Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
туризмді мемлекеттік реттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.48 Кб
Скачать

1.Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары.

Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеу қағидалары

 Тарихи практикада кез-келген елде қызметтің дамуы мемлекеттік-құқықтық институттармен ретеліп отыратынын көрсетеді. Бұл жағдайда мемлекет заңның механизміне және қыспаққа алатын органдарға сүйене отырып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы қызметті реттейтін, сервистік активті субъектілер арасындағы бәсекелестік ережелерін тапсыратын, ана немесе өзге қызмет түрлерін монополизация жасайтын кәсіпкерлердің мүмкіндігін шектейтін ерекше аппарат болып саналады. Осының арқасында мемлекеттік-құқықтық жүйе қоғамдағы тұрақтылықты, экономика процесіндегі дағдарысты және қоғамдық практиканы реттеуде, оларды бір ағынға ауыстырып отыруға мүмкін болды Соңғы жылдары туристік бизнес сферасы жаңа сапалы кезеңге аяқ басуда. Қазақстан Республикасында туризмнің даму концепциясында (2001 жылы 6 наурызда № 333 Қазақстан Республикасы Басшылығымен бекітілген) айтылған: «Бұл Концепцияқазіргі бәсекелестікке қабілетті туризм индустриясының Қазақстандағы құқықтық, ұйымдастырылған және экономикалық негіздерінің құрылуына, туризм сферасындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай құрылуына мүмкіндік береді».

Негізінен қаралып жатқан тақырып қазіргі әдебиеттерде, нормативті көздерінде мемлекеттің рөлі әрқалай анықталатынын мойындау керек. Мысалы, бір жағдайда мәселе «мемлекеттік қолдау» жайлы болса, онда екіншісінде мемлекеттік басқару жайлы. Басқару жайлы айтатын болсақ, жалпы бағытталған негіз ретінде ортақ түсініктерді алу керек. Басқару- бұл табиғаты әртүрлі ұйымдастырылған системалардың белгілі құрылымының сақталуын, шаруашылық режимін қолдауды, бағдарламалардың жүзеге асырылуын, шаруашылық бағыттарын қамтамасыз ететін функциясы.

Туризмнің дамуын мемлекеттік реттеу- бұл нарық механизмінің жұмыс жасау шарттарымен, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық басымдылықты жүзеге асыруды және туристік сфераның дамуының бірыңғай концепциясын жасап шығару үшін мемлекеттің иелікетуші субъектілер мен нарықтың конъюктурасын қамтамасыз ету. Бұл құрамында туризмнің дамуын реттеудегі мемлекеттік саясатын жасап шығару процесін, оның мақсатын негіздеу, тапсырмалар, негізделген бағыттар, оны өткізудің құралдары мен жолдарын қамтитын ауқымды процесс.

Реттеудің функцияларын жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі туризм сферасының түрлі субьектілері мен сервисінің шаруашылықы ынталандыратын немесе шектейтін мемлекет тарапынан керекті нормативті құқықты актілерді жасап шығару. 2001 жылы 13 маусымда №211-11 қабылданған "Қазақстан Республикасындағы туристік шаруашылық" туралы Қазақстан Республикасы Заңының күшке енуі маңызды тоғыс болды. Берілген нормативті акт Қазақстан Республикасындағы туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеудің қағидасы мен мәнін ашады.

Туристік шаруашылықты мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаларын сипаттамас бұрын, «қағида» түсінігіне анықтама берейік. .

С.И. Ожеговтың сөздігіне сәйкес «ПРИНЦИП, -а, м. 1. Белгілі бір теорияның, оқудың, әлемтанудың, теориялық программаның негізгі, бастапқы орны. 2. Затқа деген көзқарас