деп туристердің тіркелген және тіркелмеген зат-мүліктерін айтамыз. Сонымен қатар, туристің киіміндегі және үстіндегі заттары мен саяхат кезінде алынған заттары да сақтандыруға жатады.
Сақтандыру жауапкершілігі түрлеріне апаттар, жарылыстар, табиғаттың апатты құбылыстары, тонау, ұрлықтар және басқа да алдын ала жоспарланған қаскүнемдік әрекеттер т.б. жатады.
Туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыруға қаржылық қауіптер, туристердің, олардың туыстарының, үшінші адамдардың іздеулері жатады. Қаржылық қауіптер қатарына кіретіндер:
1. коммерциялық қауіптер (төлемді өтемеу немесе кешіктіру, форс-мажорлық жағдайлармен шартты бұзуды мойындамау үшін контрагенттің айыптық санкциялары);
2. фирманың банкрот болуы;
3. кеден заңдарында, ақша реттеуде, төлқұжатты тексеру және кедендік құжаттамалардағы өзгерістер;
4. форс-мажорлық жағдайлардың болуы;
5. саяси қауіптер және т.б.
Шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру мыналарды қамтиды:
1. кенеттен туристердің ауырып қалуы мен жағымсыз жағдайлар кезінде оларға жедел дәрігерлік көмек көрсету;
2. туристі тиісті дәрігерлік бақылауға алатын, сапалы ем беретін жақын арадағы ауруханаға жеткізу;
3. тиісті дәрігерлік бақылауға алып тұрақты тұратын жеріне жеткізу;
4. ішкі дәрігерлік бақылау және туристің жанұясына хабарлау;
5. дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
6. дәрігер-маманның кеңестік қызметін қолдану (қажетті жағдайда);
7. ауырған не қаза болған туристі тұрақты тұратын еліне жеткізу үшін көлік шығындарын төлеу;
8. туристі репатриациялау;
9. шетелде азаматтық және қылмыстық істерді тергеу кезінде туристерге заңды көмек көрсету.
Сақтандыру келісім-шарты жасалғанда сақтандыру сомасы баратын елге сәйкес таңдалады және төлемін қайтарудағы ең төменгі көрсеткішке байланысты жіктеледі. Қазіргі уақытта туристік сақтандыру қызметінің 2 формасы бар: компенсациялы және сервисті.
Бірінші түрінде туристің еліне қайтып келген соң оның барлық дәрігерлік шығындары төленеді. Бірақ, бұл туристер үшін өте қолайсыз, яғни турист өзімен бірге айтарлықтай ақша сомасын алып жүруі керек.
Сервисті туристік сақтандыру сақтандыру компаниясымен келісім-шарт жасай отырып, көрсетілген диспетчерлік қызмет көрсету орындарына хабарлап сақтандыру полисінің номері мен фамилияны айтып көмек ала алады.
Азаматтық жауапкершілікті сақтандырумен жеке автокөліктері, мотоциклдері және басқа көлік түрлерімен сапар жасайтын туристер қолданады. Бұл сақтандыру түрі, сонымен бірге, сақтандыру объектісі сақтанушының үшінші адам алдында жауапкершілігі болған кезде қолданылады.
Міндетті жеке сақтандыру келесі жолаушыларға таралмайды:
1. халықаралық қатынастардағы барлық көлік түрлеріндегі
2. қала айналасы қатынастарындағы теміржол, теңіз, ішкі су және автомобиль көліктеріндегі;
3. ішкі қала қатынастары мен өткелдердегі теңіз және ішкі су көліктеріндегі;
4. қала маршруттарындағы автомобиль көліктеріндегі.
Шетелдегі туристі қауіпті жағдайлардан сақтандыру, әдетте, келісім-шартта келісілген сақтандыру сомасы мөлшерінде жүзеге асады, ал шығынын қайтарып алу төмендегідей:
1. 3 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 50%;
2. 2 топты мүгедектікте – сақтандыру сомасының 75%;
3. қаза болу – сақтандыру сомасының 100%.
Сапар болмай қалса туристердің шығындарын сақтандыру келісім-шартында келісілген сақтандыру сомасы негізінде төленеді. Сапар келесі себептер бойынша болмай қалса, онда сақтандыру сомасы толық не жартылай төленеді:
1. туристің өзінің немесе оның жанұя мүшелерінің, жақын туыстарының бірінің қаза болуы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы;
2. қоршаған ортаның немесе үшінші адамдар әрекеттерінен туристің мүлкінің зақымдалуы;
3. жоспарланған сапар болар кезінде турситің соттық талқылауларға қатысуы;
4. әскери міндетін орындауға шақырылу;
5. кіру визасын ала алмау;
6. келісім-шартта көрсетілген басқа да себептер.
Сақтандырудың өзіндік айрықша түрлеріне көліктің айтарлықтай уақытқа бөгелуі, сақтанушы адамның демалыс кезінде қолайсыз ауа райында болуы және тиісті туристік қызметті толық немесе мүлдем көрсетпеу жатады.
AKZHOLTRAVELтуристік фирмасы бойынша
Сақтандырусомаларысаяхатшылапкелгенелдіңталаптарынасәйкес 15 000 у. е. мөлшерінен 70 000 у. е. мөлшерінедейінбелгіленеді.
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру аумағына, сақтандыру сомасына (жауапкершілік лимитіне) және шетелге келу мерзіміне байланысты белгіленеді және бір күнде 0,31 у. е. мөлшерінен 2,90 у. е. мөлшеріне дейінгі аралық шегінде өзгеріп тұрады.
Базалық тарифке (барлық демалушылардың жас мөлшері мен жыныстарына және саяхатшылаушылар санына байланысты) жоғары және төменгі коэффициенттің қосымша қолданылуы мүмкін.
* Төлем туристік сақтандыруды рәсімдеу күндегі бағаммен жүзеге асырылады.
Туристік медициналық сақтандыру біздің кеңседе 5–10 минутта рәсімделеді, сондықтан сіздің уақытыңызды көп алмайды
Егер сізге рұқсатнама үшін медициналық сақтандыру керек болса, бізге хабарласыңыз. Біздің кеңседе рұқсатнама үшін медициналық сақтандыру шетел елшіліктің талаптарына толық жауап береді. Сондай-ақ, біз Шенген үшін біржолғы туристік сақтандыруды рәсімдейміз.
Шетелге шығушы сақтандырушы мен сақтанушының төлқұжаты;
СТН көшірмесі;
Шетелде болу уақыты.
