- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •2.Мамандандырылған туристік ұйымдар. Дтұ мақсаты, міндеттері.
- •3.«Қр туристік қызмет туралы» заңның мақсаттары мен міндеттері.
- •4.Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеу.
- •5.Халықаралық туризм бойынша Гаага декларациясының негізгі принциптері.
- •6.«Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •7.Мемлекеттік реттеудің негізгі жолдары.
- •8.Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар.
- •9.Туристік іс-әрекеттегі мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •10.Қазақстанда туризм дамуының басым бағыттағы туристік аудандары.
- •11.Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •12.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті.
- •13.Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •14.Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •15.Уәкілетті органның құзыреті.
- •17.Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •18.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі
- •19.Көлік туралы заң
- •20.Туризм жөнінде кеңес.
- •21. Туризмреттеушінормативтікқұқықтықбаза
- •22. «Сақтандыру туралы» қр- сы Заңы.
- •23. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы
- •24. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң
- •25. Жарнаманың құқықтық аспектілері.
- •26. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң
- •27. Халықаралық туризмді дамыту бойынша юнеско- ның бағдарламары.
- •28. Туризмнің 2007-2011ж.Ж мемлекеттік бағдарламасы.
- •29. Туристерді медициналық сақтандыру бойынша дтұ- ның ұсыныстары.
- •30. Туризмді мемлекеттік реттеу қағидалары (қр- ның Заңы).
- •31. Туристерді сақтандыру бойынша халықаралық және мемлекеттік ұйымдар.
- •32. Туристік ресурстар (қр- ның Заңы).
- •33. Міндетті түрде сақтандыру туралы заң.
- •34. Лицензиялау туралы заң.
- •35. Туристік жарнамалық- ақпараттық орталық.
- •36. Медициналық рәсімдеу.
- •37. Туризмнің этикалық кодексі
- •38. Өтелмелі қызмет көрсету
- •39. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
- •40. Туристерді сақтандыру түрлері мен бағалары
- •41. Туристтерге кедендік жеңілдіктер туралы конвенция.
- •42. Туризмдегі екіжақты шарттар құрастыру.
- •43. Туризм облысында маман дайындау.
- •44. Туризмдегі кадр мәселесі (қр- сы Заңынан)
- •45. Дтұ құқықтық режим аспектілеріндегі туристік қызметті құқықтық реттеу.
- •46. Мынжылдық Осака декларациясы.
- •47. Туризмдегі лицензиялау ережесі.
- •48. «Қр көлік туралы» заңның негізгі бөліктер мен мазмұны.
- •49. «Қр туристік қызмет туралы заң» (туристердің негізгі құқықтары мен міндеттері).
- •50. Туризм хартиясы.
- •51. Әлемдік Монила декларациясы.
- •52. Қоныстану туралы.
- •53. Туризмді реттеу бойынша халықаралық конференциялар.
- •54. Ұлы жібек жолын қайта дамыту бойынша юнесКо бағдарламасында Қазақстанның орны.
- •55. Қр туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары.
- •56. Туристік қызметті халықаралық- құқықтық реттеу
- •57. Туристік рәсімдеу.
- •58. «Тарихи- мәдени мұраны қорғау және қолдану туралы” «қр туристік қызмет туралы» заңынан.
- •59. Шарттық қарым- қатынастағы құқықтық негіздер.
- •60. Туристерді сақтандыру. Негізгі ұғымдар.
- •1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.
- •38.Өтелмелі қызмет көрсету
30. Туризмді мемлекеттік реттеу қағидалары (қр- ның Заңы).
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы
2001 ж. 13 маусымдағы № 211-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2-тарау. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу (8 - 14 баптар)
Туристік салада мемлекеттік реттеу мынадай жолдармен жүзеге асады:
1) Туризмдегі инвестициялау, туризм индустриясының дамуы бойынша саясатты анықтау:
2) Туристік саладағы қарым-қатынастарды жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер қабылдау:
3) Туристік саладағы лицензиялау, Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына мсәйкес туристік сала аймағындағы стандарттау:
4) Бюджеттік заңнамаға сәйкес мемлекеттік туризмді дамыту жобаларды өңдеу және жүзеге асыру үшін бюджеттен каржы бөліну:
5) Туристік салада кадрлық қамсыздандыруға үлес қосуы:
6) Отандық туристердің, туроператорлардың, турагенттердің және олардың біріккен түрлерінің халықарлық туристік жобаларға қатысуына үлес қосуы:
7) Туристік өнімнің ішкі және дүниежүзілік туристік нарықта жылжуына үлес қосуы:
8) Еліміздің туристік ресурстарын бағалау және қорғауын, эффективті және орынды қолдануын қамтамасыз ету.
6. Туризмді реттеуші мемлекеттік органдар
Туризмді дамытуды реттеу мынадай көпдеңгейлі жүйені құрайды:
- Дүниежүзілік туристік ұйым халықаралық қаржы ұйымдарының көмегімен жаһандық масштабта туризмді дамытып, координациялайды;
- Туристік саясаттың аймақтық туристік ұйымдар мен мемлекетаралық қоғамдардың( Еуроодақ) көмегімен мемлекетаралық деңгейде келісіліп, реттелді.
- арнайы құрылған мемлекеттік органдар мен қоғамдық туристік ұйымдар ассоциациясының көмегімен туризм саласының саясатын ұлттық және аймақтық деңгейде келісіліп, реттейді.
Туризм дамуын мемлекеттік реттеу жүйесін келесідей компонеттермен көруге болады:
- Реттеу субъектілері;
- Мемлекеттеік органдар мен қоғамдық ұйымдар;
- Туризм дамуын реттейтін бірыңғай мемлекеттік саясат құру;
- Мемлекеттік реттеудің тәсілдері;
- Мемлекеттік реттеудің құралдары.
Көп жылдар бойы елдегі туризм саласын қадағалаған КСРО Госкомтурист 1989 жылы таратылып кетеді. 1992 жылдың наурызында ҚР мәдениет және туризм министрлігі құрылады, және ол жыл өтпестен екі өзіндік мекемеге бөлінді: Мәдениет министрлігі және Туризм комитеті. ҚР Үкіметінің аппаратты ары қарай ұйымдастыруы Жастар, дене шынықтыру, туризм ісі жөніндегі комитет, кейін – Дене шынықтыру және туризм комитеті болып жалғасты. 1994 жылдың 9 тамызынан бастап ҚР дене шынықтыру және туризм імі бойынша мемлекеттік комитет қызмет ете бастады. Қазақстандағы туризмді реттеуші мемлекеттік органдардың қызметі «ҚР туристік қызмет туралы» Заңымен қадағаланады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді шығарады;
3) туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
4) туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;
5) туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекітеді;
6) уәкілетті органның ұсынуы бойынша туризм жөніндегі кеңестің дербес құрамын және ол туралы ережені бекітеді;
7) шет мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастықты және өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
8) туристік қызмет көрсету ережелерін бекітеді;
9) туристік ақпарат орталықтарын құрады;
10) туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.
Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында туристік саланы дамыту бағдарламасын әзірлейді;
2) туристік салаға инвестициялар тарту жөніндегі бірыңғай саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
3) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты, туризм мен туристік индустрияны дамытудың стратегиясын, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларын іске асырады;
4) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, заңнаманы қолдану тәжірибесін жинақтайды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес турагенттік және туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
6) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, оның ішінде облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдіктерінің туризмді дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестіруді, туристік қызмет саласындағы меншік нысандарына қарамастан, отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдар мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;
7) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар береді;
8) Туристік қызмет нарығында бәсекелестікті күшейтуге көмектеседі,меншіктік формасына қарамастан туристік қызметтегі барлық субъектілерге бірдей жағдай қалыптастырады;
9) техникалық реттеудегі уәкілетті органмен біріге отырып, стандарттау сұрақтарын реттейді;
10) туристік қызметке қатысты Қазақстан Республикасының заңнамаларының және нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қадағалайды;
11) туристік қызмет субъектілеріне және облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдарға туристік қызметтің субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар бойынша методикалық және консультациялық көмек көрсетеді;
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдардың құзыреттілігі
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы орган:
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) туризмді және туристік индустрияны дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламалары аясында туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді;
3) өңірлік туризмді дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған іс-шаралардың атқарылуын жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтерді лицензиялауды жүзеге асырады;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында:
туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне;
туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
6) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға табыс етеді;
7) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
9) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;
13 бап. Туризм жөнінде кеңес
1. Туризм жөніндегі кеңес ҚР басқармасының консультативтік кеңестік ұйымы ретінде құрылады.
2. Туризм жөніндегі кеңес құрамына 15 мүше кіреді: 7уәкілетті және басқа да мемлекеттік органдар, 8 ассоциациялар мен басқа да біріккен ұйымдар.
3. Туризм жөнінде кеңес:
1) Туризмнің дамуы жөнінде, экономика саласына инвесторларды тарту, ҚР аумағында және шетелге шығушы туристерге жағдайлар жасау, республикалық туристік имидж қалыптастыру, облыста туристік мамандар даярлау жөнінде сұрақтарды шешу;
2) Мақсатты ақпараттық тұтынушылар үшін туристік қызметте туристік ұйымда қызмет сапасы жөнінде тәртіптілік бекіту;
4. Туризм жөнінде кеңес жағдайы ҚР облыстарындағы туристік даму жөніндегі уәкілетті органдарда бекітіледі.
14 бап. Туристік ақпараттық орталық
1. Туристік ақпараттық орталық ҚР басқармасымен анықталған тәртіп құру, Қазақстан және оның туристік потенциалы жөніндегі ақпараттың таралуы және қалыптасуы, туристік өнімді әлемдік туристік нарыққа және мемлекет ішінде жылжыту жөніндегі ұйым болып табылады.
2. Туристік ақпараттық орталық өзінің қызметін уәкілетті орган бекіткен шарттарға сай жүзеге асырады.
ҚР туризм дамуын реттеуші негізгі органдардың бірі ҚР туризм және спорт Министрлігі болып табылады. Министрлік өзінің қызметін ҚР басқармасының №3292006 жылдың 26 сәуірінде бекіткен заңнамасына сай жүзеге асырады.
Қазіргі таңда ҚР ТжСМ басқармасына кіреді:
- жауапты хатшы: 2007 жылы 28 қазандағы №159 ҚР Президентінің «ҚР Министерствасының жауапты хатшылары жайлы» тапсырмасына сәйкес ҚР Туризм және Спорт Министерствасының жауапты хатшысы ретінде Мусин Хобланды Нургалиевич тағайындалды.
- вице-министр: 2007 жылы 26 қыркүйектің №836 Қазақстан Республикасының Басшылығымен Ускенбаев Каирбек Айтбаевич үкімге сәйкес тағайындалған.
- вице-министр: 2008 жылы 2 ақпанның № 87 Қазақстан Республикасының Басшылығымен Ермегияев Талгат Амангельдиевич үкімге сәйкес тағайындалған.
ҚР Спорт және Туризм Министерствасы 2010-2014 жылдарғы Қазақстан Республикасының песпективті туристік индустрияның бағытталған даму программаларына сәйкес жасалып жүзеге асырылады. Оның мақсаты- Қазақстанның туристік бағыт ретінде қызығушылығын арттыру және туристік өнімнің бәсекелестікке қабілетті болуы үшін туризм индустриясын дамыту.
Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеудің қазіргі модельдерінің басқа ұлттық шаруашылық салаларынан айырмашылығы, салаларды реттеуде туристік ассоциациялармен ұсынылған қоғамдық ұйымдар қатысады.
