Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikum_shpor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
695.81 Кб
Скачать

47. Қазіргі ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жаңа инструментальді әдістерді келтіріңіз.

Потенциометрия - теңгерілген электродты потенциал мен электрохимиялық реакцияға қатысушы қоспалардың термодинамикалық активтілігі арасындағы тәуелділікті анықтауға негізделген электрохимиялық зерттеудің тәсілі.

Потенциометрлік әдіс қайтымды немесе қайтымсыз гальваникалық элеменггердегі электродта пайда болатын электр потенциалдарының айырымын өлшеуге негізделген. Мұны ерітіндідегі заттың мөлшері мен физикалық-химиялық сипаттамасын анықтау үшін қолданады.

Хроматография — газ, бу, сұйық немесе еріген заттар қоспасын сорбциялық әдістермен бөлу. Хроматография сорбциум процестерге негізделген, ол газдардың немесе сұйықтардың, кеуекті сорбциум орта (сорбенттер) арқылы өтетін сұйықтардың салыстырмалы қозғалысына бағытталған жағдайда жүзеге асады. Қоспа құраушыларының сорбиялануы неғұрлым кем болса, ол қозғалмалы фазаның (газ немесе сұйық) толқын бағытына қарай соғұрлым (сорбент колонкасының бойына) үлкен жылдамдықпен орын ауыстырады. Осының нәтижесінде қираушылар бөлінеді, ол заттарды жекелеп бөлуге және оларды анализдеуге мүмкіндік туғызады. Хроматография аналитикалық химияда, органикалық және бейорганикалық қосылыстарды талдауда, заттарды бөлу және тазарту үшін химиялық технологияда кеңінен қолданылады. Хроматографиялық қондырғылар — физикалық-химиялық әмбебап аспап, оны шамалы өзгертіп адсорбцияны, қайнау температурасын өлшеуде, фазалық өзгерістер мен беттік құбылыстарды зерттеуде, т.б. пайдаланылады. Хроматографияның молекулалық және хемосорбциум түрлері бар. Хроматографияда қоспаларды тиімдірек бөлу үшін электр өрісін (электр-хроматография) немесе температура өрісін (термо-хроматография) пайдалану әдістері қолданылады. Хроматография процесін жүргізудің бірнеше жолы бар. Мысалы, сорбент колонкасын, сүзгіш қағаз қолдану, газ қоспаларын жіңішке капилляр арқылы өткізу, т.б. Газдар мен сұйықтардың агрегаттық күйіне қарай газдар және сұйықтар хроматографиясы деп ажыратылады. Хроматографияның негізгі міндеті заттардың қоспасын бөлу болғандықтан, хроматография анализі әр түрлі химиялық және физикалық әдістердің сапа мен сан анализдеріне сай келеді. Осының нәтижесінде хроматографияның кешенді әдістері пайда болды. Мысалы, радио-хроматографиялық, масса-спектро-хроматография әдістер, т.б.

48.Қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын анықтау әдістерін талдаңыз.

Мұнай және мұнай өнімдерімен қоршаған ортаның кең көлемде ластануы табиғи

экожүйенің, биологиялық тепе-теңдіктің және биотүрліліктің бұзылуына әкеліп соғады. Соған

байланысты ластану процесі бірден тежеле бастайды, тек микроорганизмдердің жеке топтарының

ара-қатынасы ғана бұзылмайды. Мұнай және мұнай өнімдері биологиялық тізбектің барлық

бөліктеріне әсерін тигізе отырып, фауна және флораның функционалды активтілігінің толықтай

депрессиясын тудырады.

Аумақтың мұнаймен ластануының алғашқы сағатында оның ыдырауына физикалық-

химиялық процестер басымдылық көрсетеді. Ыдырау қарқындылығы мұнай түріне, оның

тығыздығына, тұтқырлығына, жылулық коэффициентіне, судағы коллоидтардың болуына, ауа

температурасына және күн сәулесінің түсуіне байланысты.

Топырақтағы органикалық заттардың сандық және сапалық құрамының өзгеруі, қоршаған

ортаға мұнай мен мұнай өнімдерінің түсуі, сыртқы факторлар мен пайда болған табиғи жағдай,

жүйедегі, жануарлар, өсімдіктер, микроағзалар дамуының бұзылуына немесе өзгеруіне әкеледі.

Мұндай жағдай топырақтағы табиғи биоценоздағы жеке бір бөлігінің түбегейлі өзгеріске

ұшырауына, жаңа биологиялық жағдай түзілуіне тиісті сапалық құрамы бар және топырақтағы тірі

ағзалардың жалпы саны, ерекшеліктері, түрлер мен түрлердің шектелуіне әкеліп соғады [1, с. 832].

Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы қазіргі кезде Қазақстан үшін ең өзекті

мәселе болып отыр. Мұнай шикізаттарын барлауда, өндіруде, дайындауда, өңдеуде және

тасымалдауда қоршаған ортаның мұнаймен ластануын экономикалық және экологиялық

шығындарға алып келеді. Сондай-ақ, ең бастысы табиғат пен адамзаттың денсаулығына қауіп

туғызып отыр. Мұнай басқа ластағыштар сияқты емес, және оның таралу кеңдігі (ендігі) бойынша,

ластаушылардың саны жағынан және бір мезгілде түскен ластаушы шамасы қоршаған ортаның

барлық компоненттерінің салмағымен салыстыруға болмайды.

Қоршаған ортаны мұнай мен мұнай өнімдерімен ластануының қарқынды өсуі, табиғи

экожүйелердің, биологиялық тепе-теңдігі мен биологиялық түрлілігінің бұзылуына қауіп

төндіреді. Осыған орай өздігімен тазаланудың үрдістері күрт баяулайды, жеке топтағы

микроорганизмдердің қатынасы бұзыла қоймай, сондай-ақ, метаболизмнің бағыты: тыныс алу

процестері, азотфиксация, нитрификация тотығуы, целлюлозаның бұзылуы, қиын өнімдер,

тамырдан бөлінетін заттардың саны және өсімдіктердің органикалық қалдықтары азаяды. Бұл

заттар микроағзаларға маңызды қоректік факторлары болып табылатындығы мәлім .

Мұнай өндіруді жеделдетудің тағы бір кері әсері – қоршаған ортаны мұнай және мұнайдың

өнімдерінің ластауы. Ауыл шаруашылықтағы мұнаймен едәуір дәрежеде ластанған егіншілік

алқаптары жарамсыз болып қалуда. Сонымен қатар табиғи ландшафтардың, агрожүйелердің

компоненттері, экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Өңделмеген мұнаймен ластанғаннан кейін

экожүйелердің қайта қалпына келуі және табиғи тазалану үрдісінің мерзімі өте баяу жүреді және

бірнеше жылдарға созылуы мүмкін [2, с. 55].

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының

құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Топырақтың

антропогендік деградациялануы негізінен мұнай өндіретін, тасымалдайтын және өңдейтін

аймақтардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануымен байланысты. Мұнай және мұнай

өнімдері биосфераны ластайтын заттар ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Мұнай және

мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең

өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақтың жалпы ерекшелігі:

топырақ мезо- және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі. Топырақтық мезофаунаның

жаппай жойылуы: апаттан соң үш күн аралығында топырақ жануарларының көп түрлері өліп

немесе ластанбаған топырақпен салыстырғанда 1% ғана құрайды. Оларға ең улы әсерлі мұнайдың

жеңіл фракциясы тигізеді.

49. Ауданы 50 км2 су қоймасына 3,5 тонна мұнай төгілді. 1 тонна мұнай су бетінің 12 км 2 ауданын жабады. Мұнаймен жамылған су ауданын және оныңтотығу уақытын табыңыз, егер де жылы кезең (температурасы +50С жоғары) ұзақтығы 150 күнболса, 1 күнде 1 м2 су бетінен 0,25 мг мұнайтотықса.

S=50 км2

12км 2*3,5=42км2

X=42км2 су бетін жабады.

2 – 0.25мг

42000000 - Х

Х=420000*25/1=10500000

1күнде -10,5кг мұнай тотығады.

Х – 3500кг

Ұзақтық - 150күн

Х=333.3 күн

Жауабы: мұнай 2 кезеңге жуық уақытта тотығады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]