Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Praktikum_shpor (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
695.81 Кб
Скачать

17. Атмосфераның ластануын анықтайтын физикалық және химиялық әдістерге сипаттама беріп айырмашылығын түсіндіріңіз.

Атмосфераның ауа қосылысын анықтауға алынатын сынамасын іріктеуді жер бетінен 1,5-3,5 м биіктікте алынады..

Ауаның құрамын бір реттік анықтауға алынатын сынаманы іріктеу уақыт 20-30 минут. Зиянды заттардың күндік концентрациясын анықтауда сынама іріктеу уақыты тоқтаусыз - 24 сағат, ал толық бағдарламаны қадағалау белгілі бір уақытта әр бір 20-30 минут сайын тексеріледі.

Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру. 

Санитарлық және маршруттық постарда ауаның құрамын тіркеу мен сынама іріктеуде ауа-райы, желдің бағыты мен жылдамдығы, ауаның температурасы мен ылғалдылығы, факельді бақылауда - желдің жылдамдығы мен бағытын тексереді. Метерологиялык тексеру - 10минутқа созылады.

Іріктеу сынамасының режимі.

Атмосферадағы көптеген зиянды қосылыстардың концентрациясын анықтауда зертханалық әдістер қолданылады. Сынама аспирация жолымен жасалады. Ол үшін белгілі атмосфералық ауаның көлемінен заттарды ұстаушы сұйық немесе қатты сорбентпен жабдықталған  немесе аэрозольдарды ұстаушы аэрозольды фильтрмен жабдықталған сору құралы сорып алады. Анықталушы қосылыстар үлкен көлемде ауадан сорбент пен фильтрде кіші көлемде топталады. Сынама көлемі, сору құралында ауаның жұмсалу  есебі, аспирация уақыты, сору құралы мен фильтрлердің түрлері анықталушы затқа байланысты болады .                               

Өлшеу құралдары мен әдістері.

Атмосфераның ластануын қадағалауда зертханада физикалық-химиялық және физикалық әдістер: фотоколориметрии, атомдық- абсорбциялық спектрофотомерия, газды хроматография пайдаланылады.

Жүргізілген әдістердің көп бөлігі органикалық емес заттар  мен кейбір органикалық заттар, олардың химиялық қайта түрленуіне кезінде боялуы мен ерітіндінің оптикалық тығыздығы фотометр әдісімен талдау қолданылады. Таңдаулы  химиялық реакциялардың толық санының көптігі, қарапайымдылығы, түсініктілігі мен өнімділігінің болуы  бұл әдісті ауадан іріктеліп алынған талдаудың анализдер сериясын  жүргізуде кеңінен қолдану үшін қолайлы.

Жарық толқынының қажетті  ұзындығына дейін нақты келтіру мүмкіндігі, сәйкесінше онша жоғары емес баға,  онша үлкен емес масса мен габриттер КФК-3 фотометрімен сәтті сәйкес келеді. Бұл құрылғы  сонымен қатар квета ағынына ие және дисплейге немесе баспа құралына концентрация өлшемімен өлшеу нәтижесін шығаруға мүмкіндік береді.

Өлшемдер  нәтижелері мен олардың аналитикалық  талдауларын бас мекемеге  рұқсат алу үшін жіберіп отыру керек. Өлшеу құралдары  кешенді  зертханаларда, маршруттарда және  факледік постыларда орналастырылады. Проба іріктеу үшін электроаспираторлар не ауа таңдағыштар қолданылады.

Қоспаның  концентрациясын  келешекте айқындау мақсатында жұтқыш приборлар ауаның бір реттік пробасын іріктеу үшін 822 және ЭА-1 моделді  электроаспираторлар қолданылады немесе ауаның бір реттік пробасын циклдік іріктеу үшін «Компонент» ауа таңдағышын қолданады.

Казіргі техниканың қарыштап өсу заманында 20 секундқа дейін өлшейтін жаңа приборлар шығарылуда, мұнда НПО «Прибор» шығарған ГАНК-4АР приборы бір реттік анықтауға алынатын сынамаға қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]