Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Emtikhan_s_1201_ra_1179_tary.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

3.Құрылымына байланысты қатты денелерінің топтастыру.

Кристалдык тордың түйінінде орналасқан бөлшектердің шығу табиғатына,олардың бір-бірімен әсерлесуіне қарай және құрылымына қарай қатты заттарды 4 топқа бөледі:

1.Иондық кристаллдар.Кристалдық тордың түйіндерінде таңбалары қарама-қарсы иондар орналасады.Олардың арасындағы өзара әрекеттесуші күштер көбінесе электростатикалық болып келеді. Осы айтылған күшпен әрекеттескен болса ол иондық байланыс болып табылады.Қарапайым мысал ретінде ас тұзын алсақ болады NaCl . Иондық кристал молекуладан емес иондардан тұрады. Және осы кристалды толығымен бір үлкен молекула ретінде қарастырса болады.

2. Атомды кристалдар. Кристалдық торлардың түйіндеріне бейтарап атомдар орналасады.Оларды біріктіретін байланыс ковалентті деп аталады.Ковалентті байланыс тек электрон жұптарымен жүзеге асады.Демек,бұл байланыс әр атомнан бір бір электроннан алынған кезде пайда болады, бірақ электрон тек қана валенттік электрон болуы тиіс.Атомды кристалдардың ең қарапайым мысалы ретінде алмас пен графитті алуға болады.

3.Металдық крмсталдар. Кристалдық тордың әр түйінінде оң зарядталған металдық ион орналасады. Олардың арасында электрондар газдың молекуласындағыдай хаосты түрде қозғалады,ионның пайда болу әсерінен атомнан бөлініп кеткендіктен.Оң зарядталған иондарды ұстап тұрғандықтан осы электрондер цементтің рөлін ойнайды,әйтпегенде кристалдық торымыз иондардың тебілуі нәтижесінде қирап қалар еді. Оған қоса иондарда электрондарды кристалдық тордан шығармай ұстап тұрады. 4. Молекулалық кристаллдар.Кристалдық тордың түйінінде белгілі бір тағайындалып қойған молекулалар орналасады.Кристалдағы молекулалардың байланысу күші Вандер-Ваальстік деп аталады. Бұған қарапайым мысал ретінде ұарапайым мұзды немесе сухой ледты алуга болады.

34.Шектік симметрия топтары.

Кристалдың морфологиялық симметриясы мен олардың физикалық қасиеттерінің байланысын зерттеген кезде шекті топтардың маңызы зор. Француз физигі П.Кюри физикалық қасиеттерді зерттеген кезде симметрия заңдылықтарын қолдануға мүмкіндігін талдай отырып шекті топ ұғымын енгізді.

Шексіз ( ) симметрия осьтері бар нүктелік симметрия топтары шекті симметрия топтары немесе Кюри топтары д.а.

Шекті топтарды нүктелік топтар сияқты стереографиялық проекция түрінде бейнелеуге болмайды, өйткені симметрия элементтері проекциясының шексіз санын бейнелеу анық емес. бірақ олардың ерекшеліктерін айқындау материалдық кеңістік фигураларда оңай іске асыруға болады.

Шекті симметрия топтарының саны 7-ге тең: ∞, ∞/2, ∞/m, ∞m, ∞/mm, ∞/∞, ∞/∞m. Симметрия осінің реті жоғарылаған сайын кеңістік фигуралардың барлық нүктелік симметрия топтары шексіздікте осы топтардың біреуіне ұмтылады.

Шекті симметрия топтарын зерттеген кезде нүктелік симметрия топтарының шағын топшалары деп аталатын жаңа ұғым енгізіледі.

Нүктелік топтың барлық симметрия элементтері бастапқы симметрия тобында табылатын болса, онда оны нүктелік топтың шағын топшасы д.а.

Осы анықтама бойынша жоғарыда қарастырылған кеңістік фигуралардың барлық нүктелік топтары симметрия осьтерінің реті жоғарылағанда ұмтылатын өз шекті топтарының топшалары болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]