
- •1.Техногенді ластану және оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін көрсетіңіз.
- •2.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының популяциярға және жеке ағзаларға әсерін көрсетіңіз.
- •3.Ауыр металдардың өсімдіктерге әсерін көрсетіп мысал келтіріңіз.
- •4.Ауыр металдармен ластанған қоршаған ортада қолданылатын физико-химиялық әдістерді келтіріңіз.
- •5.Ортаны ауыр металдармен ластайтың негізгі көздеріне сипаттама беріңіз.
- •6. Ортада ауыр металдардың көп мөлшерде жиналуына өсімдіктер түрақтылығының механизмдерін түсіндіріңіз.
- •7. Ауыр металдардың улылық қасиетіне өсімдікті ағзалардың реакциясын көрсетіңіз.
- •8.Қоршаған орта ауыр металдармен ластануының биоалуантүрлілігіне, популяциярдың жағдайына және жеке ағзаларға әсерін келтіріңіз.
- •9.Микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың, адамның жасуша цитогенетикалық құрылымдарына техногенді ластанудардың кері әсерлерін бағалаңыз.
- •10.Индикаторлық организмдер туралы түсінік беріңіз, организмдерді индикатор ретінде қолдану үшін қажетті шарттарды келтіріңіз.
- •11. Атмосфераның ластануын бағалауға пайдалынатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •12.Атмосфераның ластану индексін (али) түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.
- •13. Судың сапасын бағалауға арналған әдістерді келтіріңіз.
- •14. Судын ластану индексін пайдаланып (сли), ауыз су сапасын бағалауды түсіндіріңіз.
- •15. Ауыр металдармен ластанған топырақтың суммарлық ластану индексін (Zc) есептеп бағалауды көрсетіңіз.
- •16. Экологиялык зиянды факторлардың жіктеуін көрсетіп, олардың көрсеткіштерін анықтауға пайдаланылатын тест-жүйелерді келтіріңіз.
- •17. Атмосфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •18. Гидросфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
- •19.Техногенді ластануларға өсімдіктердің тұрақтылығын анықтаудың тест-жүйесін келтіріңіз.
- •20.Индикатор-өсімдіктердің өсу параметрлері бойынша токсинді қосылыстарды анықтау тест-жүйелеріне сипаттама беріңіз.
- •21.Астық дақылды өсімдіктерді тест-жүйе ретінде пайдалану әдістерін көрсітіңіз.
- •22.Ағаштар жапырақтарын тест-жүйе ретінде пайдалану арқылы қоршаған ортаның сапасын бағалауды көрсетіңіз.
- •23. Қалалақ экожүйе жағыдайын өсімдіктердің индикациялық белгілері бойынша анықтауды көрсетіңіз.
- •24.Биомонитор–ағзаларды қолдану үш әдісі бойынша қоршаған ортаның сапасын салыстырмалы түрде бағалаңыз.
- •25. Ең ақпараттық және арзаң биоиндикацияның әдісін келтіріңіз.
- •26.Биоиндикацияның морфологиялық денгейі мен оның көрсеткіштеріне сараптама беріңіз.
- •27.Биологиялық жүйенің көмегімен мекен ететің ортадағы абиотикалық және биотикалық факторларға баға беру әдісі – биоиндикацияға анықтама беріңіз.
- •28.Биотестілеу тест-нысаны болып табылатын ағзалардың жауап қайтару реакциясы арқылы орта сапасын бағалау ретінде көрсетіңдер.
- •29. Өсімдіктердің жапырақ тақшаларында жиналған шаң тозаңдар арқылы қоршаған ортаның ластануын анықтау әдісін түсіндіріңіз.
- •31. Синтетикалық пестицидтердің қолданылу объектілері бойынша жіктелуін (классификациясы) көрсетіңіз. Синтетикалық пестицидтердің негізгі топтарын сипаттаңыз.
- •32. Пестицидтердің токсикалық әсерін бағалау, дозасын тағайындау, ld-50 және ld-100 туралы түсінік беріңдер.
- •33.Пестицидтердің жаңа, жетілдірілген түрлерін синтездеудің себептерін түсіндіріңіз.
- •34. Синтетикалық пестицидтердің табиғатта жинақталу және ыдырау ерекшеліктері, ыдырау мерзімін бағалауды көрсетіңіз.
- •35.Су көздерінің ауыр металдармен және пестицидтермен ластануының жағымсыз экологиялық зардаптарын сипаттаңыз.
- •36. Табиғи объектілердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •37. Су көздерін ауыр металдармен және пестицидтермен ластанудан қорғау шараларын көрсетіңіз.
- •38. Өсімдіктердің (көкөністердің) нитраттармен ластануын анықтау әдістеріне сараптама жасаңыз.
- •39.Қоршағаң ортаның кешенді белгілерін қылқан жапырақты (қарағай, шырша) өсімдіктер арқылы анықтау әдістерін көрсетіңіз.
- •40.Шаңмен ластанған аймақтың ластану картасын құрастыруды көрсетіңдер.
- •41. Радиациялық, химиялық және биологиялық ластану факторларын көрсетіңіз.
- •42. Алматы қаласының атмосфералық ауасының ластануына сипаттама беріңіз, өткен жылдармен салыстырып болжам жасаңыз.
- •43. Тест-жуйелер арқылы ортаны ластаушы мутагендерді анықтау және бағалау жасаңыз.
- •44. Қоршаған ортаның ластануына әсер ететін өндіріс пен автокөліктердің ластау деңгейін анықтауға тест-жүйелерді пайдалануды көрсетіңдер.
- •45.Биологиялық тәжиребеге дайындалуды келтіріңдер (объектлерді, ертіндлерді, материалдарды дайындау).
- •46.Ортаның модельдық ластану жағдайында өсімдіктердің дәндерін өсіру арқылы анықтады көрсетіңдер
- •47. Қазіргі ғылымның жаңа жетістіктеріне негізделген жаңа инструментальді әдістерді келтіріңіз.
- •48.Қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын анықтау әдістерін талдаңыз.
- •50. Суды органолептикалық қасиеттері бойынша бағалаңыз: құдықтан алған судың иісі 3 балл, дәмі 3 балл, түсі 350, лайлануы 2,5 мг/л.
- •51.Өзеннен алған судың микробиологиялық көрсеткіштері: омч – 1100, коли индексі - 5. Судың микробиологиялық көрсеткіштері бойынша эпидемиологиялық қауіпсіздігін бағалаңыз.
- •57. Ауылды жерде ауыз су құрамындағы нитраттар мөлшері 90 мг/л (2 пдк). Ауыл тұрғындары қандай ауруларға шалдығуы мүмкін екенін болжаңыз.
- •58.Газды хроматаграфиялық əдіспен жануарлар ұлппалардан фенилпиразолын анықтауды көрсетіңіз
- •59.Газды хроматаграфиялық əдіспен өсімдіктерден фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
- •60. Газды хроматаграфиялық əдіспен топырақтан фенилпиразолды анықтауды көрсетіңіз.
18. Гидросфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады. [1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
Ағында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді.
Механикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.
Химиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады.
Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып,
тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.
Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. [4]
Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.
Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.
19.Техногенді ластануларға өсімдіктердің тұрақтылығын анықтаудың тест-жүйесін келтіріңіз.
Әрбір биоценоздың негізгі құрам бөлігі - өсімдік. Табиғи фитоценоздарда кездесетін өсімдіктердің қазіргі кездегі ішкі құрылымын зерттеу – өсімдіктердің табиғи және техногенді әсерлерден өзгерген қоршаған ортамен өзара әрекеттесу механизмін түсіндіреді. Өсімдіктер мүшелерінің анатомиялық құрылысын қоршаған ортаның әртүрлі экологиялық жағдайында өсімдіктер төзімділігінің қосымша көрсеткіш ретінде пайдалануға болады. Топырақтың радионуклидтермен ластануы жағдайында өсімдіктердің анатомиялық көрсеткіштерін фитоиндикацияға пайдалануға болады. Техногенді қалдықтармен ластанған жерде металдар жинақталып, осы жерде дифференциацияланады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге техногенді ластанулардың әртүрлі әсер етуі топырақ микроағзаларының ассоциациясының өзгеруіне және олардың қатысатын биохимиялық процестерінің өзгеруіне әкеліп соғады. Өсімдіктер топырақтың құрамындағы органикалық заттарды өсімдіктің сіңіруіне қолайлы жағдайына дейін жеткізеді.