Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

36. Медициналық рәсімдеу.

1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметті:

1) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - МФҚБК аумақтық департаменттері);

2) мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (бұдан әрі - МСЭҚК) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - МСЭҚК аумақтық департаменттері);

3) мекенжайлары осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - әкімдіктер) көрсетеді.

Ресімделген құжаттарды қабылдауды және беруді мекенжайлары осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері, әкімдіктер немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда жүзеге асырады.

Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобильдік Орталықтар арқылы көрсетуге рұқсат етіледі.

МСЭҚК, МСЭҚК аумақтық департаменттері, МФҚБК аумақтық департаменттері немесе әкімдіктер осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық қызметтің кіші түрлерін лицензиялайды.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 13-бабының, Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарының, «Медициналық және фармацевтикалық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.Қажетті құжаттар

Өтініш

Жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелері;

Медициналық қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;

Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:

меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары;

мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиһаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар;

осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты;

мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім;

мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері;

жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;

маманның тиісті сертификаты.

Қызметтің толық атауы

Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру

Қызмет көрсету нәтижесі

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру.