Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

22. «Сақтандыру туралы» қр- сы Заңы.

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126 Заңы

"Егемендi Қазақстан" 2000 жылғы 22 желтоқсан N 322-323

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      ЕСКЕРТУ. Мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 Заңымен.

1-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы

заңдар

1. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар

Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан

Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Осы Заңмен тiкелей реттелген қатынастарды қоспағанда,

сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актiлерiнiң қолданылатын

аясына жататын қатынастар осы актiлермен реттеледi.

3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық

шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық

шарттың ережелерi қолданылады.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және

сақтандыру брокерiн лицензиялау

3. Сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспарда мынадай ақпарат:

1) мыналардың:

сақтандыру сыныбы бойынша жабылатын тәуекелдердiң

сақтандыру портфелiнiң құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесiнiң

сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментiнiң

(нарық көлемiнiң, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерiнiң);

сақтандыру өнiмдерiн сақтандыру сыныбы шеңберiнде сату тәсiлдерiнiң негiзгi сипаттамалары;

2) сақтандыру тарифтерiн есептеу тәртiбiне және олардың экономикалық негiздемесiне қойылатын талаптар;

3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екi жылға арналған,

кiрiстер, шығыстар, сақтандыру резервтерiнiң есептерi туралы болжам,

шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдердi

бағалау, пруденциялық нормативтердiң сақталу болжамы;

4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдiстерi, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдерi);

5) инвестициялық саясат қамтылуға тиiс.

6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен

лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен

түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi

сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге

асырылады.

2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) өмiрдi сақтандыру;

2) аннуитеттiк сақтандыру;

3) өмiрде белгiлi бiр оқиғаның басталуынан сақтандыру;

4) сақтандырушының инвестициялық кiрiсiне сақтанушының қатысуымен өмiрдi сақтандыру.

3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

2) ауырған жағдайдан сақтандыру;

3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;

4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;

5) әуе көлiгiн сақтандыру;

6) су көлiгiн сақтандыру;

7) жүктердi сақтандыру;

8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;

9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;

12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды

қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру; V074783

13) заемдарды сақтандыру;

14) ипотеканы сақтандыру;

15) кепiлдiктер мен кепiлгерлiктердi сақтандыру;

16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

17) сот шығыстарынан сақтандыру.