Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
POLIT_WWPORY.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
185.18 Кб
Скачать

27 Саяси социализацияның негізгі анықтамасы мен кезеңдерін сипаттаңыз

Саяси социализация – жеке адамның қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруіне қажет белгілі бір ілімдер, ережелер мен құндылықтар жүйесін меңгеру процесі жеке тұлғаның саясаттың субъектісі ретінде қалыптасуы, саяси социализациялануы адамның біртіндеп жан жақты әлеуметтік өсіп жетілуімен қабаттас жүреді. Нақтырақ айтар болсақ жеке адамның саяси социализациялануы оның саяси сахнаға шығуы. Саясатқа араласып өзінің саяси көзқарастарын шыңдауы. Жеке тұлғаны саяси социализациялау негізгі екі бағытта жүзеге асырылады: ол өсіп келе жатқан жас буынға алдыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін беру арқылы; ол жеке тұлғаның бұрын мәлім болмаған саяси ілімдердің жаңа әдістерін меңгеруі. Саяси социализациялау процесіне ықпал етуші факторлар аз емес. Олардың қанша тиімді екендіктері, сол нақты тарихи жағдайлардағы саяси күштердің арасалмағына байланысты. Социализациялау нәтижесінде белгілі бір саяси тұлға қалыптасады.

Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді., толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылым тілінде саяси әлеуметтену дейді. XX ғасырдың 50-60 жылдарында Америка әлеуметтанушылары және саясаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің жаңа саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс әрекет етуге қолайлы жағдай жасау;Саяси мәдениеттің элеметтерін өзгерту;Кезеңдеріне келетін болсақ алғашқы саяси әлеуметтену отбасынан басталады. Бала биліктің не екенін түсінеді. Үйде әкесі немесе шешесі, балабақшада тәрбиеші, мектепте мұғалім арқылы әлеуметтенеді.Одан кейінгі кезең 16-40 жас аралығы. Осы кезден адам сайлауға қатыса алады, азамат атанады, іс әрекетіне толық жауап береді. Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жастарда. Адамдардың саяси іс әрекетіне өмір тәжірибесі, балалары мен немерелері, тұрақты көзқарастары әсер етеді. Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі.

28 Саяси идеологияның теориялық-әдістемелік негіздерін анықтап кетіңіз

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі – саяси идеология. «идеология» гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке жранцуз ғалымы, философы А.Дестют де Траси кіргізді. Идеология әртүрлі – саяси, құқықтық, этикалыұ, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен қатар, қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір аадамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекеттә бағыттайды. Қоғам өмәрәнде идеология маңызды родді атқарады:

Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді;

Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік т.б негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыи бағдар көрсетеді;

Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекеттерді түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалдыұ, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық, т.б болып бөлінеді. Идеалогияны тудыратын объективтердің маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеалогияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдылығы азаяды. Идеалогияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттың құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, соғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, ғылымға жақын келеді. Жүйеленген түрінде саяси идеалогия партия бағдарламаларында, декларацмяларында, манифестерінде, жарғыларында, түрлі насихат құжаттарда қалыптасады, саяси идеалогия бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейне жазу, дыбысжазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Саяси идеалогия саяси қатынастар саласында олардың іс әрекетіне бағыт бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]