- •1.Техногенді ластану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін көрсетіңіз.
- •2.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының популяциярға және жеке ағзаларға әсерін көрсетіңіз.
- •3.Ауыр металдардың өсімдіктерге әсерін көрсетіп мысал келтіріңіз.
- •4.Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортада қолданылатын физико-химиялық әдістерді келтіріңіз.
- •5.Ортаны ауыр металдармен ластайтың негізгі көздеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Ортада ауыр металдардың көп мөлшерде жиналуына өсімдіктер түрақтылығының механизмдерін түсіндіріңіз.
- •7. Ауыр металдардың улылық қасиетіне өсімдікті ағзалардың реакциясын көрсетіңіз.
- •8.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының биоалуантүрлілігіне, популяциярдың жағдайына және жеке ағзаларға әсерін келтіріңіз.
- •9.Микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамның жасуша цитогенетикалық құрылымдарына техногенді ластанудардың кері әсерлерін бағалаңыз.
- •10.Индикаторлық организмдер туралы түсінік беріңіз, организмдерді индикатор ретінде қолдану үшін қажетті шарттарды келтіріңіз.
- •11. Атмосфераның ластануын бағалауға пайдалынатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •12.Атмосфераның ластану индексін (али) түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.
- •13. Судың сапасын бағалауға арналған әдістерді келтіріңіз.
- •14. Судын ластану индексін пайдаланып (сли), ауыз су сапасын бағалауды түсіндіріңіз.
- •15. Ауыр металдармен ластанған топырақтың суммарлық ластану индексін (Zc) есептеп бағалауды көрсетіңіз.
- •16. Экологиялык зиянды факторлардың жіктеуін көрсетіп, олардың көрсеткіштерін анықтауға пайдаланылатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •17. Атмосфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •18. Гидросфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •19.Техногенді ластануларға өсімдіктердің тұрақтылығын анықтаудың тест-жүйесін келтіріңіз.
- •20.Индикатор-өсімдіктердің өсу параметрлері бойынша токсинді қосылыстарды анықтау тест-жүйелеріне сипаттама беріңіз.
- •21.Астық дақылды өсімдіктерді тест-жүйе ретінде пайдалану әдістерін көрсітіңіз.
- •22.Ағаштар жапырақтарын тест-жүйе ретінде пайдалану арқылы қоршаған ортаның сапасын бағалауды көрсетіңіз.
- •23. Қалалақ экожүйе жағыдайын өсімдіктердің индикациялық белгілері бойынша анықтауды көрсетіңіз.
- •24.Биомонитор–ағзаларды қолдану үш әдісі бойынша қоршаған ортаның сапасын салыстырмалы түрде бағалаңыз.
- •25. Ең ақпараттық және арзаң биоиндикацияның әдісін келтіріңіз.
- •26.Биоиндикацияның морфологиялық денгейі мен оның көрсеткіштеріне сараптама беріңіз.
- •27.Биологиялық жүйенің көмегімен мекен ететің ортадағы абиотикалық және биотикалық факторларға баға беру әдісі – биоиндикацияға анықтама беріңіз.
- •28.Биотестілеу тест-нысаны болып табылатын ағзалардың жауап қайтару реакциясы арқылы орта сапасын бағалау ретінде көрсетіңдер.
- •29. Өсімдіктердің жапырақ тақшаларында жиналған шаң тозаңдар арқылы қоршаған ортаның ластануын анықтау әдісін түсіндіріңіз.
- •31. Синтетикалық пестицидтердің қолданылу объектілері бойынша жіктелуін (классификациясы) көрсетіңіз. Синтетикалық пестицидтердің негізгі топтарын сипаттаңыз.
- •32. Пестицидтердің токсикалық әсерін бағалау, дозасын тағайындау, ld-50 және ld-100 туралы түсінік беріңдер.
- •33.Пестицидтердің жаңа, жетілдірілген түрлерін синтездеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •34. Синтетикалық пестицидтердің табиғатта жинақталу және ыдырау ерекшеліктері, ыдырау мерзімін бағалауды көрсетіңіз.
- •35.Су көздерінің ауыр металдармен және пестицидтермен ластануының жағымсыз экологиялық зардаптарын сипаттаңыз.
- •36. Табиғи объектілердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •37. Су көздерін ауыр металдармен және пестицидтермен ластанудан қорғау шараларын көрсетіңіз.
- •38. Өсімдіктердің (көкөністердің) нитраттармен ластануын анықтау әдістеріне сараптама жасаңыз.
- •39.Қоршағаң ортаның кешенді белгілерін қылқан жапырақты (қарағай, шырша) өсімдіктер арқылы анықтау әдістерін көрсетіңіз.
- •40.Шаңмен ластанған аймақтың ластану картасын құрастыруды көрсетіңдер.
- •41. Радиациялық, химиялық және биологиялық ластану факторларын көрсетіңіз.
- •42. Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануына сипаттама беріңіз, өткен жылдармен салыстырып болжам жасаңыз.
- •43. Тест-жуйелер арқылы ортаны ластаушы мутагендерді анықтау және бағалау жасаңыз.
- •44. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін өндіріс пен автокөліктердің ластау деңгейін анықтауға тест-жүйелерді пайдалануды көрсетіңдер.
- •45.Биологиялық тәжиребеге дайындалуды келтіріңдер (объектлерді, ертіндлерді, материалдарды дайындау).
- •46.Ортаның модельдық ластану жағдайында өсімдіктердің дәндерін өсіру арқылы анықтады көрсетіңдер
- •47. Қазіргі ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жаңа инструментальді әдістерді келтіріңіз.
- •48.Қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын анықтау әдістерін талдаңыз.
- •50. Суды органолептикалық қасиеттері бойынша бағалаңыз: құдықтан алған судың иісі 3 балл, дәмі 3 балл, түсі 350, лайлануы 2,5 мг/л.
- •51.Өзеннен алған судың микробиологиялық көрсеткіштері: омч – 1100, коли индексі - 5. Судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздігін бағалаңыз.
- •57. Ауылды жерде ауыз су құрамындағы нитраттар мөлшері 90 мг/л (2 пдк). Ауыл тұрғындары қандай ауруларға шалдығуы мүмкін екенін болжаңыз.
- •58.Газды хроматаграфиялық əдіспен жануарлар ұлппалардан фенилпиразолын анықтауды көрсетіңіз
- •59.Газды хроматаграфиялық əдіспен өсімдіктерден фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
- •60. Газды хроматаграфиялық əдіспен топырақтан фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
40.Шаңмен ластанған аймақтың ластану картасын құрастыруды көрсетіңдер.
Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы.Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Оның массасы 5.157х1015 тоннаға дейін. Қоршаған ортадағы ластанудың ең көп тараған түрі – шаң тозаңмен ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.
Шаңның үш түрi болады:
1)минералдық (органикалық емес);
2)органикалық;
3) космостық.
Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы, орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар — бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б. түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануарлардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.
Шаң – тозаң – механикалық ластаушылардың негізгі түрі. Олар органикалық отынды жаққанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады.
Шаңмен ластану кезіндегі ең қауіптісі диаметрі 0,005 мм-ге дейінгі бөлшектер.
Көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты: өкпе құрт ауруы (туберкулез), кеңірдектің аллергиялық аурулары және ауадағы шаңның жоғары конңентрациясы мұрынның шырышты қабығының жұмысын нашарлатады, мұрыннан қан кетуіне алып келеді. Жер — біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп.
41. Радиациялық, химиялық және биологиялық ластану факторларын көрсетіңіз.
Радиоактивті ластану – қоршаған ортаны өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп тудыруда. Ластанудың бұл түрі химиялық кейін екінші ортаға шықты. Радиациялық ластанудың мынадай топтарға бөледі:
1) Радиоактивті заттардың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа — (гелий ядросы), бетта –(жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулеленулердің әсерінен болатын радиациялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) Қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі).
Ортаның радиациялық ластануына атом қаруын сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклидті жауын-шашынның түсуіне әкелді. Радионуклидтер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, оларды басқа атомдарға оң және теріс йондар жұбын түзуімен қосаға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптары. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды. Кейбір заттарда барлық изотоптар радиобелсенді болып табылады. Атап айтқанда. Оларға технеций, прометий, сондай-ақ Д.И.Менделеев кестесінің полоний басталып трансурандылармен бітетін барлық элементтері жатады.
Химиялық ластану — қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі. Қоршаған ортаның компоненттері мен ластану орындары бойынша химилялық ластануды келесі түрлерге бөледі:
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс істейтін жерлер);
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің;
3) жербетілік және жерсты суларның;
4) топырақтың;
5) тамақтың және т.б.
Ортаның химилық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға бөлеміз:
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар;
2) ластанушы заттар шығаратын, немесе оларды жинақтап, сақтайтын шаруашылықтар;
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) аймақтар;
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты сулар.
Биологиялық ластану — ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, карапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндіктер. биологиялық ластану – экожүйеге оған жат организм түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай – ақ бактериологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
