Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

23. Қазақстандық туризмнің өзекті мәселелері және туризмді дамыту стратегиясы

Әлемдік туризм нарығы бүгінгі күні 4.3 трлн $-ға бағаланады. Аталмыш саланың әлемдік деңгейде өсімі 2003-2010ж арасында 5.86%ды құрады. Мұндай көрсеткіштердің болу себебі туристерге деген қызығушылық пен сұраныстың болуы. Туристік қызметтерге сұраныстың детерминанттары төмендегілер болып табылады:

1 ішкі және аймақтық сапаларға көшу

2 интернет арқылы туристік қызметтер саласын жасауды ұлғайту құрамдастырылған тур пакеттерде сұраныстың өсуі

3 дәстүрлі мәдениетті өмір салтын бастан кешуге мүмкіндік беретін тұлғаларға сұраныстың ұлғаюы

Оның дәлелі ретінде бүгінгі күнде Қазақстанда туризм дамуының негізгі көрсеткіштері туризмнің барлық түрлері бойынша бар

Туризм түрлері бойынша салыстыратын болсақ шығу туризмі бойынша сыртқа шыққандардың саны 286 691 2007ж статистика бойынша адамды көрсетіп 2009ж 193951 адам санына дейін шегерілген. Ал ел ішіндегі туристердің саяхаттануы 2006ж бастап 209143 адамға өскен. Қазақстанға деген қызығушылықтың ұлғайып кетуі бұл әлемдік нарықтың жаңа бағыттарға деген сұранысы және Қазақстанның Орталық Азиядағы елдер арасындаағы экономика жағынан болсын, саяси тұрақтылығына байланысты және жаңа ресурстардың игерілуі және мемлекет тарапынан арнайы көмектердің болуы. Бірақ оған қарамастан отандық демалушылардың басым көпшілігі Түркия еліне жыл санап сапарлары артып келеді. Осыған себеп болып отырған Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасындағы туристік саладағы ынтымақтастықтың дамуы. Сонымен қатар қазіргі таңда Түркияның бірқатар кәсіпкерлері елдегі инфрақұрылым объектілеріне салынып отырған инвестиция көлемі де артылды

24. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заң

17-бап. Шаруашылық және өзге де қызметтi жобалау мен

жүзеге асыру кезiнде жануарлар мекендейтiн

ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару

жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау

жөнiндегi iс-шаралар

1. Елдi мекендердi, кәсiпорындарды, құрылыстар мен басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау және салу, өндiрiстiк процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, қолданыстағы технологиялық процестердi жетiлдiру және олардың жаңаларын енгiзу, пайдаланылмаған, жағалау маңындағы, батпақты, бұта басқан аумақтарды шаруашылық айналымына енгiзу, жердi мелиорациялау, орман ресурстарын және су объектiлерiн пайдалану, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын және оларды айдап өтетiн жерлердi белгiлеу, туристiк маршруттар әзiрлеу мен халықтың жаппай демалатын орындарын ұйымдастыру кезiнде жануарлар дүниесi объектiлерi мекендейтiн ортаны және олардың көбею жағдайларын, жануарлардың өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, сондай-ақ жабайы жануарлар мекендейтiн орта ретiнде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге ешкiмнiң қол сұқпауы қамтамасыз етiлуге тиiс.

2. Темiр жол, тас жол, құбыр тарту және басқа көлiк магистральдарын, электр беру және байланыс желiлерiн, арналарды, бөгеттердi және өзге де су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, орналастыру, жобалау және салу кезiнде жануарлар мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдары мен шоғырланған жерлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн іс-шаралар әзiрленiп, жүзеге асырылуға тиiс.