- •1.Техногенді ластану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін көрсетіңіз.
- •2.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының популяциярға және жеке ағзаларға әсерін көрсетіңіз.
- •3.Ауыр металдардың өсімдіктерге әсерін көрсетіп мысал келтіріңіз.
- •4.Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортада қолданылатын физико-химиялық әдістерді келтіріңіз.
- •5.Ортаны ауыр металдармен ластайтың негізгі көздеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Ортада ауыр металдардың көп мөлшерде жиналуына өсімдіктер түрақтылығының механизмдерін түсіндіріңіз.
- •7. Ауыр металдардың улылық қасиетіне өсімдікті ағзалардың реакциясын көрсетіңіз.
- •8.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының биоалуантүрлілігіне, популяциярдың жағдайына және жеке ағзаларға әсерін келтіріңіз.
- •9.Микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамның жасуша цитогенетикалық құрылымдарына техногенді ластанудардың кері әсерлерін бағалаңыз.
- •10.Индикаторлық организмдер туралы түсінік беріңіз, организмдерді индикатор ретінде қолдану үшін қажетті шарттарды келтіріңіз.
- •11. Атмосфераның ластануын бағалауға пайдалынатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •12.Атмосфераның ластану индексін (али) түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.
- •13. Судың сапасын бағалауға арналған әдістерді келтіріңіз.
- •14. Судын ластану индексін пайдаланып (сли), ауыз су сапасын бағалауды түсіндіріңіз.
- •15. Ауыр металдармен ластанған топырақтың суммарлық ластану индексін (Zc) есептеп бағалауды көрсетіңіз.
- •16. Экологиялык зиянды факторлардың жіктеуін көрсетіп, олардың көрсеткіштерін анықтауға пайдаланылатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •17. Атмосфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •18. Гидросфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •19.Техногенді ластануларға өсімдіктердің тұрақтылығын анықтаудың тест-жүйесін келтіріңіз.
- •20.Индикатор-өсімдіктердің өсу параметрлері бойынша токсинді қосылыстарды анықтау тест-жүйелеріне сипаттама беріңіз.
- •21.Астық дақылды өсімдіктерді тест-жүйе ретінде пайдалану әдістерін көрсітіңіз.
- •22.Ағаштар жапырақтарын тест-жүйе ретінде пайдалану арқылы қоршаған ортаның сапасын бағалауды көрсетіңіз.
- •23. Қалалақ экожүйе жағыдайын өсімдіктердің индикациялық белгілері бойынша анықтауды көрсетіңіз.
- •24.Биомонитор–ағзаларды қолдану үш әдісі бойынша қоршаған ортаның сапасын салыстырмалы түрде бағалаңыз.
- •25. Ең ақпараттық және арзаң биоиндикацияның әдісін келтіріңіз.
- •26.Биоиндикацияның морфологиялық денгейі мен оның көрсеткіштеріне сараптама беріңіз.
- •27.Биологиялық жүйенің көмегімен мекен ететің ортадағы абиотикалық және биотикалық факторларға баға беру әдісі – биоиндикацияға анықтама беріңіз.
- •28.Биотестілеу тест-нысаны болып табылатын ағзалардың жауап қайтару реакциясы арқылы орта сапасын бағалау ретінде көрсетіңдер.
- •29. Өсімдіктердің жапырақ тақшаларында жиналған шаң тозаңдар арқылы қоршаған ортаның ластануын анықтау әдісін түсіндіріңіз.
- •31. Синтетикалық пестицидтердің қолданылу объектілері бойынша жіктелуін (классификациясы) көрсетіңіз. Синтетикалық пестицидтердің негізгі топтарын сипаттаңыз.
- •32. Пестицидтердің токсикалық әсерін бағалау, дозасын тағайындау, ld-50 және ld-100 туралы түсінік беріңдер.
- •33.Пестицидтердің жаңа, жетілдірілген түрлерін синтездеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •34. Синтетикалық пестицидтердің табиғатта жинақталу және ыдырау ерекшеліктері, ыдырау мерзімін бағалауды көрсетіңіз.
- •35.Су көздерінің ауыр металдармен және пестицидтермен ластануының жағымсыз экологиялық зардаптарын сипаттаңыз.
- •36. Табиғи объектілердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •37. Су көздерін ауыр металдармен және пестицидтермен ластанудан қорғау шараларын көрсетіңіз.
- •38. Өсімдіктердің (көкөністердің) нитраттармен ластануын анықтау әдістеріне сараптама жасаңыз.
- •39.Қоршағаң ортаның кешенді белгілерін қылқан жапырақты (қарағай, шырша) өсімдіктер арқылы анықтау әдістерін көрсетіңіз.
- •40.Шаңмен ластанған аймақтың ластану картасын құрастыруды көрсетіңдер.
- •41. Радиациялық, химиялық және биологиялық ластану факторларын көрсетіңіз.
- •42. Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануына сипаттама беріңіз, өткен жылдармен салыстырып болжам жасаңыз.
- •43. Тест-жуйелер арқылы ортаны ластаушы мутагендерді анықтау және бағалау жасаңыз.
- •44. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін өндіріс пен автокөліктердің ластау деңгейін анықтауға тест-жүйелерді пайдалануды көрсетіңдер.
- •45.Биологиялық тәжиребеге дайындалуды келтіріңдер (объектлерді, ертіндлерді, материалдарды дайындау).
- •46.Ортаның модельдық ластану жағдайында өсімдіктердің дәндерін өсіру арқылы анықтады көрсетіңдер
- •47. Қазіргі ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жаңа инструментальді әдістерді келтіріңіз.
- •48.Қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын анықтау әдістерін талдаңыз.
- •50. Суды органолептикалық қасиеттері бойынша бағалаңыз: құдықтан алған судың иісі 3 балл, дәмі 3 балл, түсі 350, лайлануы 2,5 мг/л.
- •51.Өзеннен алған судың микробиологиялық көрсеткіштері: омч – 1100, коли индексі - 5. Судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздігін бағалаңыз.
- •57. Ауылды жерде ауыз су құрамындағы нитраттар мөлшері 90 мг/л (2 пдк). Ауыл тұрғындары қандай ауруларға шалдығуы мүмкін екенін болжаңыз.
- •58.Газды хроматаграфиялық əдіспен жануарлар ұлппалардан фенилпиразолын анықтауды көрсетіңіз
- •59.Газды хроматаграфиялық əдіспен өсімдіктерден фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
- •60. Газды хроматаграфиялық əдіспен топырақтан фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
6. Ортада ауыр металдардың көп мөлшерде жиналуына өсімдіктер түрақтылығының механизмдерін түсіндіріңіз.
Ауыр металдардың өсімдіктерге әсерінің алғашқы және жалпы белгілері-өсімдіктің өсуі және биомасса жинақтауының төмендеуі, хлороз, некроз пайда болуы және осының салдарынан өсімдіктің өнімі мен сапасы төмендейді. Ауыр металдар өсімдіктердің тамыры мен жер үсті мүшелерінің өсуін тежейді. Көптеген зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда тамырдың өсуі көбірек тежеледі, тамыр түктерінің саны және биомассасы азаяды.
Ауыр металл әсерінен алдымен тамырдың меристема аймағы, содан кейін созылу және тамыр түктерінің түзілуі жүретін аймағының клеткалары бұзылады. Ауыр металдар әсері күшті және ұзақ болса өсімдіктің тіршілік қабілеті жойылады. Тамырдың қоректік заттарды сіңіру қабілетінің төмендеуі бара-бара өсімдіктің өсуін, дамуын тежеп тіршілігін тоқтатуға дейін әкеледі. Ауыр металдар өсімдіктердің жер үсті мүшелерінің де өсуін тежейді, мұның салдарынан ассимиляциялаушы мүшелердің дамуы бұзылып, өсімдіктің құрғақ биомассасы төмендейді. Атмосфераның металдармен ластануында және металға бай биогеохимиялық аймақтарда өскен өсімдіктерде жапырақ тақтасының ұсақтығы, қыртыстануы және деформациялануы сияқты морфологиялық өзгерістер байқалады.
Қоршаған ортадағы ауыр металдардың жоғары концентрациясы өсімдік тамырының клетка қабығына сіңіріліп қана қоймай әртүрлі қосылыстар түрінде оның бетіне шөгіп қалады. Мысалы, клетка қабығында қорғасын мен мырыш фосфатты комплекс түрінде байқалған , ал алюминий гидроксид түрінде кездескен.
Ауыр металдардың клетка қабығымен байланысы біртекті емес. Бұршақ, асбұршақ, жүгері және т. б. өсімдіктерде клетка қабығымен мырыш, темір, молибденнің жинақталған байланысы жоғары болса, бұл кезде марганецтің мөлшері төмен кездескен. Әртүрлі өсімдіктердің тамыр клетка қабығымен жоғары байланыста болатын кадмий, қорғасын, мырыш, сынап, алюминий болса, бұл кезде литий элементінің өте төмен.
Ауыр металдар өсімдіктер дәнінің өнуіне, өскіндерінің қалыптасуына, мүшелерінің биомасса жинақтауына кері әсеретеді. Әсерлену деңгейі ауыр металдардың концентрациясына тәуелді болады.. Астық тұқымдас өсімдіктердің әралуан түрлері ауыр металдар табиғатына байланысты ерекше әсерленіп, әрқилы төзімділік пен сезімталдылық танытатынды.
Көбінесе астық тұқымдас өсімдіктер түрлерінің төзімділігі, немесе сезімталдылығы олардың металаккумуляциялау қабілетіне тәуелді болып келеді. Сондай-ақ, металл табиғатына байланысты және өсімдіктер түріне де байланысты, ауыр металдардың өсімдіктердің жер үсті мүшелерінде немесе тамырында жинақталу ерекшеліктері болатындығы дәлелденген.
7. Ауыр металдардың улылық қасиетіне өсімдікті ағзалардың реакциясын көрсетіңіз.
Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек
Улылық – бұл ағзаның уландыруын туғызатын заттың қасиеті. Ол белгілі бір дәрежеде уландыру туғызатын мөлшермен сиппаталады.
Ингаляциялық улану кезінде доза аэрозоль буларының концентрациясына (мг/м3) және онымен дем алу уақытына байланысты.
Басқа улану түрлерінде доза 1 мг заттың мөлшерінің тірі массаға қатынасымен анықталады.
Адамның қалыпты өмірі үшін қошаған ортаның сапасы экологиялық стандарттарға сәйкес анықталады. Олар экологиялық және өндірістік-шаруашылыққа бөлінеді: ШРК, ШРК бір реттік, ШРК максималды бір реттік, ШРК орташа тәуліктік, ШРШ.
1. техногендік ластану.
Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. 1 тонна шойынды балқыту кезінде 4,5 кг шаң, 2,7 кг күкіртті газ, 0,5-0,1 кг марганец бөлінеді. Онымен қоса қоршаған ортаға біраз мөлшерде мышьяк, фосфор, сурьма, қорғасын қосылыстары, сынап парлары, шайырлы заттар бөлінеді. Түсті металлургияда атмосфераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Түсті металлургиядан атмосфералық ауаға шаңды заттар, мышьяк, қорғасын және т.б. заттар бөлінеді. Электролиз арқылы алюминий алу кезінде де электролиздік ванналардан көптеген шаңды және газды фтор қосындылары бөлінеді. 1 тонна алюминий алу үшін электролиздердің түрі мен қуатына байланысты 33-47 кг фтор жұмсалып, оның 65% қоршаған ортаға тарайды. Қазақстан территориясында түсті металлургия үш аймақта - Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда кен орындары Жоңғар Алатауы мен Қаратауда кездеседі. Түсті металлургияның өнеркәсіп орындарында Менделеев таблицасындағы элементтерінің 74 түрі өндіріледі. Түсті металдарды өндіру үлкен мөлшердегі энергияны қажет етеді. Сондықтан Мұндай өндіріс орындары электр энергиясының көзіне жақын салынады. Көмір өнеркәсібінде ластаушы көзі болып терриконниктер - жыныстарда өздігінен жануынан ұзақ уақыт бойы көмір мен пириттің жануы жүреді. Нәтижесінде күкіртті газ, көміртегі оксиді, шайырлы заттардың қосылыстары бөлінеді. Мұнай өндіру, өңдеу, Мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға - стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т.б. бөлінеді. 90-шы жылдардың соңында жасаған зерттеулер бойынша Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек Мұнай өндіретін орындарынан жылыша атмосфераға 184 ООО тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде Мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін Мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айып пұл мөлшері одан жүздеген есе аз. Сондықтан-да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстуру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айып пұл төлеуді жөн санайды. Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өндеу кезінде бөлінеді. Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т.б.). Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т.б. бөлінеді.
