Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikum_shpor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
695.81 Кб
Скачать

37. Су көздерін ауыр металдармен және пестицидтермен ластанудан қорғау шараларын көрсетіңіз.

Ауыр металдар – қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар. Ауыр металдардың топырақта таралуы көптеген факторға байланысты, негізінен, метеорологиялық жағдайға, ластаушы көздің табиғаты мен топырақтың геохимиялық қасиеттеріне әсер етеді.

.Мысалы, 1953 жылы Жапонияның Минамат деп аталатын шығанағының жағалауында тұратын балықшылардың және олардың отбасы мүшелерінің орталық жүйке жүйесі аурумен ауырғандар саны күрт өсе түскен: аурулардың көру қабілеті нашарлап, қол-аяқтары жиі-жиі ұйып, жүріс-тұрысы шатқаяқтап, сөздері түсініксіз болып қалған. Олардың ішінде қатты ауырғандарының тіпті көздері мүлде көрмей, өліп кеткендері де болған. Кейін дәрігерлер мен ғалымдар, Минамат шығанағына құйылған химия комбинатының ақаба суында сынаптың мөлшері өте жоғары болғанын дәлелдеген.

Жапонияда балықтардың сынаппен ластануы күрделі минамат

ауруын тудырды. Соның салдарынан шығанақтағы су өсімдіктері шіріп, улы метилсынапқа айналған. Метилсынап қоректік тізбекке түсіп, бактериялардан ұсақ организмдерге, атап айтқанда: шаяндарға, балық шабақтарына, одан ірі балықтарға өтіп, оларды азық еткен адам организміне түскен. Сөйтіп, метилсынап адамдардың миында бірте-бірте жинақталып, осы аурудың пайда болуына апарып соққан. Сол себептен бұл ауруды «минамата ауруы» деп атағаИракта фунгицидпен дəріленген бидайдан жасалған наннан

улану жағдайлары байқалған. Минералды тыңайтқыштардың жоғары

мөлшерін қолдану улануды жəне əртүрлі ауруларды тудырады.

Пестицидтер (латын сөздерінен пестіс – жұқпалы ауру, цаедо - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

Суға түсу жолдары топыраққа себілген пестицидтер жел арқылы су көздеріне тарайды.

Су ластануының алдын – алу: Шаруашылық және ауыз су ретіндн пайдаланатын су тоғандарына құятын ағындардағы суды былғаушы зиянды заттардың шектік мөлшері арнайы ережемен  белгіленген және онда зиянды заттар тізімінде 400- ден аса атау тіркелген.

    Ауыл шаруашылығы алқаптарын суғаруға жұмсалатын су өсімдікке зиянсыз және өнім,түсім мен топырақ сапасын нашарлатпайтын болуы тиіс.

Су қоймалары да әр түрлі мақсатта қолданылатындықтан, оларды былғанудан сақтау шараларын негіздеу үшін зияндылық дегеннің, өзі не екені, оның қандай дәрежелері, белгісі бар екенін анықтап алу керек болады. «Жерүсті суларын төгін сулармен былғанудан сақтау ережелері» бойынша судың былғну белгісіне оның дәм арқылы білінетін қасиеттерінің өзгеруі құрамында адамға, жан-жануарларға, құсқа, балыққа, жемдік және кәсіптік ағзалар зиянды  заттардың болуын жатқызады. Сондай-ақ су ағзаларының қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен, судың қызуыда қалыпты өмір сүру жағдайын күрт өзгертуі мүмкіндіктен судың қызуыда бақылауда болуы тиіс.

Су сапасына қатысты жасалған «Тазалық ережесі және жерүсті суларын былғанудан сақтау ережесінің  су бөгендерін, олардың тазалық дәрежесіне қарай екі топқа бөледі.

Төгінді су мөлшері, соның ішінде құрамында зиянды органикалық қосылыстар бар төгін су мөлшері жылдан-жылға артып келеді.

Сондықтан оларды тазартуға қоса басқа кешенді шаралар жүйесін қолдану қажеттігі туады. Мысалы: сұйық қалдықтарды сол өндірістің өзінде қандай да іске жарату, су пайдалануды азайту, өндіріс ішінде су айналымын қалыптастыру, яғни суды қата пайдалану, сусыз технологияларға көшу жолдарын ойластыру қажет. Тіршілік аясының су әлемін тастанудан сақтауды қамтамасыз етудің кешенді шараларына төмендегідей әрекеттер кіреді:

1)     Суы аз немесе қалдықсыз, оқшауланған суайналымдық және аралық тазалау немесе  суды салқындатып, қайтадан іске жарату жүйесі бар технологияларға көшу.

Бұрынғы кеңес одағындағы барлық өндірістік кәсіпорындарды  сумен қамтамасыз ету үшін табиғи су көздеріненжылына 100 млд. текше метрге жуық су алынатын және оның әртүрлі дәрежеде былғанған  90 %-ы айналып келіп су қоймаларына қайтарылатын.

2)     қалдық көлемін азайтып, сусызданған қалдықты немесе былғауыштардың қойырланған ерітіндісін жер қойнына көму технологиясын жетілдіру.

3)     Өндіріс және тұрмыс қалдықтармен былғанған суларды тазалау әдістерін жетілдіру.

4)     Өсімдіктерді аурудан және түрлі зиянкестерден, егістіктерді арам шөптерден қорғауды қамтамасыз етуші биологиялық және басқа да агротехникалық шаралардың  пәрменділігі мен қолданыс аясын кеңейте отырып, ауыл шаруашылығы өндірісі мен орман шаруашылығын шектен тыс химияландыруға тоқтау салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]