Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

32. Туристік ресурстар (қр- ның Заңы).

1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР  1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы

22) туристік ресурстар - туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер; 

5-бап. Туристiк ресурстар  Қазақстан Республикасының туристiк ресурстарын сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимi, қоршаған ортаға түсетiн ауыртпалықтың жол берілетiн шегiн ескере отырып пайдалану және Қазақстан Республикасының туристiк ресурстары тұтастығының сақталу тәртiбi, оларды қалпына келтiру жөнiндегi шаралар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен айқындалады. 

33. Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;

2) турагент - туристік өнімді ұсыну мен сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

3) туроператор - туристiк өнiмді қалыптастыру, оны турагенттер мен туристерге ұсыну және өткізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденті емес қалыптастырған туристiк өнiмді ұсыну мен өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензия алған, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлға;

4) туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі - туроператордың және турагенттің туристік қызметтер көрсету кезінде туристерге келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген міндеті;

5) сақтандыру жағдайы - басталуына орай туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

6) сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;

7) сақтандыру сыйлықақысы - сақтанушыға (пайда алушыға) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтандырушыға сақтанушының төлеуі міндетті ақша сомасы;

8) сақтандыру төлемі - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы;

9) сақтандырушы - сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған, сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтандыру төлемін жасауға міндетті сақтандыру ұйымы;

10) сақтанушы - сақтандырушымен туроператордың немесе турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан туроператор немесе турагент;

11) франшиза - сақтандырушыны белгілі мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату.

2-бап. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық

жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы

Қазақстан Республикасының заңдары

1. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық

жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты

және негiзгi мiндеттерi

1. Туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсетудi жүзеге асыруы кезiнде туристердiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.

2. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi мiндеттерi:

1) туристiң мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiн қорғауды осы Заңда белгiленген көлемде және тәртiппен қамтамасыз ету;

2) туроператордың турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты болған кезде туроператордың және турагенттiң өз қызметiн жүзеге асыруы;

3) туроператордың және турагенттiң туристiк қызмет көрсету қауiпсiздiгiн арттырудағы экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

4-бап. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық

жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi

Туроператордың және турагенттiң туристiк өнiмдi сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асырған кезде туристiң мүлiктiк және (немесе) өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды олардың Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру объектiсi (бұдан әрi - туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) болып табылады.

2-тарау. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн

мiндеттi сақтандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету

5-бап. Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн

мiндеттi сақтандыру саласындағы мемлекеттiк

бақылау және қадағалау

1. Осы Заңда белгіленген туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттiк бақылауды туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

3. Туроператор мен турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау жөніндегі міндеттерді туроператор мен турагенттің орындауын мемлекеттiк бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi

сақтандырылуға жататын тұлғалар

1. Туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.

2. Туроператор мен турагенттiң кәсiби қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оларды туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.

7-бап. Туроператор мен турагенттiң қызметтi

туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн

мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай жүзеге

асыруына жол бермеу

Туроператор мен турагент туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасаспай туристiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.

7-1-бап. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін

міндетті сақтандыруды жүзеге асырудың

ерекшеліктері

1. Сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензия алғанға дейін:

1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасуға және көрсетілген Қорды құру және оның қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңында айқындалған тәртіппен оның акционері болуға;

2) астанада, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерінің болуы міндетті.

2. Туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушы өзінің қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде, уәкілетті органның жылдық қаржылық есептілікті жариялау тәртібі туралы нормативтік құқықтық актісінде көзделген көлемде және мерзімдерде жыл сайын жариялап отыруға міндетті.

3. Сақтандырушылар туроператордың және турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру тәуекелдері, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері жөніндегі ақпараттық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымды құруға қатысуға құқылы.

4. Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен міндетті жарналарды төлеуге және шартты міндеттемелерді қалыптастыруға міндетті.